ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 15:02, курсовая работа

Описание работы

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 42.46 Кб (Скачать)

    Форфейтинг  операциясы – форфейтордың, яғни  коммерциялық банктің немесе  арнайы компанияның экспортерға  төлеуге тиісті импортердің берген  төлем құжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде  үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III. Экономиканы  және халықты несиелендірудің  операциялары.

3.1 Қорытынды.

Кеңес үкіметі  тұсында Қазақстанның өзінің банктік  жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында  КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. 70 жыл бойы республикадағы несиелік-банктік  қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік  жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып  табылады. Өздерінің қызметтерінде  жаңа талаптар мен міндеттемелерді  жасайды. Айталық клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ал қарыздар беру арқылы қарыз алушыларға деген жаңа талаптары қалыптасады. Нарық экономикада банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық экономикадағы  ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді. Банктік реформаны жүргізудің қажеттігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен; банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдардың арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі. Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк арасындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен нормативтік актілерге байланыты құрылады. Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде қалыптасады. Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және құрылтайшылық болып келеді. Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен  сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады. Олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды  сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың  үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. 

                        Қолданылған әдебиеттер: 

  1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001
  2. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2004
  3. Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007
  4. Ілияс А.Ә.  «Төлем жүйесі: теория және практикасы», Алматы, 2007
  5. Айқын газеті 26.09.2006 [1]
  6. С. С. Сахариев, А. С. Сахариева. «Әлем экономикасы», Астана, 2005
  7. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы,2000
  8. Хамитов Н.Н. «Банк ісі», Алматы, 2006
  9. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит        теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007
  10. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика», Алматы, 2003
  11. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ч.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004
  12. Әубәкіров Я.,Есқалиев М., «Экономика теория негіздері», Алматы, 2004
  13. Мәуленова А.«Экономикалық теория»,Алматы, 2004
  14. Шөлейбай Б. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент», Алматы, 2005
  15. Сахариев Б. «экономикалық теория негіздері», Алматы, 2004
  16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы, 2005
  17. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.С. «Қаржы есебі», Алматы, 1998
  18. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың  кепілі»  Егемен Қазақстан, 2004 ж  11- қараша.
  19. Джемпеисова Г. И., Даулетханова Ж. Д. «Банк ісі», Өскемен, 2006
  20. Мыржақыпова С.Т., Нұрғалиева А.М., Қ.Е.Сақыпова. «Банктік қадағалау және аудит», Алматы, 2001
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым министірлігі

                    "Еуразия" академиясы, "Еуразия"  институты 

                             

                                                                                       Қаржы деканаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары 
 
 
 
 
 

                                                            Орындаған: Муратова Камшат

                                       Тексерген: Оқытушы 

                                                                    Габдулина А.Б 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал 2008.

                                          Жоспары:

  

      Кіріспе..........................................................................................................3

     I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру  құрылымы.

    1.1 Коммерциялық  банктердің жіктелуі.....................................................4

    1.2 Коммерциялық  банктердің қызметі......................................................5

    1.3 Коммерциялық  банктердің операциялары .........................................9

    II.

    2.1 Коммерциялық  банктердің операциялары...........................................14

    2.2 Банктердің  пассивтік операциялары.....................................................14

      2.3 Банктердің активтік операциялары.......................................................20

     III. Экономиканы және халықты несиелендірудің  операциялары

     3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру.........................................25

     3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру  және жүргізу.............26

     3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық  қызметі...........................29

      Қорытынды...................................................................................................31

     Пайдаланған  әдебиеттер...............................................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі