Валюталық реттеу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 23:16, реферат

Описание работы

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеу және бақылау
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
3. Валюталық реттеу туралы заңнама
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Doc1.docx

— 45.59 Кб (Скачать)

        ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Экономика және құқық» институты

 

«Құқықтану» кафедрасы

 

 

 

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Валюталық реттеу мәселелері

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

                                                     Орындаған:  ВТиПО-11-01 тобының студенті

                                                                            Қаршығаева Нұрлыгүл

                                                     Тексерген: аға оқытушы Ильясова  Ж.Ә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Ақтау-2012

 

 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеу және бақылау

2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері

3. Валюталық реттеу туралы заңнама

Қорытынды

Пайдалынылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Кіріспе

     Халықаралық  шаруашылық байланыстардың дамуы  шамасына байланысты валюталық  жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан  қарағанда – бұл шаруашылық  байланыстарды интернационалдандыру  негізінде тарихи түрде қалыптасқан  валюталық-экономикалық қатынастар  жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан  қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық  формация шегіндегі валюталық  қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық  формасы. 
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.  
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.  
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. 
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. 
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.  
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Қазақстан Республикасында валюталық реттеу және бақылау

      Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін теңгенің тұрақтылығын қолдау мақсатында валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасының өтімді валюта рыногын қалыптастыру, теңгенің қайтарымдылығын қолдау және банк секторында бәсекені дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының валюта рыногын дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлға-резиденттердің экспорттық және импорттық баж салығын теңгемен жүзеге асыратыны белгіленген болатын; барлық кәсіпорындар үшін тауарлар (қызмет көрсету, жұмыс) экспортынан түскен түсімнің 50%-ін уәкілетті банктер арқылы Қазақстан банкаралық валюта биржасында (ҚБВБ) еркін өтімді валютамен міндетті түрде сату уақытша енгізілген еді. Мұндай тәртіп шетел капиталының қатысумен құрылған кәсіпорындарға қолданылған жоқ. Кеден төлемдерін шетел валютасынан теңгеге аудару, валюта сату мен шетел валютасы үшін бөлшек сауда тәртібін өзгерту валюта рыногының өтімділігін және теңгеге қажеттілікті арттырды, барынша «айқын» валюта жүйесін құруға ықпал етті.

       1994 жылғы ақпан айында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасынан теңгеге сатып алған өнімдер мен тауарларды әкетуін шектеу жойылды, ал квоталауға және лицензиялауға жататын өнімді немесе ұлттық игілік болып саналатын мүлікті қоспағанда, өндіруші кәсіпорындарға өндірілген өнімдерді шет елге еркін әкетуге құқық берілді. Бұл шаралар халықаралық есеп айырысуда және төлем жасауда теңгенің едәуір кең түрде пайдаланылуына ықпалын тигізді.

      Сондай-ақ 1994 жылғы мамырда Ұлттық Банк айырбастау пункттерінің қызметін, олардың жаңа жағдайларда ашылу және таратылу тәртібін заңды түрде реттеді.

     1995 жыл республикада толыққанды валюта рыногын қалыптастыруда түбірлі өзгерістер сәті болды. Инфляция деңгейін аса жылдамдықпен төмендету және сонымен бір уақытта теңгенің құнсыздануын төмендету, ұлттық валютаға сенімнің арта түсуі, сауда балансы сальдосының жақсаруы, мигранттар трансферттерінің азаюы, сондай-ақ жаңа әлдеқайда кірісті қаржы құралдарын енгізу шетел валютасына жоғары сұранысты болдырмау мүмкіндігіне жол ашты. Нәтижесінде валюта рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқалды. Бұл валюталық түсімді міндетті сатуды 50-ден 30 процентке дейін төмендетуге, ал сонан кейін оны мүлдем жоюға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, бұл банкаралық валюта рыногының барынша өтімді және көлемі жағынан жеткілікті болуына жол ашты.

     1995 жылдың басында «Қазақстан Республикасының валюта рыногын нығайту және дамыту бойынша 1995 жылға арналған шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, сауданы (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) және халықаралық қарым-қатынастарда аэропорттар мен теңіз айлақтарындағы транзиттік аймақтарда, теміржол және әуе көліктерінде жолаушылар тасымалдауға қатысатын шетел азаматтарына билеттер сатуды қоспағанда, шетел валютасымен бөлшек сауда жасауға тыйым салынды және бұрын берілген лицензиялардың күші жойылды.

    Ішкі валюта рыногы дамуының қол жеткен деңгейі және айырбас бағамының біршама тұрақтылығы Ұлттық Банкке оны одан әрі ырықтандыру бойынша одан да гөрі батыл қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Мәселен, 1995 жылғы 16 қарашада тауар импорты мен қызмет көрсету бойынша келісім-шарттарға 30 проценттен асатын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге қойылған шектеулер алынып тасталды, сондай-ақ теңгемен шоттары бар резидент еместер үшін Қазақстан Республикасының ішкі рыногында шетел валютасын айырбастаудың және сатып алудың еркін тәртібі енгізілді.

                      Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері

      Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.  
       Қазақстандағы нарықтық реформалардың ерекшелігі болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға тәуелділік, яғни ұлттық валюта бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.  
      Валюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.  
      Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының өзектілігін толық растайды. 
      Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет: 
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау; 
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру; 
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау; 
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін валюталық саясаттың басым бағыттарын бағалауға сараптама жасау; 
- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау; 
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау. 
Зерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеу. 
Зерттеу пәні ұлттық экономиканы валюталық реттеу процесінде туындайтын валюта қатынастарының жиынтығы.  
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін валюта нарығының жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық немесе жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қолданылды.  
Диплом жұмысының жұмыстың ақпараттық негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері жұмыс барысында пайдаланылды.  
Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді талдаудың көмегімен шешімін тапқан. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған: 
- валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеуді үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне сүйенген теориялық негіздері нақтыланған; 
- заңнама-құқықтық факторлардың әсерін ескеретін Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қалыптасуының және дамуының кезеңдері айқындалған; 
- макроэкономикалық көрсеткіштерге және валюталық бағамның тұрақтылығына әсер ететін факторлардың ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық шараларға сараптама жасалынған; 
- отандық экономикаға валюта нарығының тигізетін кері әсерлерін азайтуға бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктері ұсынылған; 
- ұлттық қаржы нарығының дамуын ескере отырып валюталық тәртіптемені ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның валюта саясатын жетілдіру жолдары ұсынылған.  
Зерттеу жұмысы нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындылардың валюта саясатын жүргізу мәселесі бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін ақырына дейін жеткізуден көрінеді. Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады.  
Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА

4-бап. Валюталық  реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Валюталық реттеудiң  мақсаты тұрақты экономикалық  өсуге қол жеткiзу және экономикалық  қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң саясатына жәрдемдесу  болып табылады.

2. Валюталық реттеудiң  мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасында  валюталық құндылықтардың айналысының  тәртiбiн белгiлеу;

2) Қазақстан Республикасының  дүниежүзiлiк экономикаға одан  әрi кiрiгуi үшiн жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар  мен капитал легi жөнiндегi ақпараттық  базаны қамтамасыз ету болып  табылады.

5-бап. Валюталық  реттеу органдары

1. Қазақстан Республикасында  валюталық реттеудiң негiзгi органы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының  Үкiметi және өзге де мемлекеттiк  органдар валюталық реттеудi өз  құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының  Үкiметi осы Заңға сәйкес өз  құзыретi шегiнде резиденттер  мен резидент еместер үшiн мiндеттi  нормативтiк құқықтық актiлер  шығарады.

Валюталық реттеу органдары  әзiрлеген валюталық реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.

4. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi валюталық реттеудiң  негiзгi органы ретiнде:

1) осы Заңның 6-бабына сәйкес  резиденттердiң валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты қызметiн  жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;

2) резиденттер мен резидент  еместердiң валюталық операцияларды  жүзеге асыру тәртiбiн, соның  iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:  
лицензиялауды;  
тiркеудi;  
хабардар етудi;

3) Қазақстан Республикасының  аумағында қызметiн жүзеге асыратын  резидент еместердiң валюталық  операцияларына мониторингтi (валюталық  мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;

4) уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен  келiсiм бойынша олардың құзыретiне  сәйкес барлық резиденттер мен  резидент еместердiң орындауы  үшiн мiндеттi валюталық операциялар  бойынша есепке алу және есептiлiк нысандарын белгiлейдi.  
Жүзеге асырылу тәртiбi осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргiзiледi.

6-бап. Валюталық  құндылықтарды пайдалануға байланыстықызметтi  жүзеге асыруға қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты қызметтiң  мынадай түрлерiн:

1) қолма-қол шетел валютасымен  бөлшек сауданы жүзеге асыруды  және қызметтер көрсетудi;

2) уәкiлеттi ұйымдардың шетел  валютасымен айырбастау операцияларын  ұйымдастыруын лицензиялауға тиiс.  
Осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға лицензия өз қызметiн бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiнде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын теңiз, iшкi cу, әуе, темiр жол және автомобиль көлiгiнде жүзеге асыратын тұлғаларға берiледi.

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi осы баптың 1-тармағында  аталған қызметке қойылатын бiлiктiлiк  талаптарын, сондай-ақ қосымша сауда  нүктелерi мен айырбастау пункттерiн  тiркеу (ашу) тәртiбiн белгiлейдi. Айырбастау  пунктiн тiркеу кезiнде белгiленген  үлгiдегi құжат - айырбастау пунктiнiң  тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкiлеттi ұйымдар үшiн құрылтай құжаттарын  келiсу тәртiбi, құрылтайшылардың  құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерiне  және қалыптасу тәртiбiне қойылатын  талаптар, бөлiмшелер құру және  басқа заңды тұлғаларға қатысу  жөнiндегi шектеулер қосымша белгiленедi.

3. Резиденттер лицензия  алу үшiн Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес белгiленген құжаттардан  басқа, осы Заңның 10-бабының бiрiншi бөлiгiндегi 1), 3)-9) тармақшаларында көзделген  құжаттарды Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық  актiсiнде белгiленген шарттармен  және тәртiппен тапсырады.

4. Осы баптың 1-тармағында  аталған қызметтi жүзеге асыруға  лицензиялар немесе лицензия  беруден бас тарту резидент  құжаттардың толық топтамасын  табыс еткен күннен бастап  күнтiзбелiк отыз күн iшiнде  берiледi.  
Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.

5. Лицензия беруден бас  тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;

2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер.

6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.

7-бап. Валюталық  операцияларды лицензиялау

Информация о работе Валюталық реттеу мәселелері