Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:47, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.
Кіріспе
3
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
4
1.1
ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік
4
1.2
ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама
7
2
Бюджеттік жүйенің қызметі
10
2.1
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
10
2.2
Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі
13
3
Қазақстан Республикасының «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры
16
Қорытынды
21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді. Қаржылық- несиелік, инвестициялық,тексеру – бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.
Көптеген елдердің экономикалық
тәжірибесі экономиканы мемлекеттік
реттеудің бәсекелестіктің
Сонымен қатар, еркін нарықтың бәсекелестік, жеке меншікке қол сұқпау және іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін республиканың қаржы секторына деген сенімді қалпына келтіру басым бағыт болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсетулер аясын кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы
жүйесін енгізу мемлекеттің әлеуметтік
саладағы міндеттемелерін қысқарту
және институционалдық инвесторлардың
ерекше сыныбын құру бойынша мемлекеттің
алғашқы қадамы болды.
Бүкіл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
реформалаудың қисынды жалғасы халықтың
әртүрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің
асырауында тұратын адамдарды, жұмыссыздарды
және тағы басқалары) және медициналық
қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау
қағидаттарынан одан әрі әлеуметтік қамсыздандырудың
аралас жүйесіне тек мемлекеттің және
жұмыс берушінің қаражаты есебінен ғана
емес, сонымен катар қызметкердің өзінің
есебінен көшу болып табылады. Жұмыс берушілердің
өндірістің зиянды және қауіпті түрлерінде
міндетті кәсіби жарналар енгізуі мәселесі
қаралатын болады.
Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру (сақтандыру) жүйелерін одан әрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі ішкі бағалы қағаздар нарығының сыйымдылығы, оның ішінде қаржы секторы қатысушыларының инвестициялық портфелінің құрылымына қойылатын, заңнамалық түрде белгіленген талаптар ескеріле отырып айқындалуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының республикалық бюджеттің ақша ағындарының қысқа мерзімді алшақтықтарына және бұрын шығарылған қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қажеттілігіне негізделген көлемі сонымен қатар нарықтағы сенімді қысқа мерзімді өтімді құралдарға сұранысты ескеруі тиіс.
Нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік бастапқы және қайталама нарықтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді айналыс кезеңдері бар мемлекеттік бағалы қағаздарының ұсынылуы шартымен айқындалуы тиіс. Әр түрлі кіріктірме опциондармен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылады: инфляциядан қорғау опционымен, айырбастау бағамының өзгерістерінен қорғау опционымен, сондай-ақ халықтың жинақ ақшасын тарту үшін шетелдік валютамен номинирленген.
Жинақ ақшаны тартудың балама көздерін дамыту. Жинақ ақшаны тартудың жылжымайтын мүлік қорлары (REIT), хеджерлік қорлар сияқты жеке институттар арқылы балама көздерін дамыту бойынша жұмыс жандандырылады, оларды енгізуге институционалдық инвесторлардың тәуекелдерді барабар реттеу жүйесін құру міндеттеріне кедергі келтірмейтін бөлігінде заңнамалық деңгейде мүмкіндік бар.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Интеграцияланған бірыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге және қадағалауға шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелін болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.
Қаржы ұйымдарының қызметін
және қаржы нарықтарының жұмыс істеуін
реттеу мен қадағалауды одан әрі
жетілдіру реттеу мен қадағалаудың
халықаралық стандарттарын
Қазіргі дағдарыс сабақтарын
негізге ала отырып, қаржы секторының
субъектілерін реттеу мен қадағалауды
қатаңдатуды жүйелік
Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің барлық түрін қоса алғанда, реттеу саласын және ауқымын кеңейту, тәуекелдің реттеу ауқымы шегінен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкіндігін зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтің түрлеріне бағдарлануы тиіс.
Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетулерге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп деңгейлі жүйесі қалыптасты. Көптеген елдердің халықаралық тәжірибесі мамандандырылған салалық банктерді құрудың тиімсіздігін, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуіне қабілетсіздігін, мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Тиісінше, Қазақстанда мамандандырылған салалық банктер құру болжанып отырған жоқ.
Инвестициялық банкинг институтының жұмыс істеу жүйесі қайта қаралады. ЖаҺандық инвестициялық банктердің банкроттығы олардың қызметін реттеудегі тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.
Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы делдалдығы жүйесін дамытуға ықпал етуді жалғастыруы тиіс. Алайда, осындай ұйымдар мөлшері бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға арналған ең жоғары лимиті қайта қаралатын болады. Сонымен катар кредиттік серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың жүйелік тәуекелінің өсуіне жол бермеу мақсатында олардың қаржы операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру, депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса алғанда, мүмкіндіктері заңнамалық түрде қайта қаралатын болады.
Әдебиеттер:
1. Б.С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2006.-320бет
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2009
3. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы:Юрист, 2009
4. Қазақстан Республикасының заңдары.
5. Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулылары.
6. Указ Президента
Республики Казахстан «Об
7. Министрліктер мен
ведомстволардың нұсқаулық
8. Кулекеев Ж.А., Султангазин
А.Ж. и др. Государственной финансовфый
контроль в Республике
9. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Алматы:РИК, 2004. -268с.
Информация о работе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті