Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:47, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым–қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым – қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
4
1.1
ҚР Мемлекеттік бюджеті туралы жалпы түсінік
4
1.2
ҚР Бюджет Кодексіне сипаттама
7
2
Бюджеттік жүйенің қызметі
10
2.1
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
10
2.2
Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі
13
3
Қазақстан Республикасының «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры
16

Қорытынды
21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая мемлекеттик бюджет.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

- әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;

- бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;

- республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылуы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.

Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі  орталық өкілетті органдар және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана мен аудандардың құқықтары бекітілген.

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік  басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен  атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыру  мен іс әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

Жергілікті өкілдік органдар – ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган -Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.

Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджжеттер жасап, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін келесілер құрады:

- Жергілікті бюджет;

- Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;

- Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік.

 

 

2.2 Қазақстанның қаржы саласындағы бюджеттің ролі

 

Шаруашылықпен айналысатын  экономикалық субьектілерге ықпалды  қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып  келеді, осы себепті тәжірибе талаптары  Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді. Қаржылық- несиелік, инвестициялық,тексеру – бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.

Көптеген елдердің экономикалық тәжірибесі экономиканы мемлекеттік реттеудің  бәсекелестіктің нарықтық тетіктері  мен жеке кәсіпкерлік бастаманы  мақсатқа сай қатар қолдану шараларының  артықшылығын растап отыр. Осыған байланысты экономиканы шоғырландырылған негізде мемлекеттік жоспарлау мен ынталандырудың рөлі артады.

Сонымен қатар, еркін нарықтың бәсекелестік, жеке меншікке қол сұқпау және іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық  қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі  ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін республиканың қаржы секторына деген сенімді қалпына келтіру басым бағыт болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсетулер аясын кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін  енгізу мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттемелерін қысқарту және институционалдық инвесторлардың ерекше сыныбын құру бойынша мемлекеттің алғашқы қадамы болды.

Бүкіл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін  реформалаудың қисынды жалғасы  халықтың әртүрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің асырауында тұратын адамдарды, жұмыссыздарды және тағы басқалары) және медициналық қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау қағидаттарынан одан әрі әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесіне тек мемлекеттің және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ғана емес, сонымен катар қызметкердің өзінің есебінен көшу болып табылады. Жұмыс берушілердің өндірістің зиянды және қауіпті түрлерінде міндетті кәсіби жарналар енгізуі мәселесі қаралатын болады.

Жинақтаушы зейнетақы, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру (сақтандыру) жүйелерін одан әрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі ішкі бағалы қағаздар нарығының сыйымдылығы, оның ішінде қаржы секторы қатысушыларының инвестициялық портфелінің құрылымына қойылатын, заңнамалық түрде белгіленген талаптар ескеріле отырып айқындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының республикалық  бюджеттің ақша ағындарының қысқа мерзімді алшақтықтарына және бұрын шығарылған қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қажеттілігіне негізделген көлемі сонымен қатар нарықтағы сенімді қысқа мерзімді өтімді құралдарға сұранысты ескеруі тиіс.

Қазақстанның қаржы  саласындағы бюджеттің орнын  айқындаған кезде, нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік бастапқы және қайталама нарықтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді айналыс кезеңдері бар мемлекеттік бағалы қағаздарының ұсынылуы шартымен айқындалуы тиіс. Әр түрлі кіріктірме опциондармен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылады: инфляциядан қорғау опционымен, айырбастау бағамының өзгерістерінен қорғау опционымен, сондай-ақ халықтың жинақ ақшасын тарту үшін шетелдік валютамен номинирленген.

Жинақ ақшаны тартудың балама көздерін дамыту. Жинақ ақшаны тартудың жылжымайтын мүлік қорлары (REIT), хеджерлік қорлар сияқты жеке институттар арқылы балама көздерін дамыту бойынша жұмыс жандандырылады, оларды енгізуге институционалдық инвесторлардың тәуекелдерді барабар реттеу жүйесін құру міндеттеріне кедергі келтірмейтін бөлігінде заңнамалық деңгейде мүмкіндік бар.

Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық  стандарттарға сәйкес келеді. Интеграцияланған бірыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге және қадағалауға шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелін болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.

Қаржы ұйымдарының қызметін және қаржы нарықтарының жұмыс істеуін реттеу мен қадағалауды одан әрі жетілдіру реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын өзгертуді ескере отырып, қаржы нарығының әрбір бөлігінің жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі дағдарыс сабақтарын негізге ала отырып, қаржы секторының субъектілерін реттеу мен қадағалауды  қатаңдатуды жүйелік тәуекелдерді болдырмау мақсатында алдын ала  қабылданатын шаралар жүйесін болжайтын  макропруденциалдық тәсілді күшейту  арқылы нығайту қажет. Макропруденциалдық тәсіл реттеу мен қадағалаудың жекелеген институттар мен нарықтардың сенімділігіне негізгі назар аударылатын қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиіс.

Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің барлық түрін қоса алғанда, реттеу саласын және ауқымын кеңейту, тәуекелдің реттеу ауқымы шегінен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкіндігін зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтің түрлеріне бағдарлануы тиіс.

Қазақстанда бүгінгі  күні қаржылық қызмет көрсетулерге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік  беретін қаржы институттарының  көп деңгейлі жүйесі қалыптасты. Көптеген елдердің халықаралық тәжірибесі мамандандырылған салалық банктерді құрудың тиімсіздігін, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуіне қабілетсіздігін, мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Тиісінше, Қазақстанда мамандандырылған салалық банктер құру болжанып отырған жоқ.

Инвестициялық банкинг  институтының жұмыс істеу жүйесі қайта қаралады. ЖаҺандық инвестициялық  банктердің банкроттығы олардың  қызметін реттеудегі тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.

Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы  делдалдығы жүйесін дамытуға ықпал  етуді жалғастыруы тиіс. Алайда, осындай ұйымдар мөлшері бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға арналған ең жоғары лимиті қайта қаралатын болады. Сонымен катар кредиттік серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың жүйелік тәуекелінің өсуіне жол бермеу мақсатында олардың қаржы операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру, депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса алғанда, мүмкіндіктері заңнамалық түрде қайта қаралатын болады.

Өсімқорлық қызметті заңнамалық түрде реттеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Отандық сақтандыру ұйымдарының  қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін  арттыру, оларды капиталдандырудың  өсуін ынталандыру мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты бойынша, сол сияқты тұтастай алғанда сақтандыру сыныбы бойынша да сақтандыру тәуекелдерінің мөлшері мен сипатына байланысты резидент еместерден қайта сақтандыру кезінде меншікті ұстау бойынша сараланған лимиттер енгізіледі. Сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына берілген қайта сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі бойынша лимиттер қайта қаралады.

Кредиттік тарихтарды қалыптастыру жүйесін жетілдіру мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында кредиттік тарихтардың  бірыңғай деректер базасын құру, кредиттік  тарих субъектілері бойынша ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, кредиттік бюроның лауазымды тұлғаларының ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі кре

 

3. Қазақстан Республикасының "Самұрық-қазына" Ұлттық әл-ауқат

қоры

 

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкімет белгіленген тәртіппен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын біріктіру жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" құрылды.

Қордың негізгі мақсаты - ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен баска да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындалды.

Қор қызметінің негізгі  принциптері туралы меморандумда  
мемлекеттік акциялар пакеттері Қордың жарғылық капиталына берілетін, соның ішінде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы", "Eurasian Natural Resources Corporation", "Қазақмыс" корпорациясы", "Қазақстандық ипотекалық компания", "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры", "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық  компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық  компаниясы","Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы","Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарын қамтитын: "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты — кейіннен жарғылық капиталға берумен сенімгерлік басқаруға берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы туралы 2009 жылғы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

2009 жылы Ұлттық қорға  1 378 100 414 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын оперциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 919 317 487 мың теңге.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті