Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 13:01, реферат
Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
2.1) Қаржылық бақылаудың түсінігі.
2.2) Қаржылық бақылаудың функциялары
2.3) Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері
2.4) Қаржылық бақылаудың элементтері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
ЖОСПАР
2.1) Қаржылық бақылаудың түсінігі.
2.2) Қаржылық бақылаудың функциялары
2.3) Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері
2.4) Қаржылық бақылаудың элементтері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Нарық экономикасы жағдайында
қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық
субьектідерінің бюджеттік, қарыздық
және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды,
тиімді және мақсатты пайдаланылуына
ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасында мемлекеттік,
қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың
шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың
жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік
– құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі
міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың
тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы,
секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің
өндірістік салаларының өркендеп дамуына
ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік
басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың
әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен
реттеу, қаржылық бақылау органдарының
қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік
болады.
“Қаржылық бақылау және
басқарушылық аудит” ревизиялық – бақылау
органдарының мамандарын даярлауды жақсарту
туралы және INTOSOL, IFAC, ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық
ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын
ескере отырып, әзірленген. Ұсынылған
кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ, Ұлыбритания,
Германия, Франция, Австрия, апония, Финляндия,
Швеция, Италия, Канада тәрізді дамыған
елдердің бюджеттік – қаржылық бақылауының
ілгершіл тәжірибелері пайдаланылған.
Нарықты экономикасының нақтылығында
жүйелі сараптама негізінде қаржылық
бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі
мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды.
Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық,
мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың
нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу
жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының
нысандары, обьектілері,функциялары, мақсаттары
мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері
берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік
кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің
қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік
есептерінің ішкі жағдайларына қаржылық
бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің
әдістемелік негіздері мен тәртіптері
қаралған.
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық
субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау
мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті
мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе
талаптары Президент аппаратының, Парламенттің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін
күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық
бақылау мен мемлекеттік сатып алу,Кендік
бақылау және басқа да тексерістік бақылау
жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық
бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді
қажет етеді.
Аталған оқу құралы қаржылық-
несиелік, инвестициялық, тексеру – бақылау,
мемлекеттік құқықты қорғау органдары
мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға
мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң
және экономикалық жоғары оқу органдары
мен колледждерге, бизнес-мектептерге
арналған.
2.1. Қаржылық бақылаудың түсінігі.
Қаржылық бақылау-қаржы
жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды
құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге
бағытталған ерекше қызметі.
Қаржылық бақылаудың мақсаты
мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге,
қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу
үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржылық бақылаудың құн катигориясын
пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше
саласы ретінде мақсаты және белгілі бір
қолдану аясы бар.
Қаржылық бақылаудың объектісі
болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде
ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары
мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры
нысанында, құру және пайдалану барысындағы
ақшалай, бөлу үдерістері танылады.
Қаржылық бақылау мынадай
тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың
талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім
құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта
бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті
құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, бюджеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың,
басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы
мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану; салықтық бақылау.
Қаржылық бақылаудың міндеттері:
-ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай
табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын
қажетсінуі арасын баланстауға ықпал
ету;
-мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің
толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз
ету;
-қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде
өзіндік құнды төмендету және өнімнің
рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік
резервтерді анықтау;
-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік
мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық
құндылықтардың рационалды жұмсалуына,
сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың
дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;
-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік
актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық
нысандағы кәсіпорындарға салық салу
саласы бойынша сақталуын қамтамасыз
ету;
-кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне,
оның ішінде валюталық операциалар бойынша
белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.
2.2. Қаржылық бақылаудың функциялары
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған
соманың шығындарға сәйкестігін және
мемлекеттік қаражаттардың пайдалану
тиімділігін);
2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік
ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын
тексеру;
3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын
тексеру.
Бюджеттік
бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке
тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары да қамтылады.
Қаржылық бақылаудың жүзеге
асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған
ерекше бақылау органдары құрылады.
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің
звенолары бойынша мемлекеттік бюджет,
ұлттық шаруашылықтың экономикалық және
әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын
бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын
шығындардың мақсаттылығы , заңды және
тиімді түрде мемлекеттік құралдарды
пайдалану бақыланады. Қазақстан Республикасы
Парламенті мыналарды бақылайды:
1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды
үкімет және заңнамалық органдардың үнемді,
ысырапсыз пайдалануын;
2) мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын,
мемлекеттік кәсіпорындардың , мемлекеттік
меншіктің жекешелендіру жұмысын;
3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;
4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса
алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған
кіріс көздерінің пайдалануын.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың
арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне
бағынатын қаржылық бақылау комитеті.
Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде
Қаржылық бақылау комитетінің органдары
болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық
бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық
бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық
бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе.
Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.
- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды
және мекемелерді тексеруді құжаттайды;
-Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы
бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу
шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы
басты мәселе-қаржылық бақылаудағы заңнамалық
база.
1) Салалық министрліктердегі қаржылық
бақылау органдары.Мемлекеттік комиссиялар,
мемлекеттік комитеттер, министрліктер
мен ведомстволар қаржылық бақылауды
арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.
2) Қаржы министрлігі басқаратын қаржы
органдары бюджет қорындағы қаржының
қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін
бақылайды.
Бюджеттік бақылау экономиканың
дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің
максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы
қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді
. Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік
қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.
Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі
тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына
көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік
жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша
дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар
мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті
бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап,
тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп
бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады.
Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі,
мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының
көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі
экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің
дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық,
еңбек және материалдық ресурстарды ең
алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған
нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды
ашу білікті органдарға уақытында бағытаушы
шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке
тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін
алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте
басқа да кері көріністерді болдырмас
үшін зор маңызға ие.
Қаржылық бақылау – ұлттық өнімнің жалпы
түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына
негізделген бағасымен бөлінуін және
бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге
бағытталған ерекшеліктері бар қызмет
түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан
бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы
саласына бақылау бақылау функциясы қашаннан
тән.
Қаржылық бақылаудың пәнін
анықтауда мақсаты, функциясы жжәне оның
міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.
Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген
ереже негізіндегі нормативтік –құқықтық
реттеуді сақтауға негізделген ұдайы
өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық
ресурстарды басқару болып табылады. Қаржылық
бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу
аясындағы істің мақсатқа сәйкес және
жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен
орган жүйесі екенін атап өту орынды.
Қаржылық бақылау- заңдылықты сақтауға,
меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік
және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді
пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты
ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың
ең маңызды нысандарының бірі.
Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды,
бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды,
мемлекеттік пен муниципадық унитарлық
кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда
болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын
және құқық нысандарын тура сақтауды талап
етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.
Қаржылық бақылаудың басқа
бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол –
қолдануының белгілі бір ерекшеліктері
бар және мақсатты бағыты болатындығы.
Салық
қызметі- бұл қаржылық бақылауды жедел
жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын
Қаржы министрлігінің Салық комитеті
басқарады. Салық комитеттері тек өзінен
жоғары тұрған органға ғана бағынады.
Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар
табылады: 30
а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын
бақылау,өз уақытында бюджетке салықтық
төлемдердің төленуін және толықтылығын
қамтамасыз ету;
ә) ведомстволық бағыныштылығына және
ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жағдайын тексеру;
б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын
бақылау;
в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты
салық салу объектілерін тіркеу;
г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген
мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.
Салық қызметінің құқықтарына
мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы
ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны
білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар
мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі
туралы заңнаманың сақталуын бақылау;
табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты
зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар
мен кәсіпорындардың барлық операцияларын
тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын
құжаттарды алу;санкция мен айыппұлқолдану;мәмілелерді
жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою
туралы сот пен арбитражға талап беру.
Салық қызметінің қызметкерлері үстінен
шағымдануына болады.
Қаржылық заң бұзушылықтармен,
сондай-ақ , қаржы полициясы айналысады.
Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің
салықтар мен бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару,
мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап
жасау фактілерін анықтайды.
Тауар –ақша қатынастарының
дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады,
қаржы бақылауының әр түрлі нысандары
мен құралдарының пайда болуы мен дамуын
анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына
ықпал етеді.
2.3. Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері
Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне
байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала ( шығындалуға дейін жүргізіліп,
профилактикалық шара қолданылады );
-ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп
, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге ( есеп материалдары негізінде
шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала
және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).
Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі
тәсілдері):
-ревизия( барлық құжаттар бойынша барлық
бөлімшелердің қызметтері тексеріледі);
-инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы
үнемі тексеріліп отырады);
-зерттеу (кемшіліктерін зерделеу);
Қаржылық бақылау
әр түрлі әдістермен (тәсілдермен
немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың
құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы
әдісті қолдану қаржылық бақылауды
жүзеге асырушы органдар қызметі
нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың
объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының
пайда болуының негізі сияқты бірқатар
факторларға байланысты болады. Қазіргі
кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері
пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар
бойынша барлық бөлімшелердің қызметін
тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық
жай-күйін орнында дүркіндік тексеру),
қадағалау (кәсіпорында қаржылық қаражаттардың
жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы,
есепке алуды және есептемені шоттық тексеру),
қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын,
өтінімдерді, қаржылық-шаруашылық қызмет
туралы есептерді қарау, баяндамаларды
тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары
және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы
аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын
тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді.
Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды
үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар
мен материалдық құндылықтарды түгендеу,
сандық есепке алуды қалпына келтіру,
бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.
Өндірістік күштердің өркениетті
дамуы тәжірибесі мен әр түрлі әлеуметтік
экономикалық қоғам қатынастары өндіріс
үдерістерін басқару тетіктерін үнемі
жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді.
Бұған тек қана қабылданған заңдар мен
қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда
ғана қол жеткізуге болады.
Экономикалық субъектілердің заңдарды
сақтап отыруы меноларға бекітілген жеке
меншікті тиімді басқаруын бақылап отыру
қажет. Бақылау басқару тетігі
болғандықтан, басқарудың алға қойған
міндеттері мен шешімдеріне бағынады.
Сондықтан бақылау маңызы басқарудың
экономикалық және саяси заңдылықтары
қоғамдағы белгіленген заңдылықтарменанықталады.
Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін
белгілі бір қоғамды басқару мақсатына
бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.
Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың
жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық
мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік
басқаруына тікелей қатысты.
Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан,
ол әрқашан қажет. Ол бақылау кезеңіндегі
обьектінің іс барысына бағыт бере отыра,
басқару үдерісін басқарудың бекітілген
ең жоғарғы үлгісімен бағыттайды.
«Бақылау» латынның «контра
рутулус», яғни, белгіленген немесе болжанған
белгілі бір оқиғаға не үдеріске «қарсы
қою» деген мағынаны білдіреді. Бірақ
ол «контроле» сөзінің негізін ала отырып,
трансформацияға түсу арқылы «бақылау»
мағынасын беретін болған.