Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)
  • Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы
    1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?
    2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?
    3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.
    4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?
  • Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны
  1. Біздің мемлекетімізде құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік бар ма?
  2. Қандай құқық қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз? Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты неде?
  3. Өкіметтік емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым жайында мәліметтер бар ма?
  4. Мұндай ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауына болады ма?
  5. Жаңа құқық қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?
  6. Өкіметтік емес ұйымдар қоғамда адамның құқықтарының кез келген бұзылуына шыдамдылық танытпау керектігін  қалыптастыра алды ма?

 

ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі
  1. Нашақорлық пен СПИД: қаншалықты қауіпті.
  1. Мемлекет қандай шаралар қолдануда?
  2. Жастар ұйымдары не жасай алады?
  3. Жағымды өзгерістер болып жатыр ма?
  • Мемлекет және жастар: алыстық немесе достастық?
    1. Республика жастарының негізгі мәселелері қандай?
    2. Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе?
    3. Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?
    4. Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?
    5. Бұл саясат қаншалықты тиімді?
    6. Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба?
    7. Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе?
  • Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі
    1. Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?
    2. Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма?
    3. Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері.
    4. Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма?
    5. Кейбіреулер жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе?
    6. Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады?

ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР

      1. Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.
      2. ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.
      3. Жаңа діндер мен секталардың таралуы.
      4. Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері.
      5. Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады?
      6. Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе?
      7. Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?
      8. Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?

 

  1. Тақырыптық презентациялар, жобалар

Презентация мен жоба бойынша жұмыс  істеуде қажет біліктер:

  • әртүрлі ақпараттардан керектіні, негізгіні таба білу;
  • мәліметтерді салыстыру және жинақтай білу;
  • деректерге сыни сараптама  жасау және фактіден субъективті пікірді ажырата білу;
  • логикалық ойлай білу;
  • қорытынды жасай білу;

Бұл жұмыс түрінде тек ауызша сөз сөйлеу ғана емес, сонымен бірге, қабырға газеттерін, пресс-релиз, аудио-видео  құрылғылар, значоктар, рәміздер қолдануға  болады

«Біздің заңдық жобамыз» атты презентация

Нұсқалар: елдің конституциясын, партия жарғысын, университет жалауын, қала таңбасын, топтың заңын немесе әнұранын жасау. Бұл жағдайда егер тақырып рәміздерге байланысты болса, онда оның суретін ғана көрсетпейді, сонымен бірге оның идеясын, мазмұнын да ашу қажет. Егер конституция жасау керек болса алдына ала оның көлемін анықтау қажет. Немесе белгілі бір тақырыпқа байланысты оның тек бір бөлімін ғана қысқаша түрде жасауға болады.

«Сайлау алдындағы бағдарлама»  атты жоба

Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне болады. Мәселені көтергенде оның шешілу жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

Осы тақырыптағы жобамен қатар келесі тақырыптарды да таңдауға болады, бұл топтың жеке дайындығы мен таңдауына байланысты: «Саясаткермен кезедсу», «Біздің президент қандай болу қажет?», «Сот отырысы», «Парламент отырысы», «Министрлер кеңесі».

6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс

Бұл жұмыс түрінің негізгі мақсаты, студенттердің бойында аналитикалық қабілеттің қалыптасуын қадағалау. Бұл жұмыс ерекше дайындықты қажет  етеді. Құжаттың немесе әдебиеттің ерекшелігін  таба білу қажет.

Заңдық құжаттармен (заң, декларация, конституция және т.б.) жұмыс жасағанда келесі сұрақтарға жауап бересіз?

    1. Бұл құжат қандай тарихи жағдайда қабылданды?
    2. Құжаттың жазылу тарихи туралы не білесіз? Авторлары кімдер?
    3. Қоғамның қай саласына қатысты жазылған?
    4. Құжаттың ерекшелігі, жазылу стилі туралы не айта аласыз?
    5. Қандай идеяны, позицияны ұстанады? Осы құжат негізінде оны жазғандардың сенімдері туралы не айтуға болады?
    6. Бұл құжат тарихта қандай рөл ойнады?
    7. Бұл құжаттың қазіргі таңдағы маңызы туралы не айта аласыз?

Көркем әдебиеттермен жұмыс жасау: Бұл әдебиеттің ерекшелігі авторлар көбіне айтқысы келген жеке ойларын астыртын кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы, сөздері арқылы, қандай да оқиға арқылы жеткізеді. Сондықтан негізгі міндет автордың ойын кейіпкердің ойынан ажырата білу немесе осы әдеби шығарма арқылы автордың ойын анықтай білу қажет. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

      1. Қандай тарихи оқиғалар шығарманың негізін құрады?
      2. Неліктен автор тек осы оқиғаларды алды?
      3. Оқиғаларды баяндай отырып автор қандай көзқарасты ұстанады?
      4. Қай кейіпкерлер автордың позициясына жақын?
      5. Қаншалықты автордың айтар ойы бұгінгі күнде маңызды?
      6. Егер бұл оқиға қазіргі кезде болған болса сіз қалай аяқтар едіңіз?

 

1.9. ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖОБАЛАР – жазылмайды.

 

1.10. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК  ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

 

1. Қазақстанда саясаттанудың кеш  оқытыла бастауының себебін көрсетіңіз.

2. Гуманитарлық емес мамандықтарда  саясаттанудың оқытылу маңыздылығын  түсіндіріңіз.

3. Кесте әзірлеу. «Саясат туралы  анықтамалар»

Анықтама

Авторы

     

4. Кесте әзірлеу. «Саясаттану әдістері»

Әдістің аталуы

Негізгі мазмұны

     

5. Саясаттың деңгейлері бойынша  Қазақстандағы саясатты салыстырып  көріңіз.

6. Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың  даму кезеңдері»

Уақыты

Ойшыл

Негізгі идеясы

Еңбектері

       

7. Саяси ойдың даму кезеңдеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыз.

8. Ұлылардан қалған нақыл сөздер  тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

9. Саясаттанудың ғылым ретінде  қалыптасуына әсер еткен ойшылдар  кімдер?

10. Саяси билік тұжырымдамаларына  байланысты кесте жасаңыз.

11. Саяси билік ресурстарының  маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.

12. Билік деген ұғымға өзіндік  анықтама беріп көріңіз.

13. Билік пен адамгершілік принциптердің  ара қатынасына назар аударыңыз.

14. Билікті жүзеге асыру формаларын  атаңыз.

15. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екендігін дәлелдеп беріңіз.

16. «Адамның әділеттілікке жақындығы  демократияны мүмкін етеді, ал  оның  әділетсіздікке жақындығы  демократияны қажет етеді» деген  ойға өз түсінігіңізді беріңіз.

17. Авторитаризмнің қазіргі Қазақстанда алатын орны.

 

18. Кесте толтырыңыз. «Саяси режимдер»

Саяси режимдер

Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

     

19. Демократия туралы ежелгі  ойшылдардың көзқарастарын есіңізге  түсіріңіз.

20. «Демократия тек Батысқа тән  құбылыс па, жоқ әлде, барлық мемлекеттердің даму жолы ма?» атты пікір-таласқа дайындалыңыз.

21. Демократиядағы мемлекеттік  биліктің жүзеге асуындағы ерекшеліктерді  атаңыз.

22. Демократияның түрлеріне және  тұжырымдамаларына қатысты кесте  толтырыңыз.

23. Саяси жүйенің «кірісі» мен  «шығысы» арасындағы өзара байланысқа мысалдар келтіріңіз.

24. Саяси жүйе, саяси билік ұғымдарының  арасындағы ұқсастық мен айырмашылықты  табыңыз.

25. Саяси тұрақтылық дегеніміз  не? Оның түрлері.

26. Саяси тұрақсыздықты қалай  анықтауға болады? Біздің қоғамымызда  оның белгілері кездеседі ме?

27. Мемлекет деген ұғымға анықтама  беріңіз. Ең алғаш бұл ұғым  қай ойшылдың еңбегінде кездеседі?

28. Мемлекеттің басты белгілеріне  нені жатқызасыз? Олардың әр қайсысының  маңыздылығын атап көрсетіңіз.

29. Мемлекеттің түрлеріне қатысты,  барлық критерийлерді ескере отырып кесте жасап, оны толтырыңыз.

30. Қазақстан осы жіктеу бойынша  қандай мемлекет түрлеріне жатады?

31. Билік пен азаматтық қоғам  арасындағы байланыстың күрделілігі.

32. Азаматтық қоғамның негізгі  белгілері.

33. Азаматтық қоғам неліктен мемлекеттік биліктен тәуелсіз болуы шарт?

34. Азаматтық қоғам мен құқықтық  мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас  ерекшелігі.

35. Сіз өзіңізге қатысты барлық  құқықтарыңызды білесіз бе?

36. Саяси дау-жанжал, шиеленіс, дағдарыс  ұғымдарына анықтама беріңіз.

37. Мәмілелік дегеніміз не? Неге  оны қазақ ұлтының менталитетімен  байланыстырамыз?

38. Дау-жанжалды шешу жолдарына  мысал келтіріңіз.

39. Дау-жанжалды позитивті құбылыс  ретінде дәлелдеп беріңіз.

40. Партияның пайда болуы, негізгі  кезеңдері.

41. Саяси партияны азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде дәлелдеп беріңіз.

42. ҚР-ның партия туралы заңы  бойынша азаматтан оның қай  партия мүшесі екенін сұрауға  құқығыңыз бар ма? Оның сізге  жауап бермеуге ше?

43. Сайлау жүйесі мен саяси  партиялардың арасындағы байланысты атаңыз.

44. Сайлау жүйесінің түрлеріне  қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

45. Саяси элитаның тұжырымдамаларына  қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

46. Қазақстандағы саяси элитаны  бағалауға тырысып көріңіз. Бізде  саяси элитаға ену қандай жолдармен жүзеге асады?

47. Саяси көсем, көсемділік ұғымдарына  анықтама беріңіз.

48. Сіздің ойыңызша қазіргі кезде  саяси көсем болу үшін қандай  қасиеттерді меңгеру қажет?

49. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына  анықтама беріңіз.

50. Әлеуметтік теңсіздік немесе әлеуметтік жіктелу туралы не білесіз.

51. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы  жаңа топтар туралы не айта  аласыз?

Информация о работе Саясаттану пәні