Бюджет шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 15:42, реферат

Описание работы

Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджет шығыстары.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

 Демеуқаржылар  кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз  тәртіппен бюджет пен бюджеттік  қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың  зияндарын жабу

 үшін, сондай-ақ  төменгі бюджеттерді баланстау  үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық және баскадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды камтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар  мен шараларға және басқа мақсаттарға  нысаналы мемлекеттік каржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар -үлестік  негізде белгілі бір шараларды  каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен  тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары  есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы  жәрдемақылар.

 Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған  жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

 Айтарлықтай  дәрежеде мемлекеттің шығыстары  мемлекеттік сатып алу жүйесі  арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып  алу - акциялардың (үлестердің) елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау  пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен қосылма заңи тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемлекеттік сатып  алу жүйесі қоғам мен мемлекеттің  орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан қызметтің маңызды сфераларында мемлекеттік монополияның қажеттігіне негізделеді.

 Мемлекеттік  сатып aлy сферасындағы мемлекеттік  монополия тек кана мемлекеттік  органдардың және (немесе) мемлекеттік  кәсіпорындардың заңнамалық актілер  негіздемесінде, сондай-ак бәсекені  енгізу ұлттық кауіпсіздік, құқық  тәртібі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мүдделерінің ұғынысы тұрғысынан колайсыз болатын жағдайларда қызметтің шаруашылық жүргізілетін сферасы. Бәсеке - тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бағытталған және әлуетті жеткізушілер арасында ашық әрі адал бәсекені қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізу әдісі.

 Мемлекеттік  сатып aлy үдерісін реттеу мына  кагидаттарға негізделеді:

сатып алуға  пайдаланылатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау;

мемлекеттік сатып any үдерісіне қатысу үшін барлық элуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;

әлуетті жеткізушілер арасында адап бәсеке;

мемлекеттік сатып any үдерісінің жариялылығы. 

Мемлекеттік сатып any мына әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

ашықбәсеке;

жабық бәсеке;

бағапық ұсыныстардың сұрау салуын пайдаланумен жеткізушіні  таңдау;

бір көзден;

ашықтауар биржалары  арқылы. 

Бір немесе бірнеше  секторлардың басымдығынан кетуді және экономиканың жаңа бэсекелі секторларын  жасауды ұйғаратын ұлттық экономиканы  әртараптандыру міндеті жоспарланатын мерзімге көкейтесті болып қала береді және осы үдерісті одан ары ынталандыру жөніндегі, экономиканы тездетіп дамытуды камтамасыз ететін байсалды кадамдар мен нысаналы күш салуды қажет етеді.

 Саяси, экономикалық  және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, экономикалық саясат қағидаттарының, басымдықтарының жиынтығы болып табылатын Индустриялдық-инновациялық дамуды іске асыру шеңберінде постиндустрияландыру мен үдемелі инновациялық даму жағына экономиканың құрылымында сапалы өзгерістерді жүргізуді камтамасыз етуге бейім мемлекеттін қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген. Стратегия шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттар ғана емес, сонымен бірге даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың каржылық ресурстары, сондай-ак жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ең басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен донор-елдердің көмегі пайдаланылады.[1] 
 

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиет

↑ Құлпыбаев  С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2 
 

Мемлекеттік бюджеттің  мазмұны, әлеуметтік-экономикалық мәні және рөлі

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия  

Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын  мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл  қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

 Сөйтіп, құндық  бөліністің айрықша бөлігі ретінде  мемлекеттік бюджет аирықшалықты  арналымды орындайды - жалпы коғамдық  қажеттіліктерді канағаттандыруға  қызмет етеді. Объективтік үдайы  өндірістік қатынастардың өмір  сүруінің экономикалық нысаны  бола отырып, айрықшалықты қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық қосалқы категория ретінде болады.

 Қаржылық  қатынастардың белгілі бір жиынтығы  ретіндегі мемлекеттік бюджетке  ең алдымен оны жалпы қаржылық  категориядан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың ұдайыөндірістік сипаты бар, әркашан ақшалай нысанда жүзеге асырылады, мақсатты ақиіалай қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен косарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарга белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортак өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

мемлекеттен жалпы  коғамдық өнімнің бір бөлігін  окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

құнды жасау  және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумактар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

қоғамдық өнімнің  оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады. 

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдың- заттай іске асырылуы болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорында - бюджеттік қорда затталынады. Мұның нәтижесінде коғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша ағынында өзінің көріні- сін табады. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысты құн қозғалысының үдерісін білдіреді. 

Экономикалық  қосалқы категория ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау  және оны ұлгаймалы ұдайы өндіріспен қогамдық қажеттіліктерді қанагаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысуиіылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. 

Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлереттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады;

 негізгі қаржы  жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты  меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

 Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (14.1) 

Қоғамдық ұдайы  өндірісте мемлекеттік бюджеттің  рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы  қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. 

Букіл улттық шаруашылықтың бюджеті ретінде болатындықтан мемлекеттік бюджет жалпы экономикаға белсенді ықпал етеді. Материалдық өндірістің стимуляторы ретінде бола отырығі, мемлекеттік бюджет бұл сферада үлкен рөл атқарады. Бюджеттік қаражаттар қорлардық дара (жекелеген кәсіпорындардың шеңберінде) толық айналымында да, сондай-ак олардың коғамдық (бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында) толық айналымында да пайдаланылады. Жұмыс істеп тұрған және жаңадан іске қосылатын кәсіпорындарда күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын бюджеттен қаржыландыру, басқа шығыстарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсіпорындарда қорлардың уздіксіздігі мен бірқалыптылығын ынталандыра отырып, олардың дара толық айналы- мына қосылуына жағдай жасайды. Бюджеттік қаржыландыру материалды0 емес сферада оның жұмыс істеуі мен одан ары дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл сфера мекемелері мен ұйымдарынын негізгі бөлігінің кірістерінің меншікті көздері болмайды. Ағартуга және денсаулықты сактауға, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруга, ғылымға, мәдениет пен өнерге жумсалатын мемлекеттің шығыстары қаржы базасы болып табылады, онсыз жалпы мемлекеттік аумактың әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізу мүмкін емес. Материалдық емес сфера салаларының ұтымды құрылымын қалыптастыруда бюджеттің үлкен маңызы бар. Материалдық емес сфераның жұмыс істеуін қаржылық ресурстармен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тутыну қорының түпкілікті мөлшерлерін қалыптастыра алады.[1] 
 

Информация о работе Бюджет шығыстары