2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 02:41, курсовая работа

Описание работы

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз.

Содержание

І. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
5-9
1.1. «Сөйлеу» сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде 5
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері 5-6
1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру
6-7
1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері 7-9

II. Үйрету кезеңдері
10-12
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы 10
2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы 10-11
2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы 11-12
ІІІ. Практикалық бөлім

13-15
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.docx

— 53.80 Кб (Скачать)
  • order - something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
  • order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)
  • give an order to do something (to stand up, to stay after classes)
 

Сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас кезінде  лексикалық сөздік қорларына қатысты  құралдарды таңдап алу  мына жағдайларды  іске асырады:

  • күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер, мысалы good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in.
  • сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту, мысалы my name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып, my түрін his, her немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады.

Шет тілін  оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап  алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу тыңдау, оқу және жазумен тығыз байланысты. Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты, яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты, мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.  

1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері

     Сөйлеу  монологтық және диалогтық түрде  жүзеге асырылады. Яғни, ол әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде, методикалық мақсатта жүзеге асады. Монологтық сөйлеуге ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Монологтық сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз,оқушылар қайда оқимыз,бүгін қай күн деген сөздерді, апта күндерін немесе күздің сипаттамасын ағылшынша жеткізе алу қажет. Монологтық сөйлеуді үйретудің бірліктері сөйлемдер, сөйлемдік бірліктер және байланысқан мәтіндер бола алады, мысалы This is a pen. It's on the table. Монологтық формада сөйлеу өз тілінде де, шет тілінде де қиындық туғызады. Ол не айту керек әрі қалай айту керек және т.б байланысты. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір  мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.    2-ші сыныптық кезеңдерде оқушыларға мәтінді тез есте сақтап, түсініп айту үшін көмек ретінде құрылымдық «қаңқаны»  тірек етіп алуға болады. «Қаңқаны» кодоскоп арқылы экранға шығаруға немесе тақтаға, карточкаларға жазып қоюға болады. Мысалы, аттың суретін көрсету арқылы мұғалім оқушыларға келесі құрылымдық «қаңқаны» ұсынады: This is a ..., It's a domestic .... It's ..., It lives on .. , It eats .... It drinks .... I like ... very much. Сөйтіп оқушы тиісті суретке қарай отырып,ат туралы айта бастайды. Ал 3-ші сыныптық кезеңдерде оқушылардан тыңдалған немесе оқылған әңгіме арқылы , оның негізгі мазмұнын бірнеше сөйлем арқылы беру талап етіледі.

Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін (conversational formulas) және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы,сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы «Is it tuesday today?» деген сұраққа «Үes,it is!» немесе «Yes it is already tuesday today» деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. «Yes ,it is an English book or Russian one?» сұрағына «Іt is a Russian one» немесе « a Russian one» деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз: What is red? The flower is; Who will go to the cinema? My brother will. 2-3 сыныптарда сөйлеудің диалогтық формасында әңгімелесушіні қарсылау, онымен қоштасу, біреуге біреуді таныстыру, бір нәрсені істеуге келісіміңді білдіру немесе білдірмеу, мейраммен құттықтау, қуанышыңды немесе наразылығыңды білдіру және т.б ерекшеліктерге көңіл бөлінеді. Диалогтық сөйлеуге үйретудің негізі диалогтық бірліктер.Олар:

    • сұрақ-жауап: Is our classroom large? — Yes, it is.
    • сұрақ- сұрақ: Is it your pen? — Why do you ask me?
    • нақтылау-сұрақ:I want to know English.— What for?
    • нақтылау- нақтылау:This is a box of sweets for you.— Oh, thank you, I like sweets very much.

 Ағылшын  тілін оқытудың алғашқы жылдарында  оқушылар сөйлеуге ұмытылады.  Тіпті оқушылардың лексикалық  сөздік қорлары минималды дәрежеде  болса да, олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне бастайды. Ал екінші жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т.б сияқты талаптар қойылады; тілдік бағдарламалық материалдың шегінде оқу жағдайына сәйкес, әңгімелесушілердің  сөзі кем дегенде 3 сөйлемнен кем болмауы керек. Монологтық сөйлеуге келетін болсақ, олардан алдын-ала дайындықсыз оқу жағдайына сәйкес әрі тілдік бағдарламаның материалы шегінде сөз көлемі 5 сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың үшінші жылында диалогтық сөйлеу кезінде сұрақ пен жауап, ұсыныс пен  бұйыруды қолдана отырып, әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек. Ол тікелей тілдік  бағдарламалық материалмен қатысты болып және де  ол 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Ал монологтық сөйлеуге талаптар күшейіп күрделенеді және көлемі 7 сөйлемге дейін  жоғарылайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Үйрету кезеңдері 

2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы

     Сөйлеудің қалыптасуы жаттығулар жасау негізінде  жүзеге асады. Сөйлеуді үйретудің бір  тәсілі ретінде қарап көрейік. 2-3 сыныптарда ағылшын тілін үйрету тілдік бірліктер, тілдік үлгілер және құрылымдарда жүргізілгенде, айтылу дағдылары көрсетілген бірліктерде жүргізіледі. Мысалы, My name is ... деген сөйлеу үлгісін оқушылар түсінікті болатындай етіп айту керек. Бұл фраза [m, n, z, аі, еі, i] ағылшын дыбыстарынан, екпінді және екпінсіз элементтер мен интонациялық суреттен құралады.  Дыбыстардың молшылығына қарамастан, бұл фраза оқушылар үшін айтуға оңай.  Интонацияны балалар мұғалімге еліктеу арқылы игереді. Оқушыларды ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айтуға үйрету үшін, олардың әрқайсысына 1-ші сабақтан бастап көңіл бөліп, игерілетін материалдың айтылуында хор немесе жеке формада жаттықтыруға болады. Хор бойынша айтқан кезде мұғалімнің оқушыларды ести алатындай қабілеті болу керек. Хор бойынша жаттықтырғанда әр оқушының белсене қатысқаны дұрыс. Алайда жеке формада жаттықтыруды да ұмытпау керек. Сабақта алдымен жақсы білетіндерді  шақырып алып, олардың айтуы арқылы  әлсіз оқушыларға үлгіні тағы бір естуге мүмкіндік беру қажет. Жаңа материалдарды арнайы фонетикалық жаттығулар арқылы игерген дұрыс.  Бұл жаттығудың материалы дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және тұтас ұйқастар бола алады. Фонетикалық жаттығуды мұғалімнің өз дауысы арқылы да, дыбыстық жазулар арқылыда жүргізуге болады. Дыбыстық жазулар арқылы оқушыларды материалды тыңдауға, естуге және оны дұрыс жеткізуге дағдыландырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың дыбыстық жазумен деген дағдылары көбейеді. Ал үлгерімі төмен оқушылар дыбыстық жазумен мұғалімнің көмегі арқылы жеке тапсырмалар орындауларына болады. Мұғалім оқушылардың сөзді айтқанда неден қате жіберетінін байқап, оларды дұрыс жөндеу қажет. Мысалы, оқушы The tiger eats meat сөйлемінде eats сөзіндегі ұзақ [і:] деп  айтудың  орнына  қысқа  [i] деп жауап берсе, сөйлем мәнсіз болып қалады. Бұл жағдайда дауыстылардың ұзақтылығына мән берген  жөн. Егер де мұғалім ағылшын тілінде жақсы сөйлеп, соның арқасында оқушылардың фонетикалық есту, өз-өзін бақылау, өз-өзін дұрыстау қабілеттерін қалыптастырып, сабақ кезінде дыбыстық жазулар қолданып және оқушылардың онымен сабақ кезінде, сабақтан соң немесе үйде жұмыс істеуге үйретсе, онда бұл оқушыларға әжептәуір жуықталған дұрыс сөйлеумен қамтамасыз  етеді. 
 

2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы

      Оқушылардың лексикамен танысуы тыңдау арқылы жүзеге асады. Оқушылар  сөзді тыңдап, олардың  қалай дыбысталатынын және қандай мағына беретінін, қандай сөзбен тіркесетінін меңгереді. Оқушылардың сөзді меңгеруге  жаттығулары сөйлеу арқылы жүзеге асады. Жаттығу мұғалімнің немесе диктордың сөзді айтуымен басталады. Сөзде жаңа дыбыстар болса ең алдымен осы қиындық шешіледі, ал егер болмаса балалар сөзді 2-3 рет хормен және жеке қайталайды. Әр оқушының меңгерілетін сөзді дұрыс айтуына көңіл бөліну керек. Сөздің көп қайталанып айтылуы, оқушылардың сөздік қорының көбеюі мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына, керек сөзді сөйлеуде қолдануға мүмкіндік береді. Жаттығулардың саны сөздердің қиыншылықтарына қарай анықталады. Кей жағдайларда мұғалімдер сөздің оқушыға қаншалықты қиын екеніне көңіл бөлмей, әр түрлі қиыншылықтағы сөздерді үйретуде бірдей уақыт жұмсайды. Жаңа сөз тіркестерін құрудағы лексикалық дағдылардың қалыптасуы өте маңызды. Оқушылар ағылшын тілінің ережелеріне сәйкес сөздерді тіркестіріп білу керек. Бұндай жаттығулар өте пайдалы әрі мұғалімнің бақылауы арқылы жүргізіледі. Мысалы, good weather - fine weather, strong rain (snow) - heavy rain (snow). Лексикалық ауыстыру есте қалған сөзді таңдап алумен және оны сөйлеу тізбегіне қосумен байланысты. Мысалы, оқушыларға what we eat тақырыбында сөйлеуге тапсырма берілді. Оларға үлгі беріледі : We eat pears.

     P1 – We eat apples.

     P2 – We eat plums.

     P3 – We eat cucumbers.

     P4 – We eat potatoes.

     P5 – We eat bread.

     P6 – We eat bread and butter.

     P7 – We eat meat.

     P8 – We eat fish.

Бұндай  тапсырма оқушыларға  «Тамақ» тақырыбындағы  сөздерді естеріне түсінуге мүмкіндік  береді. Лексикалық бірлесуде оқушыларға белгілі бір тақырыпта меңгерілген  сөздің басқа бір тақырыптағы  сөзбен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Мысалы, жеміс-жидектердің атымен оқушылар жыл мезгілдері тақырыбында,әсіресе күзді сиппаттауда танысады. Бұл сөздерді оқушылар екінші бір тақырыппен бірлестіре отырып қолдана алады, мысалы,тамақ туралы айтқанда, сауда-саттық, үйге қалай көмектеседі немесе саяхатқа шығарда не алып шығады және т.б. Лексикалық дағдының қалыптасуында орындалатын жаттығудың нақтылығы мен дұрыстығы қадағаланады. 
 

2.3. Грамматикалық дағдылардың  қалыптасуы

      Грамматика  жағынан жаттығуларды ұйымдастыру  барысында мұғалімнің  материалға, оның  қиыншылықтарына қарай, әртүрлі  жағдайда қараған жөн. Жаттығу кәдімгі  қайта өңдеуден бастау алады. Қайта  өңдеу тілдік бірліктің хор ретінде  айтылуы негізінде жүзеге асады. Хор бойынша айту біріншіден, оқушылардың  барлығының көңілін бірден аударады; екіншіден, өз-өзіне сенімді емес оқушылардың қорқынышын жеңеді; үшіншіден, мұғалімге әр оқушының тілдік бірлікті айтуындағы дәлсіздіктерді естуге көмектеседі. Хормен 2-3 рет қайталап айтуға болады, одан кейін жеке-жеке  қайталау жүреді. Мысалы, мұғалім I live in Astana сөйлем үлгісін айтады,  оқушылар хормен оны 1-2 рет қайталайды. Кейін жақсы оқитын оқушыға қарап, тағы қайталайды: I live in Astana. And you,Ainur? Аталған оқушы үлгіні айтады. Басқа оқушыға қарап,  And you, Dina? Оқушы жауап беруге қиналса, мұғалім үлгіні қайталау арқылы оған көмектеседі. I live in Astana. And you, Dina? Грамматикалық қайта өңдеуден кейін, грамматикалық ауыстыру жүреді. Грамматикалық ауыстыру кезінде оқушы үлгінің грамматикалық құрылымын есте сақтап, оны қай элементке ауыстыру керек екенін ескеріп, мұғалімнің айтқан сөзін есіне сақтай отырып, жаңа мазмұндағы үлгіні айтады. Жаттықтыру кезінде үлгі сөздердің орнына суреттерді де қолдануға болады. Мысалы, мұғалім балаларға «армандауды»  ұсынадыда, тақтаға иттің суретін іліп, This is for you , Fariza, - дейді.Өз кезегінде Фариза : I have a dog, деп сыныпқа хабарлайды. Осылай әрі қарай қайталана береді. Сондай-ақ грамматикалық ауыстыру жаттығулары грамматикалық кеңейту жаттығуларымен үйлеседі. Грамматикалық кеңейту оқушыларға көп айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, I like to read books. I like to read interesting books . I like to read books in our school library. Сөйлеу үшін трансформация немесе ауысу өте қиын әрі өте маңызды болып табылады. Трансформация жаттығулары грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Трансформация интеллектуалдық белсенділікті қажет етеді. Мысалы, мұғалім үстелге бір кітап қояды да, There is a book on the desk дейді. Кейін тағы да екі-үш кітап қойып, There are books on the desk дейді.Бұл мысал арқылы оқушылар зат есімнің көпше және жекеше түрін, артикльдің қай жағдайда қолданылады,қай жағдайда қолданылмайды, етістіктің зат есіммен тіркесе отырып жекеше түрден көпше түрге өтетінін меңгереді. Грамматикалық бірлесу грамматикалық дағдыны қалыптастыруда өте маңызды. Мысалы, оқушыларға үлгіні тыңдатып,осыған ұқсас өз ойларынан жаңа үлгі құрдыртуға болады.

     Т: This is a pen. It's blue. It's on the desk.

     P1: This is a book. It's thick. It's on the table.

     Р2: This is a bag. It's brown. It's on the desk. Etc.

Осы мысал  бөлек игерілген грамматикалық  құрылымдардың логикалық байланысқан  пікірге бірігетінін көрсетеді. Грамматикалық  дағдының қалыптасуында  да орындалатын жаттығудың нақтылығы  мен дұрыстығы қадағаланады.

  
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ. Практикалық бөлім

      Бастауыш  сыныптарда балаларға тапсырмалар, оларды шаршатпайтындай етіп, ойын формасында беріледі. 2-3 сыныптық кезеңдерде оқушылар шет тілі орфографиясымен енді танысып бастайды. Ойын арқылы тұрмыстық қарым-қатынаста сөздер үйренеді. Бұл кезеңде көрнекі материалдарды көптеп қолдануға тырысу керек. Мұғалімнің айтқанын қайталау, оған еліктеу орын алады.Осы жастағы балаларды оқуға мотивациялау мақсатында балаларға арналған аутентикалық шығармаларды қолдануға болады. Оқыту оқиға желісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар қиялдың дамуына септігін тигізіп, сабақта өтілген нәрсені меңгеруге көмектеседі. Балаға заттардың суретін салып бітіруге, ұйқастар ойлап табуға, тығылып тұрған ойыншықтарды табуға және т.б істеуге тура келеді. Есте сақтауға арналған өлеңдер мен санамақтар, ұйқастар сөздерден және сөйлемдерден құралған. Шет тілін ерте жастан бастап оқыту баланың жан-жақты дамытады. Оның есі, зейінділігі,  байқағыштық қасиеті жақсарады.

 

Ауызша  сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар кешені  

1-жаттығу

Мақсаты: оқытылатын тілмен танысу

Міндеттер: Балаларды оқытылатын тілдің елімен таныстыру, мысалы Англияның мәдениетімен, жазушыларының шығармашылығымен таныстыру  арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.

Балалармен  ағылшын тілінде амандасып,танысыңыз,олармен  шет тілде сөйлесудің қызықты  әрі маңызды екені туралы әңгімелесіңіз, мысалы,  ағылшын тілін үйреніп, олар ағылшын тілінде сөйлейтін  елдердегі құрдастарымен сөйлесе  алады, ағылшын жазушыларының кітаптарын оқып, мультфильмдерді аудармасыз қарай  алады. Балаларға ағылшын тілінде  сөйлейтін елдер туралы айтыңыз. Оларға ағылшын кітаптары мен  мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді  естеріне түсіруге көмектесіңіз. Ағылшын  тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту керектігіне көңілдерін аударыңыз. Бірнеше ағылшын тіліндегі сөздерді тыңдатуға да болады. Олармен ағылшынша  қоштасып, келесі сабақта кейбір қалған дыбыстарды қалай айту керектігін және  «менің атым» фразасын қалай құруға болатындығы туралы білетіндерін айтыңыз. 

Информация о работе 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету