Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 17:28, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3-5
I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері .6-13
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептік-кешендік факторлары . . . .13-19
1.3 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы . . . . . . . . . . . . . . . . .19-29
II ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ТӘЖІРИБЕ
2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30-36
2.2 АҚШ пен Канададағы сыбайлас жемқорлық мәселелері және оған қарсы күрес әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37-41
2.3 Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасы . . . . 42-44
2.4 Жапония мен Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың жүзеге асырылуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
III СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰРАЛДАР
3.1 БҰҰ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық актілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 52-56
3.2 Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57-62
3.3 Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .63-65
3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе.doc

— 499.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылығы 8 сәуірдегі «Қолданыстағы  заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» №82-Өкімі шықты. Осы өкімде тексеріс жүргізудің нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетілді. Осының нәтижесінде, 2007жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия құрылды.55 Сол жылдың 20 наурызында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 217 қаулысы шықты. Ондағы Нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жолдау өлшемдеріне сәйкес келетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге өзгерістер еңгізілді.56 Қазіргі кезде қолданыстағы заңнамалар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізуді Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы жүзеге асырады. Жемқорлыққа қарсы алғашқы нормалар қоланыстағы заңдарды жетілдіру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екінші отырысында мақұлданған. НҚА жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес анықталады.57

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жуырда құрылған қоғамдық кеңес те өз жауапкершілігіне алып, көптеген іс тындыруда. 58

    Осы жылдың 4 мамыр күні біз БҰҰ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенцияның мүше-мемлекеті болып кірдік.59 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық кодексіне салық органының салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние мүлкі туралы сұрау салуға құқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет.60 Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру үшін, адамның жеке басына, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне төніп тұрған жемқорлықпен күресу салаларында, сондай-ақ экономика және қоғамдық қауіпсіздік салаларында жағдайларды саралауға; Республикада жемқорлықпен күресудің барлық жүйесін ресурстармен және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ұсыныстар жасауға баса назар аудару қажет екендігін көрсетеді. Сөйтіп, қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекет жүргізген жүйелі және дәйекті саясаттың арқасында бірсыпыра оң нәтижелерге қол жеткізілгені байқалып отыр.

       II Бөлім. Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа

                  қарсы күрестегі тәжірибесі 

    2.1 Шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары 

    Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған.61 Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шараларына назар аударайық.

    Транспаренси Интернешнлдің мәліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын және қазіргі әлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізп отырған елдер; 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемқорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер. Әрі қарай осы жүйені негізге аламыз.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады.

    Жоғарыда  аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.

    Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді: 62

- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;

- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тиым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;

- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау;

- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;

     Компаративтік талдау бойынша, әр мемлекеттің өзінің күресу жолы, әдісі, тәсілі бар. Ал басқа  жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, бүкілұлттық тәртіп әдептілігін қалыптастыру қажет дейді. Осы орайда, 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады:

1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді.

2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс.

3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс.

4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.

5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті.

6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті.

7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті. 63

    Жемқорлыққа қарсы өзгерістерді жүргізетін басқа топ институционалдық деп аталады. Бұл топ жемқорлыққа қарсы мүлде басқа күресті көрсетеді. Олардың ойынша, жаңа әдіс, жаңа жолға бар бағдарламаны жойып тастап, нормативтік іс-әрекеттерін өзгерту керек. Институционалдық жемқорлық өзгерістерге мынадай мысал келтіруге болады: сайлау үрдісіне ашықтық, жариялылық қамтамасыз ету; үкімет жұмысына және орындаушы басшылығына парламенттің бақылауы; сайлау үрдісінде қаржы мәселесіне бақылау жасау; мүлік мәселесін шектеу; мемлекеттік қызметкерлерінің кіріс-табысын, қаржы міндеттерін, шенеуніктердің табысының көтеруін, жылдық қаржы есебін беру, жемқорлыққа қарсы арнайы заң қабылдау, әкімшілік және қылмыстық жазалау тағы басқалар.64 Сайлаушылардың дауысын сатып алу көптеген мемлекеттерде дәстүрге айналған. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбританияда және басқа Еуропа мемлекеттерінде 19 ғасырда кең таралған. Қазір осындай шаралар шектелсе де, бүгінде осындай заң бұзушылық байқалады.65 Испания мен Италияның сайлау үрдісінде басқа шаралар қолданады. Ықпалы зор үміткерлерге саяси партиялардың көсемдері «патронаж» деген әдісті пайдаланады. Бұл әдістің маңызы мынада: сайлау кезінде көмектескен адамдарға мемлекеттік органдардан бір пайдалы қызметтерді ұсынады. 1966 жылы Тайландта өткен сайлау сайлаушыларға сыйлықтар тарату негізінде өтті.66 Сондықтан көптеген мемлекеттерде сайлауды өткізу барысында ашықтық талап етіледі. Екіншіден, сайлау компаниясын қаржыландыруды бақылауға алып, нормадан жоғары қаржыландыруға тыйым салынады.

    Ботсванада  сыбайлас жемқорлықтың қарқынды өсуін тежеуге келесі шаралар көмектесті: шенеуніктердің санын қысқартып, олардың жалақысын көтерді және мемлекеттік мекемелердің құрылымын ықшамдалды, әрі сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне дереу санкция салынды.67

    ОАР-да бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық  деңгейі көптеген еуропа елдеріне қарағанда  төмен.68 Олар қабылданған жаңа заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеу арқылы, шенеуніктер мен депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды қабылдау жолымен қол жеткізілді.69

    Израиль сыбайлас жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып саналады. Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, «мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы» жүйесі арқылы жүргізіледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік.70 Оның себебі, бұл елдерде мемлекет көп ғасырлы күрес нәтижесінде құрылған.71

    Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі - Заң алдында барлық азаматтардың теңдігі.72 Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікті бірдей тартады. Қытайда ҚХР Мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Осы Қағидаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық - барлық мемлекттік органдар, мекемелер, оқу орындары және соларға қарайтын бөлімдердің қызметкерлерінің қоғамдық мүддені жамылып жасаған мемлекет құндылықтарына ие болу, алдау жолымен ұрлау, иемдену, басқа адамдардың құндылықтарын сұғанақтыпен алу, пара алумен анықталады. 1997 жылы 1 қазанда ҚХР-ның жаңа редакиядағы Қылмыстық Кодексі күшіне енді. 1979 жылғы Кодекс толықтырылды - 192 бап болған еді, енді 451 болды. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормаларды қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Ол туралы норма жеке меншікке қарсы қылмыс жөніндегі тарауға енгізілген болатын. Жаңа тарау 394 баптан тұрады. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық үшін жазалау мәселелері жеке нормамен реттелген. Егер сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен (1S=10) асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Валюталық қылмыстармен күрес жөнінде Қытайдың тәжірибесі көңіл аудартады, соның барысында бірнеше миллиард доллардың жалған кедендік декларацияларын, жалған шетелдік лицензияларды пайдаланып, банктерден валюта алған фирмалар қатары анықталды, шетелдік келісімдер бойынша жалған аванс төлемдер фактілері және оффшорлық қаржы операциялары көлемінде көптеген заң бұзушылықтар ашылды.73

    Францияда лауазымдық тұлғалардың қызмет бабын  теріс пайдаланғаны үшін жауапкешілігін реттеу саласында 1983 жылғы 13 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңның және 1992 жылы қабылданып, 1994 жылы қыркүйекте күшіне енген Қылмыстық кодексінің маңызы зор. «Мемлекеттік қызметкелердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік шенеунікке «өзін тек қызметке арнау» міндеті жүктелген, бұл Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің міндеттеріне ұқсас.74 Аталған заң мемлекеттік қызметкердің өзіндік абырой кодексі болып табылады. Францияда мемлекеттік қызметкерлерге тексеру және бақылау қол астындағы кәсіпорындардың әрекетіне араласуға тыйым салады. Кейде көрсетілген міндет мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де, сол шенеуніктің артынан сақталынып қалады. Билікті жеке басы үшін пайдалану жөніндегі нормалар жүйесінде басты орынды, сөзсіз, бұқаралық лауазымдық тұлғалардың белсенді пара беру және сылбыр пара алу парақорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы нормалары алады. Параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.75

    Францияның  ерекшелігі - соттардың жасаған, Төрелік сот мүшелерінің немесе соттың, не жеке адамдардың шақыруымен келген, екі жақты келістіру үшін сотпен шақырылған сарапшылардың арнаулы парақорлық құрамын бөліп көрсету. Көрсетілген әрекеттер 10 жылға түрмеге жабумен және 1 млн. франк айыппұл төлеумен айыпталады.

    Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнама күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарай және жемқорлықтың алдын алу жағына қарай дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау, Қазақстан үшін тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері және соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат. Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік жүйесінің бәріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған әлеуметтік бақылау және құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкелердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тәуелсіз органдардың алдында  қатаң есеп беруі.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе