Жж – жер салығының болжамдық
сомасы;
Аж – жер учаскесінің алқабы;
Со - әрбір жер категориясы бойынша орташа
базалық мөлшерлеме;
К - заңнамаға сәйкес жеке
төлеушілер үшін тағайындалған
коэффициент.
Жер салығын жоспарлау келесі
категория бойынша іске асырылады
– а) ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер; ә) елді мекен жерлері; б)
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және
өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы
жерлер.
Бірыңғай жер салығын болжамдау
үшін де декларациялар мәліметтері
пайдаланады. Бұл салықты есептеу
базасы болып жер учаскесінің
бағалау құны табылады, ал оның сомасы
осы бағалау құнға заңнамада бекітілген
мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.
Су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақының болжамдық сомасы
су ресурстары жөніндегі уәкілетті
органдардың мәліметтері негізі
мен төлемақы төленетін объектілер
бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану
түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған
мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі
формуламен есептеледі:
Тс = Сп * С
Салық түсілдерін контингентінің
есеп әдісі келесі кезеңдермен
сипатталады:
- бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
ағымдағы салық түсімдері бойынша барлық
мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органға ұсынады;
- бюджеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган елдің орташа мерзімді әлеуметтік–экономикалық
даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері
негізінде салық түсімдерінің контингенттерін
болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;
- бюджеттік
жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органдар тиісті
аумақ бойынша кірістер шектелімдерін
жоспарлауды іске асырады.
Бюджет кірістерінің шектелімдерін
болжамдау процесінде әрекеттегі
заңнамалық және нормативтік
актілерге енгізілген өзгерістер
мен қосымшаларды есептеу қажет және
түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері
бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық
бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес
болуы тиіс.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер
бойынша ішкі салықтар түсімдерін
болжау. Ішкі немесе жанама салықтар
ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін
немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар
мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай
салықтардың нақты төлеушілері болып
сол тауар немесе қызмет иелері салық
сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі
салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер
жатады.
Қосылған құн салығы түсімдерін
екі вариантпен болжамдау мүмкін.
Бірінші варианттың есебі елдің
орташа мерзімді әлеуметті экономикалық
даму жоспарына сәйкес жалпы
ішкі өнімнің болжамдық көлемі
мен ҚҚС алуының орташа пайызына
негізделеді. Екінші вариантының есебі
ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық
органдарының мәліметтеріне негізделеді.
Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша
есептелген және төленген ҚҚС сомалары
жөніндегі мәліметтер пайдаланады.
Қазақстан Республикасында өндірілген
тауарлар бойынша акциздерді болжамдау
үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың
өндірістік көлемі жөнінде мәліметтер
пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді
әлеуметтік экономикалық даму жоспарының
көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың
әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің
болжамдық сомасы келесі формула арқылы
есептеледі:
Аж = Өк * Са , Аи = Иж * К
Халықаралық сауда және сыртқы
операциялар бойынша салық түсімдерін
болжау. Кедендік баждар, басқа салықтар,
халықаралық сауда мен сыртқы операциялар
бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер
талдауы мен республика аумағында
ағымдағы мерзімде
сыртқы сауда айналысының
атқарылуы, өнімдердің экспорты мен импортталынған
тауарлардың салық салынатын кедендік
құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері
және әрекеттегі кедендік баждар қолданады.
Сонымен қаса, салық және кеден заңнамаларындағы
өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.
Шетке шығаратын тауарлар бойынша
кеден баждарының түсімдерін болжамдау
маңында салық салынатын база ретінде
республика немесе аймақтың орташа мерзімді
әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында
қарастырылған экспорт көлемі алынады.
Қол қойылатын бонус бойынша
түсімдерді болжамдау жер қойнауын
пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара
шарттар негізінде іске асырылады. Коммерциялық
табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау
пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі
өзара шаттар негізінде жасалады.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлесінің болжамдық
түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде
қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің
орташа мөлшерлемесі орнына өзара шартта
тағайындалған өнімдер бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлес мөлшерлемесі пайдаланылады.
Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау
есепті жылда әрбір өзара шарт бойынша
жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі
пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған
таза табыс сомасына байланысты.
Бюджет кірістері салық түсімдерімен
қатар салық емес түсімдер
арқылы қалыптасады. Олардың көбі
қатаң белгіленген мөлшерлеме арқылы
есептелмейді және тұрақты фискалды сипатта
емес. Сондықтан басқа түсімдерге қарағанда,
салық емес түсімдерді жоспарлау мүмкіндігі
төмен, бірақ тәжірибеде олар өткен жылғы
деңгейде болжамдалады. Сондай болжамдау
негізі болып салық емес түсімдердің төлеуін
реттейтін нормативті-құқықты актілер
табылады. Салық емес түсімдерді болжамдау
манңында олардың бірнеше жыл бойы динамика
мәліметтері және болжамды жылға есептелген
тұтынушылық бағалардың индексі мен
теңге курсының өзгерісі пайдаланады.
Бюджетке мемлекеттік баж
түсімдерінің сомасын болжамдауы
олардың өткен жылдардағы түсімдер
динамикасы анықталып, ағымдағы
жылғы түсімдері бағаланып, келесі
жылдағы шамаланған өзгерістерге
коррекциялану арқылы жүргізіледі.
Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтер
атқару үшін түсетінкірістердің
болжамдық сомалары да олардың
динамикасын талдау мен келесі
жылдағы салық салынатын базаның
шамаланған өзгерістеріне түзетілген
ағымдағы жылғы түсімдер көлемінің
негізінде есептеледі. Мұндай кірістерге
мүлікті табыс, жеке кәсіпкердің салық
салынатын табысы, адвокаттар мен жеке
нотариустардың табысы, төлем көзінен
салық салынбайтын басқа табыстар жатады.
Мүлікті табыс жылжымайтын мүлікті, құнды
қағаздарды, қымбат бағалы тастар, металлдар
мен олардың жасалған бұйымдарды, өнер
туындылары мен антиквариаттарды сату
құны мен олады сатып алу құндарының арасындағы
оң айырма арқылы қалыптасады.
Капиталмен жасалған операциядан
түсетін түсімдерді болжау. Капиталмен
жасалған операциядан түсетін түсімдерді
болжамдау осы төлемдерді төлеуді
реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді.
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік
мүлікті,смемлекеттің меншігіндегі материалды
емес активтерді үшін ел мен аймақтардың
орташа мерзімді әлеуметті экономикалық
даму жоспарларының негізінде жасалған
орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік
органдардың болжамдық көрсеткіштері
пайдаланылады.
Мүлік сатудан түсетін түсімдерді
болжамдау олардың бірнеше жылғы
түсімдері келесі жылғы тұтынушылық
бағалардың индексінде түзетілген көлемінің
негізінде іске асырылады. Бұл болжамдаудың
ерекшелігі ол мемлекеттік мекемелер
бойы бекітілген негізгі капиталды қаржыландыру
көздеріне байланысты бөлу. Республикалық
бюджетке осы бюджеттен қаржыландыратын
мекемелердің мемлекеттік мүлігін сатудан
түсетін түсімдер сомасы болжамдалады,
ал облыс бюджетіне облыс бюджетінен қаржыландырылатын
мекемелердің мүлігін сатудан түсетін
түсімдер. Республикалық маңызы бар қала,
астана, аудан және облыстың маңызы бар
қалалар бюджеттеріне негізгі капитал
сатудан түсетін түсімдер болжамы тиісті
бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерінің
мемлекеттің мүлігі мен жер учаскелерін
сатудан алынатын ақшадан есептеледі.
Капиталмен жасалған операциядан
түсетін түсімдерді болжамдаумен
қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің
кірістерінде ресми трансферттердің болжамдық
сомалары көрсетіледі. Бюджет кодексіне
сәйкес республикалық бюджет пен облыс,
республикалық манызы бар қала, астана
бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы
ресми трансферттердің көлемі әрбір
жылға бөлінген үшжылдық мерзімге абсалюттік
сомамен республикалық бюджет жөніндегі
Заңмен,ал облыс пен аудан аралығындағы
ресми трансферттер көлемі облыс маслихаттары
шешімдерімен тағайындалады.
Республикалық бюджеттен бөлінетін
ресми трансферттерінің болжамдық
көлемі мен арнауларын жергілікті бюджеттерге
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік
жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті
органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар
арқылы республикалық бюджеттен түскен
арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар
бойынша бөледі.
Аудан бюджеттерінің түсімдер
көлемінде облыс бюджетінен бөлінген
ресми трансферттер есептеледі,
ал облыс бюджетіне ресми трансферттер
төмен тұрған бюджеттерден де,
республикалық бюджеттен де түседі.
Республикалық бюджет түсімдерінің көлемінде
төменгі бюджеттер мен Ұлттық қордан түсетін
ресми трансферттер есептеледі.
2.3.Қаржылық жоспарлаудың
шетелдік тәжірибесі.
Франция әлемдегі жоғары дамыған
бес мемлекет қатарына кіреді. Франция
ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан
кейінгі төртінші орында.
Экономикада маңызды орынды ғылыми
зерттеулер және ақпараттық қызмет
көрсетулер алады. Франция шетел
инвестицияларын тікелей тарту
бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар
мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми
зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы
қатарлы техникаландырылған өндірісті
тағы басқа маңызды факторларды ерекше
бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына
мемлекеттермен байланыста: Европалық
қауымдастық : 63%( Германия 16%, Ұлыбритания
10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт
бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы
62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия
– Люксенбург 11%).
Бюджет сипаты: кірістер – 210
млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар.
Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320
млрд доллар.
Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны
айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі
салықтық түсімдердің жоғарғы
үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының
жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне
тән ерекшелік – тікелей салық салудың
төмен деңгейі мен жанама салықтардың
жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы
бюджет табыстарының 60% береді, негізінен
бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар
ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің
20% құрайды.Қазіргі кезде Франция үкіметі
салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық
деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар
жасауда.
Францияның қаржы жүйесі өзінің
көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы
бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары,
біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті
қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын
қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел
қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке
9%, әлеуметтік сақтандыру қорына
4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен
4% үлесі тиеді.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік
саясаттарын сипаттайтын қаржы
жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы
мемлекеттік қаржылардың айрықша
бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.
Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы
іс қызметтерге байланысты табыстар
мен шығыстар, инвестициялық шығыстар
мен оларды жабуға бөлінген
арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер
сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі,
егер біріккен бюджеттердің қаражаттары
жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы
бюджеттен бөлінеді.