Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:46, курсовая работа
Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.
Ақша қаражатының ағымын болжамдау, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп тәрізді тек кәсіпорын басшысының ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Яғни, олар сол арқылы кәсіпорын өтімділігін, жұмысының тиімділігін және қарыздары мен дивидендттерін төлеуге қажетті көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз ете алу қабілеттілігі бағаланады. Осылайша, кәсіпорын басшысы да, инвестор да ақша ағымын зерттей келе:
Ақша қаражаттары ағымын болжау немесе ақшалай төлемдер мен түсімдер жоспары – бұл кәсіпорынның немесе нақты жобаның дамуы үшін қажетті көлемдегі ақша сомасын анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші жылы ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін ай бойынша, екінші жылы тоқсан бойынша, әрі қарай жыл бойынша жоспарлау ұсынады. Егер сату болжамы, әрбір қызмет түрі бойынша түсімдердің сметасы ай бойынша бөлінсе, онда бірінші жылға арнап ай бойынша жоспар құруға болады.
Мұндағы икемділік ақша ағымын жоспарлау үздіксіздігінде. Яғни, жоспарланған көрсеткіштерді өзгеріске ұшырамайтындай етіп емес, барлық уақытта нақты көрсеткіштермен талдау жасала және салыстырыла отырып қажетті өзгертулерді енгізуге және бақылауға база құрылады.
Кезең аяғындағы қажетті қалдық жоспарланбаған шығыстарды жабу үшін қажетті ақша қаражаттарының резервін көрсетеді. Егер, резерв көлемі кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалдығынан асатын болса, онда қосымша несие алуға қажеттілік туып және аяқасты ақша қаражаттарының жетіспеушілігі тумауына жоспар құрылу қажет.
Ал егер, ақша қаражаттары қалдығының нақты көлемі резервтен жоғары болса, онда ақшалай ресурстарды тиімді пайдалану үшін қайта бөлу немесе қайта инвестициялау туралы шешім қабылдау қажет.
Келесі жылдың әр айына арналған ақша қаражаттарының қозғалысының болжамын жасау үшін «кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысын болжамдау» формасы қолданылады. Бұл құжаттың шешетін негізгі мәселесі ақша қаражаттарының түсімі мен шығысы арасындағы біркелкілікті тексеру, яғни кәсіпорынның болашақ өтімділігін тексеру (кәсіпорынның міндеттемелері бойынша есеп айырысуға қажетті ақшалай соманың банк шотында болуы).
Ең бастысы болжам өзгеріс енгізуге болатын жұмыс құжаты болуы тиіс. Ең қиын шешілетін мәселе қолма-қол сатылымнан және несиеге сатудан түскен ақша қаражаттарының төлемі мен түсімін болжау мен бағалауда туады. Бұл екі болжам да сатылым көлемін болжауға байланысты. Ал болжам өз есебінде кәсіпорынның өмір сүру ортасына және қызметін жоспарлауына байланысты болады. Болжам жасалатын уақыт кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына, басқару аппаратының қажеттілігіне және басқару аппаратының өз болжамдарына деген сенімділік деңгейіне байланысты.
Кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару үшін маңызды қаржылық құжат болып кассадағы және банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары, яғни төлем балансы табылады. Ол басқарушыға операциондық және инвестициялық қарекетті оперативтік қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекет пен серіктестердің алдындағы міндеттемелерді орындауға, төлем қабілеттілігінде және кәсіпорынның активтерінің өтімділігіндегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.
Төлем балансын қалыптастыпудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның ақша қаражаттары мен төлемдерінің келіп түсуінің нақты мерзімдерін бекіту және олардың жоспарлы тапсырмалар түрінде филиалдарға жеткізу.
Төлем балансы меншікті қаражаттардың жағдайын бақылауға және қарыз құралдарын тарту мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді /Қосымша Ж/.
Төлем балансы негізінде басты қажеттіліктерге қаражаттарды жұмсауды бақылайды. Бұл бақылаудың маңызы уақытша қаржылық қиыншылықтар туған кезде арта түседі. Бұл құжатты дайындау қажеттілігі несиелер бойынша төлемдер жасау тәртібінің өзгерісі кезінде, мемлекет, жабдықтаушылар, қызметкерлер және құрылтайшылар алдында төлемдік міндеттемелер бар болған жағдайда артады. Осының барлығы күн сайынғы ақша түсімдерінің ағымдары мен төлемдердің арасындағы тепе-теңдікке басқарушының ерекше назар аударуын қажет етеді. Егер, тепе-теңдік жоқ болса, онда кәсіпорын айналымына қосымша ақша қаражаттарын тарту шаралары немесе ағымдағы инвестициялық шығындарды төмендету шаралары қолданылады, ақша қаражаттарының қозғалысының жоспары жасалады /Қосымша Д/.
Жоспарлаудағы тағы бір
қажетті құжат «кассалық
Ақша ағымдарының қозғалысын болжамдау екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі жұмыс парағы бойынша есептелген ақша түсімдерінің таза ағымын, ақша қаражаттарын төлеудің әр түрлі баптарын қосады. Ақша қаражаттарының таза ағымдарының сомасы жоспарланған қарекетті жүргізу үшін қажет ақша қаражаттарының деңгейі туралы мәлімет береді. Екінші бөлімінде (қаржылық) негізгі қызметтің кәсіпорын жоспарларына әсерін көрсетеді. Кәсіпорын басшысының назары үш негізгі шамаға аударылуы қажет:
Ақшалай қаражаттарға қажеттілікті анықтауда бірнеше модельдер қолданылцы мүмкін. Бұлар:
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы.
2) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
3) Құлпыбаев С. Қаржы негіздері
4) Смағұлова Р.О. Қажы, ақша айналысы және несие