Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 12:42, реферат
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
Жоспар:
Кіріспе
Қаржы механизмі мазмұны
Қаржы механизмінің тұрақты даму жағдайындағы ерекшеліктері
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ экономика,
қаржы және халықаралық сауда
университеті
МОӨЖ
Тақырыбы:
Қаржы механизмінің
тұрақты даму жағдайындағы ерекшеліктері.
Орындаған:
Сабырқызы Ж. С-101/1
Астана қаласы, 2011 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
«Механизм»
термині экономикалық ұғымда бір
нәрсені іс – қимылға келтіретін,
белгілі бір қызметке түрткі болатын
құралды білдіреді. Бұл мағынада
термин басқаруда қолданылады және
оның мәні экономикалық, соның ішінде
қаржы саясатының да міндеттерімен
анықталатын басқарушы
Қаржы
шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен
және оның жоспарлау, болжау, экономикалық
ынталандыру, ұйымдастыру және басқару
сияқты құрамды бөліктерімен байланысты.
Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар
жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы
неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік
механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен
де өзара іс - әрекет етеді.
Қаржы механизмінің мазмұны мен құрлымы
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар — қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері - экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қол данылатын механизм — бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
"Механизм"
термині экономикалық ұғымда
бір нәрсені іс-қимылға
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен өте байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динами касын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы
механизмі — экономикалық және әлеуметтік
даму үшін қолайлы жағдайлар жасау
максатында қоғам қолданатын қаржы
қатынастарын ұйымдастыру нысандарының,
қаржы ресурстарын
Қоғамдық
шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне
қарай және қаржы қатынастарының
сфералары мен буындары бөлінуінің
негізінде қаржы механизмі
Жалпы
шаруашылық механизмі секілді қаржы
механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы
бар және ол айтарлықтай күрделі.
Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына
сәйкес келетін түрлі элементтер
кіреді. Қаржы механизмі экономикалық
жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының
ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақша қорларын,
қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін,
қаржыны және қаржы жүйесін баскарудың
нысандарын, қаржы заңын қамтиды.
Қаржы механизмінің тұрақты даму жағдайындағы ерекшеліктері
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизмі арқылы іске асырылды. Қаржылық механизм - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық механизм мемлекет белгілеген қаржылық шараларды нақтылы, атаулы, нақты нәтижелерде - барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтердің және кұндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында іске асырады. Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырасыз бөлігі қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық зандарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндіріс үдерісі шаруашылық механизммен іс-қимылда нақтылы түрде көрсетілетін экономикалық саясатпен реттегенде тұйық айналма заңдылық байқалады; шаруашылық механизмі өз кезегінде тиісті сандық және сапалық тұлғаланудағы ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін жаңғыртуга мүмкіндік туғызады.
Қаржылық механизмнің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады:
нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;
қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшері арқылы.
Қаржылық механизмнің блогы (буыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржылық механизмнің элементі - бұл карапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдык өндіріске катысушылардың мүдделері айрықшалықты түрде бөлінеді.
Әрбір элемент бірыңғай қаржылық механизмнің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржылық механизм элементтерінің - каржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі қаржылық механизмнің «конструкциясын» құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржылық механизмнін ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) болудың әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің арақатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б.
Шаруашылық және қаржылық механизмдерде қаржылық-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер-шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделгеп мөлшерлері, лимиттер-ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері (көлемдері) қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы үйлестіру, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, өңірдің, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдарының ресурстарға қажеттіліктерінің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.
Қаржылық механизмнің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннін құрамдас бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай қаржылық механизмнін құрамдас бөліктерін үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржылық механизмнің кұрамды (кұрылымдық және функциялық) буындарының іштей үйлесуі оның ұйымдылығының (әрекеттілігінің) манызды шарты болып табылады.
Қаржылық, механизмнің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджеттік механизм салықтардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттарымен қаржыландыру әдістерінін болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындагы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар кұрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында сақтық (резервтік) қор жүйесі кең дамыған.
Қаржылық механизмнін сипатты ерекшелігі оның серпінділігі, тұрақты жетілдіріп отырылуы, шаруашылық механизмінің барлық буындарымен тығыз өзара байланысы болып табылады.
Шаруашылық механизмін құратын жеке механизмдер, оларға сәйкес келетін қатынастар ретінде, тығыз өзара байланыста іс-әрекет етеді.
Баға, қаржылық, кредиттік механизмдердің кез келгенінің жаман жұмыс істейтін элементі жалпышаруашылық механизмінің де басқа элементерінің, буындарының жұмысын оқшаулатады. Сондықтан қаржылық механизмнің құрамдас бөліктерінің іс-әрекетін қоғамның, бастапқы шаруашылық есептегі буынның, жекелеген жұмыскерлердің мүдделерінің үйлесуін есепке ала отырып нақтылы жағдайда олардың өзара іс-әрекеті кезіндегі басқа экономикалық механизмдердің түйіндес құрамды бөліктерімен қарастыру қажет.
Қаржылық механизмнің, оның буындарының, тұтқаларының, элементтерінің күрделі жүйесі қоғамның, оның өндірістік қатынастарының немесе ұлттық шаруашылық сферасының, саласының дамуымен байланысты бұл қатынастар бөлігінің, дамуының белгілі бір кезеңінің ұсынылатын және шешілетін міндеттеріне сәйкес өнбойы өзгерісте, өзара іс-қимылда болады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржылық саясаты мен қаржы жүйесінің кызметі рынок жағдайларында қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттің бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материалдық, еңбек және ақшалай ресурстарды мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Таяудағы мақсат ретінде - мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың каржылық жағдайын сауықтыру проблемасын шешу. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржылық қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржылық механизмді қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржылық саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сонымен бірге қаржылық механизм мен оның элементтерін жеке және ұжымдық мүдделермен неғұрлым толық үйлестіруге деген үнемі ұмтылушылық сақталынады, бұл - қаржылық механизм тиімділігінің кепілі.
Информация о работе Қаржы механизмінің тұрақты даму жағдайындағы ерекшеліктері