[өңдеу]
Пайдаланылған
әдебиет
↑ Құлпыбаев
С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы:
Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
ISBN 978-601-225-169-2
Мемлекет кірістерінің
мәні
Уикипедиядан
алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мемлекет қаржысының
іс-әрекеті кезінде өзара тығыз
байланысты екі үдеріс пайда болады:
мемлекеттік құрылымдардың қарамағына
қаржылық ресурстарды жұмылдыру және
қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы
өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері
ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында
табады.
Мемлекеттің
кірістері деп экономикалық катынастардың
жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде
мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне
түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Табыстар (кірістер)
- қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет
ететін күрделі экономикалық категория.
Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды
жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде)
байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі.
Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық,
өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып
табылады және кайта жасалған өнім мен
кызметтерді бөлу стадиясында пайда болады.
Табыстардың аралық сипаты болуы мүмкін,
яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің
жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің
жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып,
(түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті
табыстар деп корланымға және тұтынуға
тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады)
кызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық
сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің
табыстары басқа субъектінің шығыстары
есебінен қалыптасатындығында, мысалы,
табыс салығын төлегенде кәсіпкерлік
сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары
(кірістері) болып табылатындығында немесе
әлеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің
шығыстары халықтың жекелеген топтарының
табыстары болып табылатындығына көрініп
білінеді.
Жиынтық қоғамдық
өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің,
жеке кәсіпорындардың, шаруашылық
ұйымдардың және халық тың
бастащы табыстары жасалынады. Бастапқы
табыстар бөлу мен кайта бөлудің
үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды
рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің
нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен
бюджеттік қор жасалынады.
Жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін қаржы арқылы халық тың
табысының бір бөлігі алынады,
кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі
бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда
қалады және ішкі шаруашылықтық мұқтаждарға
пайдаланылады.
Сонымен бірге
қызметтің ендірістік емес сферасының
мекемелері көрсететін кызметтерді
төлеу аркылы халық тың бастапқы
табыстары да кайта бөлінеді. Бұл
түсімдер қызметтер көрсету сферасы кәсіпорындарының
(мысалы, халық қа тұрмыстық қызмет көрсету,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және
т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар
қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша бөлуге байланысты
адамдардың карым- катынастарын білдіретін
дербес экономикалық категория ретінде
болады. Мемлекеттің кірістері мемлекеттік
кәсіпорындардың қарамағына каржылық
ресурстар қалыптастырумен байланысты
болатын қаржылық катынастардың бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын
мемлекеттің қаржылық ресурстары орталықтандырылған
кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында калғандары орталықтандырылмаған
кірістерге жатады.
Орталықтандырылған
қаржы кірістері негізінен салық
түсімдері, сырткы экономикалық кызметтен
алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер
кәсіпорындардың өздерінін, ақшалай табыстары
мен корланымдарынан құрылады. Мемлекеттің
орталықтандырылған кірістерінің құрамында
басты орынды бюджеттің кірістері алады,
оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз
етіледі.
Мемлекет кірістерінің
басым белігін түрлі деңгейдегі
бюджеттерге орталықтандыру біртұтас
қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды
ұлттық шаруашылықтың басым салаларының
пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера кажеттіліктерін
қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді.
Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің
орталықтандырылған кірістеріне бірқатар
мемлекеттік бюджеттен тыс корлар жатады.
Кірістер ұғымының материалдық-заттай
жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші
субъектілерде, халық та жинақталатын
«ақшалай қаражаттардың» анықтамасы болып
табылады.
Мемлекет
кірістерінін экономикалық табиғаты
және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің
жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық
рөліне байланысты болып келеді.
Әрбір қоғамдық
экономикалық формация үшін тауар-ақшалай
қатынастардың даму дәрежесімен,
өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын
оған тән мемлекет табыстарының жүйесі
сипатты болады. Мемлекет табыстарының
калыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
катысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке
орталықтандырылатын және шаруашылық
жүргізуші субъектілерге қалдырылатын
коғамның таза табысының үлесін белгілейді,
сондай-ақ халық тың жеке табыстарының
бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын
шоғырландырады.
Мемлекет
өндіріс кұралдырының және тиісінше,
қосымша өнімнің иесі болып
отырған жағдайда мемлекет меншігінен
алынатын табыстар мемлекет кірістерінің
айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет
кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын
кәсіпкерлік сектордың және халықтың
табысының бір бөлігі есебінен кұралады.
Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет
өзіне қарасты каржылық ақтивтерді (ақцияларды
және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан
алуы мүмкін. Мемлекеттік меншіктен алынатын
табыстарға мыналар жатады:
1) жалпы табыс
(пайда), қосылған кұн салығы, ақциздер,
кеден табыстары түріндегі мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы;
2) мемлекеттік
мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік
тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан,
жерсудан, басқа табиғат ресурстарынан,
мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар көрсететін
ақылы кызметтерден алынаттың
табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер
мен өлшеуіш приборларды тексеру,
таңбалау және сараптау, қымбат
металдан жасалынған бұймдарды талдау
және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық
емес кызметтер үшін төлем (мемлекеттік
баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері
үшін өтінімдік алым);
4) үй-жай үшін
жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық
табыстарын және басқаларды кіріктіретін
бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.
«Мемлекеттің кірістері» мен «Мемлекеттің
каржылық ресурстары» ұғымдарын ажырата
білген жөн. Қоғамның қаржылық ресурстары
- уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің,
кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдарының
меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.
«Қаржылық
ресурстар» ұғымы мазмұны жағынан
«мемлекеттің кірістері» ұғымынан
кең. Мемлекеттің кірістерінен
басқа қаржылық ресурстардың
кұрамына кірістерге жатпайтын,
бірақ коғамдық кажеттіліктерге
пайдаланылуы мүмкін каражаттар
кіреді. Мысалы, негізгі кұрал-жабдықтарды
(капиталдарды) калпына келтірудін амортизациялық
аударымдары, айналымдағы қаражаттардың
артығы, күнның мерзімі өткен кредиттік
және депоненттік берешектің сомапары,
ісген шыккан, иесіз мүлікті (өлген адамнан
калған мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік
құқықбойынша мемлекет еткен,талап етілмеген
(көліктегі талап етілмеген жүк, талап
етілмеген депозитсомалары, таратылмаған
пошталық жөнелтім) мүлікті өткізу ден
түскен түсімдер. Бұл ақшалай каражаттар(сондай-ақ
мүлікті өткізуден түскен түсімдер де)
тура мағынада табыс, яғни каражаттарды
жүмсаумен байланысты белгілі бір кызметтің
нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге
байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді.
Мемлекеттік карыздардан түсетін түсімдер
де мемлекеттің каржылық ресурстары (қарыздарды
өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің
кірістері болып саналынбайды, өйткені
бұлар - қарыздық каражаттар. Қаржылық
ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық
орға ндарының карамагындағы каражаттардың
барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың
тұрақты пассивтері өсімінің сомалары
ретіндегі ішкішаруашылықтық ресурстар
да мемлекеттің кірістері болып саналмайды.
Сөйтіп, мемлекеттің каржылық ресурстары
негізінен мемлекеттің кірістері мен
басқа көздер есебінен құралады
«Мемлекеттің
кірістері» және «мемлекеттік
бюджеттің кірістері» ұғымдары
да бір-біріне тең әрі ұқсас
ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
катынастардың неғұрлым кең топтары
туралы эңгіме болып отыр, өйткені
мемлекеттің кірістері құрамына,
жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік
бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік
кәсіпорындардың, сйымдардың, бірлестіктердің
таза табыстары, мемлекеттік мүліктен
алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлар, салық түсімдері және т.б.,
ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне
олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай
дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны
жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып
келеді. Рыноктықэкономика жағдайында
мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың
негізгі әдістері салықтар (оның түрлі
нысандары), қарыздар және эмиссия болып
табылады. Түрлі тарихи кезеңдегі бұл
әдістердің ара салмағы әр түрлі болады
және қаржылық саясаттың мазмұнымен, шаруашылық
жағдаятымен, нақты экономикалық және
әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу
дәрежесімен және тағы басқа көптеген
фақторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің
жүйесінде орталық орынды салықтар
алады. Олар рыноктық тұрпаттағы дамыған
экономикалық жүйеде әрекет ететін каржының
негізгі қасиеттерін білдіретін
әмбебаптық және сонымен қатар басты
категория болып табылады. Рыноктық
экономика жағдайында салықтық нысан
қаржылық өзара байланыстардың бүкіл
жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық
елдерде олардың қоғамдық-экономикалық
кұрылысы мен саяси іс-бағытына карамастан
мемлекет кірістерінің негізгі көзі
- ұлттық табысты қайта бөлудің
басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін,
тиісінше, бюджеттік кордың кірістерін
де қалыптастырудың шешуші көзі болып
табылады.
Фисқалдық
маңызы бойынша екінші әдіс
мемлекеттік қарыздар болып табылады.
Олар тек бюджет тапшылығын
жабуға емес, сонымен бірге әр
түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың
мемлекеттік секторындағы қаражаттарды
инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының
шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық
дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы
айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет
қаржыларының түрлі буындарында, республикалық
және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің
тартылған қаражаттары құрамында қолданыс
тауып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет
тапшылығын жабуда кеңінен колданылуда.
Сонымен катар қаржы рыногының жұмыс істеуі
қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың
шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіндік
береді. Кәсіпорындарды жаңғыртуға, олардың
материалдық-техникалық базасын жаңартып,
ұлғайтуға бағытталған күрделі жұмсалымдарды
қаржыландыру енді карыздардың облигацияларынқылы
қосымша каржылық ресурстарды тарту есебінен
жүзеге асырылуы.
Мемлекет кірістерін
жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия,
оның үстіне тек қағаз ақшалай
эмиссия ғана емес, сонымен қатар
кредшптік эмиссия болып табылады.
Эмиссияға мемлекет салықтық және қарыз
түсімдері мемлекеттің өсіп шығындарын
жабуды камтамасыз ете алмағанда, оның
үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды
шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Қағаз ақшалай эмиссия да, кредиттік эмиссия
да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне
байланысты болмай бюджет тапшылығын
жабу қажеттілігімен байланысты болса,
экономикада инфляциялық үдерістердің
күшеюіне экеп соктырады. Сондықтан дамыған
рыноктық шаруашылық елдері әдетте кредиттік
эмиссияға жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың
жоғарыда аталған әдістері мемлекеттік
басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік
қорларды калыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған
ақшалай корларды жасау барысында аударымдар,
түрлі жарналар, ерікті түсімдер және
т.б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл
әдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда
колданылады. [1]
[өңдеу]
Пайдаланылған
әдебиет
↑ Құлпыбаев
С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы:
Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
ISBN 978-601-225-169-2
Мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мәні мен рөлі
Қаржылық байланыстардың
орасан зор әр алуандығында жеке
ортақ ерекшеліктермен
көзге түсетін оқшауланған сфераларды
бөліп көрсетуге болады. Мәселен
, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен
және халықпен қалыптасатын қаржы қатнастары
жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің
ерекше саласын құрайды және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады.
Қаржы қатнастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік
бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын
құрайды.
Экономикалық
қатнастардың жиынтығы ретіндегі
мемлекеттік бюджеттің объективті
сипаты бар. Бөлудің дербес
сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы
өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің
табиғатымен және функциясымен байланысты.
Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды
қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру
бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз
ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін,
жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамассыз
ету үшін қажет.
Экономика
дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған
қаржы ресурстары мемлекетке
қоғамдық өндірістің қажетті
қарқыны мен үйлесімін қамтамассыз
етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын
жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын
дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы
үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға,
ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.