Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:18, реферат

Описание работы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ – мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, техника саласына басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт мин-лігін қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемлекеттік инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімшілік департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-т

Работа содержит 1 файл

Білім және ғылым министрлігі Асия.docx

— 36.79 Кб (Скачать)

Бұған экономикалық факторлар ғана себеп болып отырған жоқ. Мұндай нәтижеге білім мен ғылым жүйесін түбегейлі жаңарту арқасында да қол жеткізіп отырмыз.

Білім саласында 11 көрсеткіш бойынша өсу байқалды. Оның ішінде «Университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы» (2011 жылмен салыстырғанда + 29 позицияға жоғары), «Персонал біліктілігін арттыру» (+ 24 позиция), «Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» (+ 13 позиция), Білім жүйесінің сапасы» (+ 11 позиция) және т.б. Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа базалық механизмдерді іске асыру нәтижесінде осындай көрсеткіштерге жетіп отырмыз. Соңғы 2 жылда біз 40-тан астам механизмдерді енгіздік. Атқарылған жұмыстар көп. Президенттің қолдауы арқасында білім беруге бөлінген қаржы көлемі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. 2010 жылдан бастап 1,6 есеге өсіп, бүгінгі күні 1,3 трлн. теңгеден асты.  Бұл жалпы ішкі өнімнің 5%-ға жуығын құрайды, Яғни, біз дамыған елдер деңгейіне (ЖІӨ-нің 6-8%-ы) біртіндеп жақындап келеміз.

Білім берудің жаңа инновациялық моделінің мынадай жетекші блоктарын әзірлеп, іске қостық. 

Олар: 

Бірінші – білім сапасын ұлттық деңгейде бақылау.

Екінші – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетінің тәжірибесін барлық білім беру жүйесіне тарату. 

Осыған ұқсас өсу нүктесі  техникалық және кәсіптік білім жүйесінде де құрылды.  Ол – «Кәсіпқор» холдингі.

Үшінші – жан басына қаржыландыруды енгізу.

Төртінші – көп тілді білім берудің жаңа моделін енгізуді бастау. 

Бесінші – қоғаммен және жұмыс берушілермен өзара байланыс жасаудың жаңа механизмі. 

Алтыншы – Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша ұлттық іс-қимыл жоспары. 

Елімізде қазіргі уақытта білім беру объектілері көптеп салынуда.  2015 жылға қарай 522 жаңа мектеп салу жоспарланған.  Олардың 146-сы осы жылы салынады. 

Мұндай қарқын бұрын-соңды болмаған!  Бұл – әлем бойынша да бірегей жағдай.

Сіздердіңоблыста соңғы 2 жылдамұндайобъектілерсалудықаржыландыру 5 есегедейінөсті. Яғни, 2,2 млрд-тан 10,4 млрд. теңге болды.  Бұл – өте жоғары қарқын. 

Оқыту сапасында да алға жылжу бар.  Атап айтқанда, халықаралық олимпиадаларда ең көп орындарды қазақстандық оқушылар алады. Өткен жылы олар 912 медаль алды. Мысалы, 2007 жылы 181 болатын. 

Олардың арасында сіздердің оқушыларыңыз да бар.  Облыс халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда табыстарға жетіп жүр. 

Осы жылы өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс жалпы командалық есепте 1-ші орынды жеңіп, «Үздік команда» атанды.  Республикалық ғылыми жарыстағы орындарыңыз да жоғары – екінші орын.

Халықаралық олимпиадалардан осы жылы 36 медаль алдыңыздар.  Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.  Осылардың бәрі – оқушылар даярлау сапасының өскендігін көрсетеді.  Елбасы бізден осындай жоғары көрсеткішті талап етіп отыр. 

Облыспедагогтарыортабілімсаласындағы 12 жылдықоқуғакөшу міндетінжақсыорындайдыдепсенемін.

Техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту үшін Президенттің тапсырмасымен басқарудың жаңа жүйесі құрылды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. 

Олар – ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен Ұлттық кеңес, салалық және аймақтық кеңестер. Сіздерде де аймақтық кеңес құрылған.  Ендігі міндет – олардың жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету. 

Осыған байланысты мынадай үш мәселеге назар аударғым келеді. Бірінші – кәсіптік-техникалық және жоғары білімі бар мамандарға еңбек рыногының сұранысын тұрақты талдау.  Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына бағыт беру.  Бұл іске аймақтық кеңесті де тарту қажет деп ойлаймын. 

Екінші – мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасуына талдау жасау. Олардың барлығы мамандығы бойынша жұмысқа тұрды ма? Соны анықтау. Егер проблемалар болса, қосымша шаралар қабылдайтын боламыз. 

Үшінші – оқытудың дуальді жүйесін енгізу.  Бұл – Елбасының тікелей тапсырмасы.  Облыста бұл жүйе үш колледжге енгізілген.  Осы жұмысты әрі қарай дамытуымыз қажет. 

Жоғары білім саласында да даярлық сапасын өсіру – басты мақсат.  Оған қол жеткізу үшін біз жоғары оқу орындарының желісін оңтайландырып, халықаралық талаптарға сәйкес келтіреміз.  Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасы. 

Тағы  бір маңызды мәселе. Ол – білім, ғылым және инновацияны біріктіру.  Осы міндетті іске асыруда Назарбаев Университеті үлгі бола алады.  тәжірибесін басқа жоғары оқу орындарына тарату үшін  10 инновациялық  университет іріктелді.

Министрлік зерттеулер жүргізу үшін оларға жан-жақты қолдау көрсететін болады. Сонымен қатар бұл жұмысқа  талантты жастарды белсенді тарту қажет.


Информация о работе Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі