Каржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 13:01, реферат

Описание работы

Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

Содержание

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
2.1) Қаржылық бақылаудың түсінігі.
2.2) Қаржылық бақылаудың функциялары
2.3) Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері
2.4) Қаржылық бақылаудың элементтері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Работа содержит 1 файл

қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.doc

— 80.50 Кб (Скачать)

    Ревизиялық бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді.  
     Бұл бақылау - басқарылушы объектілердің жұмысын тексеру және бақылап отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді.     Қаржылық бақылау объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді.

 Бақылау жүйесі мынандай элементтерден тұрады:  
а) бақылау субъектісі (кім бақылайды);  
б) бақылау объектісі (кімді бақылайды);  
в) бақылау заты (нені бақылайды);  
г) бақылау принципі;  
д) бақылау әдістемесі (не арқылы бақылайды);  
е) бақылау техникасы мен технологиясы;  
ж) бақылау үдерісі;  
з) бақылау жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;  
и) бақылау қорытындысы мен оған жұмсалған шығын;  
к) бақылау нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект;  
л) бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешім.  
     Тереңдетілген тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктері болу мүмкіндігін болжайды.  
     Басқару үдерісі бақылаудың белгілі бір міндеттерін, түрлерін, әдістемелерін, принциптерін және техникасын жүзеге асыра отырып, басқару субъектілерінің алға қойылған мақсаттарын пайдалы жүзеге асыруға кепіді бағыт береді.  
     Қаржылық бақылаудың салалық қызметі экімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен қатар келіп қалыу мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Нарық  экономикасы жағдайында қаржылық  бақылаудың дамуы шаруашылық  субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады. Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі. Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады. Салық қызметі- бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Өндірістік күштердің өркениетті дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам қатынастары өндіріс үдерістерін басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Ревизиялық бақылау қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде бақылаудың негізгі мәні – шаруашылық жүргізуші объектінің заңдарды сақтауын қадағалау мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні тексергенде оның жүктелген тапсырманы орындалу барысын тексеру үшін жүргізеді. Қаржылық бақылаудың салалық қызметі экімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен қатар келіп қалыу мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.

   Пайдаланылған әдебиет

1) Құлпыбаев  С., Ынтықбаева С.Ж., Мельнтков В.Д.  Қаржы: Оқулық/ - Алматы. Экономика, 2011ж.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Каржылық бақылаудың мәні мен маңызы