ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе

І Сауда саясатының теориялық негіздері

1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге

асыру құралдары....................................................................5-9

1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14

1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19

ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен

нысандары

2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін

факторлар............................................................................20- 28

2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34

2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38



ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы

және ерекшеліктері.

3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

3. Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ТСБК-ғa қатысушы елдердің барлығының қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда атқарылуы тиіс;

4. Ұлттық рынокты қорғауға мүмкіншілігіне тарифтік құралдарды қолдану: импорттық квоталарды (үлестер) т.б. тарифтік емес шектеулерді алып тастау;

5. Көпжақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрсссивті түрде төмендету;

6. Дамушы елдер мен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;

7. Сауда саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.

1996 жылдын басында ТСБК-ның мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ТСБК Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 142 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ТСБК-ның принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интелектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Әлемдік базарға шығарылатын тауарлар мен өнімдердің 90 пайызы осы елдердін үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (Ресей, Қазақстан, Өзбекстан т.б.) ДСҰ-ға мүше болу сатысында тұр. Көрші мемлекетіміз Қытай 2001 жылы қараша айында мүше болды. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төмен сатыларынан өтіп, бес сатысына өтті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

Өнімді тек шикізат күйінде экспортқа шығару біздің еліміздің және экономикамыздың басты ерекшелігі. Ол ДСҰ-ға мүше болудың шарттарына кедергі жасамайды. Ал өңделген өндіріс өнімін экспортқа шығару еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялқ міндеттерінің бірі. 2000 жылы 12 қазанда ДСҰ Қазақстанды нарықты экономика елі деп атады. Себебі - сыртқы сауда ырықтандырылып, мүліктің 80 пайызы жекеменшікке беріледі. Макроэкономика тұрақтандырылып, ұлттық валюта тенге бағамы қалыпт деңгейде тұр. ДСҰ - ға мүше болып кіру экспорттан түсетін кіріс көлемін арттырып отандық тауар өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтті.Ал импорттың өсуі ішкі нарықтағы бәсекелесті күшейтеді және тұтынушыларды сапалыда арзан тауар түрлерімен қамтамасыз етеді. Ал біз ДСҰ-ға кіру үшін дайындықты 1996 жылдан бастадық. Негізгі келісөз жүргізуші әріптестер АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Швецария және Европалық қауымдастық.

ДСҰ-ға кіру пайдасы кеден салығы төмендеп, басқа салықтар азайады, нәтижесінде елімізге сапалыда және арзан тауарлар көптеп келе бастайды. Бұл кеден жүйесіндегі жаулап алған коррупция әлсірейді, жекелеген бұйымдар және өнімдер еш кедергіссіз сырт елдердің нарықтарына шыға бастайды. Шет елдермен ғылыми-техникалық процестер алыс-беріс көбейеді. Кәсіпорындар бәсекелестікте өмір сүруге тез бейімделеді, мүше елдер арасында шикізат, дайын өнім, жұмыс қолы мек күші әртүрлі қызмет көрсету мен ой еңбегі еш кедергіссіз жүре алады.

Дәл қазір ДСҰ-ғa кіру әзірше қолайсыз, себебі еліміздегі өзіндік құны жоғары, сапасыз өнім шығаратын кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық көбеюі мүмкін. Кеден және тағы басқа тариф салықтары азайса, бюджетке түсетін кіріс көлемі де азайады. ДСҰ-ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағы ортақ тәртіпке бағынуы керек. Мысалы кеден және тағы басқа салықтар көлемі бірдей болады (әсіресе, транзиттік жүкке).

ДСҰ-ның шарты әлемдік еңбек бөлісу мен адамзатқа қажетті табиғи байлықтарды тиімді пайдалану.

ДСҰ-іш толыққанды мүше болу үшін елімізде біраз уақытты талап ететін көпжақты даму стратегиясының негізіне енетін дайындық жұмыстарды жүргізу керек. Ең бастысы - әлемдік тәжірибсін пайдалана отырып, табиғи өнімдерді шығарудың ең озық технологиясн пайдалану, оның жетістіктерін өндіріс орындарына енгізген әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке жарайтын сапалы да арзан өнімдерді шығаруды қолға алу керек. Бұған қоса сыртқы саудаға дайын өнім шығаратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер берілуі және қолдауы керек. Осы мәселелер оң шешімін тауып жатса, онда Қазақстан ДСҰ-ғa мүше болуға толық құқы бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан дотация берілуі керек. Өйткені дотациясыз ауылшаруашылығы дамымайды. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойлатын халықаралық талап - ол негізінен өнімнің экологиялық қауіпіздігі.

ДСҰ-ға мүше болудағы ең басты артықшылық-транзиттік жүк тасымалдары тарифтерінін бір жүйеге келтірілуі. Өйткені еліміздің тауарларын батыс базарларына шығару үшін Ресей, Литва және тағы басқа елдер арасынан өтеді. Сол елдср әр бекет сайын әртүрлі тариф қолданып, тауар өзі көздеген жеріне жетем дегенше құны жоғарлауы мүмкін. Сол үшін Кеден одағына мүше мемлекеттермен кіру мүмкін емес болған жағдайда Ресеймен бірге кіруіміз тиіс. Себебі - екі ел экономикасыда біршама жақсы, транзиттік жүктер екі ел арасында кең көлемде жүреді. Дайындықты бастаған жылдары бері еліміз төменгі сатыларынан өтті дедік. Осы жылдар ішінде ішкі рынокты импорттық алмастыру саясатын, отандық тауар өндірушілерімізді қолдау және тағы басқа заңдар қабылданды. Бұл шарттар ДСҰ-ғa мүше болудың алғы шарттары еді.

ДСҰ-ға мүше болғысы келген елдерге дамушы ел немесе өтпелі кезеңдегі мемлекет деген мәртебе береді. Мүше болғанда дамушы ел мәртебесін алу тиімді. Өйткені - ол бұлардың 3-жылға дейін импорттық кеден тарифтері мен импорттық лицензияларды келіссөздср арқылы сақтауға және тағы басқа шектеулерді қойдырмауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, Қазақстан 2004-2005 жылдар аралығында ДСҰ-ғa кіру тиімді деп санаймыз. Өйткені ол кезге дейін бюджет кірісінің көздерін іздестіру, бюджет табысын молайтуға, кәсіпорындарымыз бәсекелестік ортаға үйренеді, ауыл шаруашылығы экологияға қауіпсіз өнімдер шығаруға, ол кезге дейін көршілес елдеріміз мүше болады, содан соң Қазақстанның мүше болып кіруі өзінен-өзі туындайды. Дәл қазір кіруіміз Қырғызстан сияқты дағдарысқа ұшырауымыз мүмкін. Сол үшін асығыстық жасамай, келешекте мүше болуға бағытталу керек.

Алғашқы уақытта кедендік одақтың саяси сипаты басым болады дер едім. Біріншіден, оның тамырланып кетуі, ең алдымен мемлекет басшыларының саяси ерік-жігеріне байланысты.
Бұған дейін де ТМД кеңістігі саяси реформалар мен халық­аралық ұйымдардан кенде бол­маған. Олардың бәрі бірдей жақсы жұмыс істеп кетті деп айта ал­маймыз. Кезінде ТМД-ның құ­рылымына «КСРО елдерінің бір-бірімен өркениетті түрде ажы­расуы » деп баға берілген. Кедендік одақ туралы енді айтыла бастаған кезде шетелдік сарапшылар «ТМД үш елдің саяси-эконономикалық әлеуеті бірдей емес. Бұл одақ та бір -біріне билікті қия алмай, үшке бөлініп кетеді» деп күмәнмен қараған. Себебі Қазақстанның экономикасы импортқа тәуелді болса, Беларусь экономи­ка­сы­ның 80 пайызы мемлекеттің меншігін­де. Кедендік одақ ал­ғашқы қа­лыптасу кезеңін артқа тастады. Оның әлемдік эконо­ми­камен интеграцияланып ке­туіне әлем картасында жаңа мемле­кеттердің пайда болуы жол ашып отыр.
        Қазір кедендік одақ 172 млн адамды қамтитын алып кеңістікті қамтиды. Егер оған Қырғызстан мен Тәжікстан қосылса, оның ин­вестициялық тартымдылығы арта түседі. 2010 жылдың қаң­тарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь кедендік одағы өз жұ­мысын бастады. Қиыны - кеден баждарын алмастыру жөніндегі келісімшарт. Әрбір мемлекет өз пайдасын басқала­рмен келісе отырып ойлайды. Мәселен, Қа­зақстан көмір, астық, мақтасын, Беларусь тракторы мен сүтін, ұс­талынған автокөлігін қорғаса, ал Ресей өз «Жигулиінің» үстемдік еткенін қалайды. Кедендік одаққа ТМД елдері енуге мүдделі. Оған Украина премьер-министрі Ни­колай Азаровтың бақылаушы ретінде қатысып, басқалардың да көз тігіп отырғаны дәлел. Кей­біреулер «Үштік одағының құ­ры­луы, одан кейін оның бірыңғай экономикалық кеңестікке ұласуы, бұл - Кремльдің алысты көздеген саяси жобасы. Түпкі мақсаты - үлкен елдің қысымымен одақ құрып, одан соң бірыңғай валюта енгізу. Бұл экономикалық және саяси егемендігімізді әлсіретеді» деген қауіп айтады. Кедендік одақ­қа кіру, бұрынғы одақтың темір ноқтасына бас сұғу деп «ақыл» қо­сушылар бар. Жекелеген саяси күштер мен саясаттанушылар ке­дендік одақ мәселесін саяси­лан­дырып, өздері ұпай жинап, бедел алғысы келеді. Жаңадан «колония» болу, «КСРО-2» жобасы тағы басқа пікір солардан шыққан. Олар кедендік одаққа дейін Қазақ­стан, Ресей және Белоруссия арасын­дағы тауар айналымы өткен жыл­дың 9 айында ғана 25,6 миллиард доллар құрағанын ескермейді.Дегенмен уақыт өте келе ке­дендік одақтың саяси сипаты эконо­микалық сипатқа ауысады, яғни алғашқы форма екіншісіне жол береді. Бірақ мүлдем жойылып кете алмайды. Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің прези­дент­тері, үкімет басылары өз елде­рінің экономикасының лоббис­тері. Үш елдің басшылары қиыннан жол тауып бір-бірімен келісімге келе алды. Қазір кедендік одақтың көр­песін Еуроодақпен салыстыра­тындар пайда бола бастады. Екеуінің арасында ұқсастықтар бар. Еуроодақтың локомотивтері - Франция мен Германия. Қалған ірілі-ұсақты мемлекеттер осы екеудің жанына топтасып отыр. Кедендік одақта, әзірге локомотив рөлін Ресей орындап отыр.

 


Қорытынды

 

Еліміз   бүгінгі   таңда  әлеуметтік – экономикалық    жаңару   мен   демократизацияланудың    жаңа   кезеңіне   қадам   басып   келеді . Қазақстан  Республикасының   президенті  Н.Ә. Назарбаев  2006  жылғы   Қазақстан  халқына   Жолдауында    «Қазақстанның     әлемдегі  бәсекеге      барынша  қабілетті   50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын   ұсынды».

Осыған    орай,  алдыңғы   қатарлы,  озық  қоғамның   сана   деңгейіне   көтеріліп,  жан – жақты   өркендеу,  қоғамның  салалық   жаңа   экономикалық  ойлау   жүйесін    қалыптастыруға   көшу   міндеті  тұр.

Қазақстан   Республикасының  Президентінің   халыққа   арналған  «Бәсекеге  қабілетті   Қазақстан  үшін,  бәсекеге қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық   үшін»   жолдауын  негізге ала  отырып   халықтың  тұрмыс деңгейін  көтеру  және   инфляцияны  төмендету  болып  отыр.

Қоғамның    экономикалық   дамуы   экономикалық     өсуді,  экономикалық   құрылымдық   өзгерістерді ,  тұрғындардың   жағдайы   мен   өмір   сүру   сапасын     жақсартуды    қамтитын   көп  қырлы  процес.  Қоғамның   экономикалықөмірі   үнемі   қозғалыста   болады,  ол  бір  қалыпты   сандық   және   сапалық    өзгерістер  арқылы    сипатталады.  Бұл  өзгерістер  тек  қана   өндірістік   күштер   мен  өндірістік   қатынастарға   ғана   емес,  сонымен  қатар   еңбектің  өсіп   жатқан   өнімділігіне,  оның  игіліктердің   үлкен   көлемін   құрудағы   қабілетіне   де   қатысты.

Курстық   жұмыстың  бірінші   бөлімінде   сауда  саяты  мен   оның  негізгі   түрлері   негізге   алынып   сауда  мен   халықаралық   сауданың   мәнінің   экономикаға   тигізер  әсері. Сауда  саясатын  жүзеге    асырудың  әлемдік   тәжірибесі  2  принципке   негізделген,  еркін  сауда  және   протекционизм . Зерттеулер   көрсеткендей,  осы  шараларды   іске  қосудың  уақытша   параметрлері  бойынша,  барлық  мемлекеттер   бір  бірінен   өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар   мемлекеттер   өз  реформаларын   импорттық  саясатты   басқарудың   қатаң   курсынан,   ал   кейбіреулері   оны   толық  ырықтандырудан   бастайды.

Ал  екінші   бөлімде   сауда  мен    халықаралық  сауданың   Қазақстан   Республикасындағы    даму   ерекшелігіне   байланысты     статистикалық    мәліметтерге   сүйене  отырып    жазылған. Қазақстан  Републикасының   сыртқы   сауда  айналымыда   Ресей  Федерациясымен  жасалатын  сауда  жетекші   роль   атқарады,  ол  бұрынғы  тарихи  қалыптасқан   процестердің  арқасында  Қазақстанның  негізгі  сауда  әріптесі  және қазақстан   өнімінің  негізгі  тұтынушысы  болып  табылады.

Курстық   жұмыстың  үшінші  бөлімінде   сауда  саясаты  мен  халықаралық  сауданың   шешу мәселелері  қаралған. 

Біз  Қазақстанның   жаһандану  экономикалық   үрдістерге  сәйкес  дамып   келе  жатқан   ед  болуын  қалаймыз. Әлемдегі  жаалған   жаңа  мен  озық  атаулыны   бойына  сіңірген , дүниежүзлік  шаруашылықтан  шағында  болса  өзіне  лайық  орнын  иемденген,  әрі  жаңа  экономикалық  жағдайларға  жылдам  бейімделуге  қабілетті  ел  болуын  қалаймыз.

Біз  қатаң  бәсекеге   әзір  тұрып,  оны  өз  мүддемізге  пайдалана  білуіміз  керек. Қазақстан  көп  тарапты  халықаралық  экономикалық  жобаларға  белсене   қатыса  алады,  қатысуға  тиіс те,  өйткені  олар   біздің жаһандық  экономикаға   кіруімізге  жәрдемдеседі  әрі  сол  арқылы  біздің  қолайлы  экономикалық – географиалық  жағдайымызға  және   қолымыздағы  ресурстарымызға  сүйенеді.

Мемлекет  өз  тарапынан  іскерлік  бастамашылықтың  жолындағы  заңнамалық,  әкімшілік  және  бюрократиялық  кедергілерді  ысырып  тастауға,  және  жекеменшік   капиталдың  келешегі  үлкен  кемел  бастамаларына  тікелей  қолдау  көрсетуге  міндетті.

Қазақстанның   БСҰ-ға  кіруі  жолындағы   келіссөз  үдерісі  тоқтпусыз  жүргізіліп  жатыр.Республиканың  сыртқы  сауда  режимін  реттйтін  заңдарының    едәуір  бөлігі  қазірдің  өзінде  БСҰ  нормаларына   сәйкес  келтірілді  немесе  Парламентте  талқылану  үстінде.

Еліміздің  осы  халықаралық  экономикалық  ұйымға  енуі  Қазақстанның  дүниежүлік  рыноктағы  бесекеге  қабілеттілігін   нығайту  үшін   кең  мүмкіндіктер  ашатынына  сенеміз.  

Бүгінгі  әлем  шапшаң  қарқынмен  дамуда,  ғаламдану  мен  ақпараттық  технологиялар  дәуір  күн  өткен  сайын  күш  алып  барады. Қазақстан  өзінің  экономикалық  әлеуметін  нығайтып, халықаралық  нарықта  орнын  нақтылауда  және  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  (БСҰ)  кіруді  жоспарлауда  президентіміз  Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, «Бізге  ауқымды  міндет- бәсекеге  қабілетті  жағынан  әлем  елдері  ішіндегі  көшбастаушы  елу  елдің  санатына  ену міндетін  шешу  қажет.Бұл  мақсатқа  жете  алуымыз  көбіне  қаржыгерлерімізге  байланысты».

      2006жылы 1  наурыздағы   Қ.Р. президентінің  халыққа  жолдауында Қазақстанның  алдағы  уақыттарда  әлемдегі  50  бәсекелес  елдің  қатарына  кіру  туралы  міндеті  жөнінде  «экономикалық  жоғары   табыстарға  қол   жеткізген  кез  келген  ел  жедел  экономикалық  өрлеудің  алдындағы  кезеңде  жоғары  экспортты  азайтып,  импортты  жоғарлату  жөнінде  барлық  шараларды  міндетті  түрде  қолдаған  және  кейін  макроэкономикалық  көрсеткіштерді  белгіленген  шекте ұстап  тұруды  қатаң  қадағалауды» тапсырды..

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты