Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:18, реферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ – мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, техника саласына басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт мин-лігін қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемлекеттік инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімшілік департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-т
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
СРСП №4
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Орындаған: Изтурган А.И.
Тобы: ХОМИ 10-15
Тексерген: Аязбаева Б.Қ.
Алматы 2013 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ – мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, техника саласына басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт мин-лігін қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемлекеттік инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімшілік департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-ті. Мин-ліктің қарамағында 100-ге жуық кәсіпорындар мен білім және ғылым ұйымдары бар. Негізгі қызметі: азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді білім алуын қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу ұйымдарын жетілдіру, білім мен ғылым саласындағы ақпараттандыру; қорларды шоғырландыру, тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; білім, ғылым мен техника саласындағы жекешелендіру
I. Сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету
1. Мектепке дейінгі білім беруге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету.
2010 жылы республикада контингенті 446,4 мың баладан тұратын 6 446 мектепке дейінгі ұйымдар (2 261 бала бақша және 4 185 шағын орталықтар) қызмет етеді, бұл мектепке дейінгі жастағы барлық балалардың 41,6 % (1 жастан 6 жасқа дейінгі) қамтуды қамтамасыз етеді.
2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан
Республикасы Президентінің «
Мектепке дейінгі тәрбие мен
білім беру мазмұнының сапасын арттыру
мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік жалпы
міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен
білім берудің стандарты
2. Мектеп білімінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру.
2010 – 2011 оқу жылдары жалпы саны 2 486,4 мың бала білім алатын 7 516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жұмыс атқарады. 2007 жылы республикалық бюджеттің есебінен 27,1 оқу орындарынан тұратын 52 мектеп, ал 2008 жылы 40,5 мың орындық 60 мектеп, 2009 жылы 35,7 мың орындық 56 мектеп, ал 2010 жылы 36,95 мың орындық 48 мектеп енгізілді.
Негізгі және бейімдік мектептердің
білім мазмұнын анықтау жөніндегі
жұмыстар жалғасуда. Бастауыш білім
берудің мемлекеттік жалпы
2010-2011 оқу жылдарынан бастап білім берудің барлық деңгейінде аптасына бір сағат көлемінде «Өзін өзі тану» пәні енгізілді. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан 23 268 мұғалім өтті, соның ішінде 5 178 мектепке дейінгі ұйымдардың мұғалімдері. Бүгінгі күні білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарында 2 759 және жалпы білім беретін мектептерде 5 671 мамандандырылған кабинеттер құрылды.
Соңғы екі жылда физика және математика бойынша халықаралық олимпиядаларға қатысатын қазақстандық команда тұрақты түрде дүние жүзіндегі 15 ең үздік елдердің құрамына кіреді.
Жыл сайын Қазақстан оқушыларының халықаралық олимпиядаларында жеңіп алған медальдарының саны өсуде.
Мемлекетіміздің жас зиялыларымыздың халықаралық олимпиядалардағы жеңістері, Қазақстанның ТМД елдерінің арасында тұңғыш рет 2010 жылы 51 мерейтойлық халықаралық математикалық олимпияданы – ең абыройлы интеллектуалдық жарысты ұйымдастыруына алып келді, мұнда қазақстандық команда 98 дүние жүзі елдерінің арасында 5 орынды алды.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін модерлендіруге ықпал еткен шешуші жобалардың бірі – «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» жобасы болып табылады. Аталған мектептер балалар бақшасы, мектепке дейінгі және 12 жылдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және саралау бойынша межелі алаңдар болып табылады. 2012 жылдары республика аумағында 20 мектеп қызмет ететін болады.
2001 жылдан бастап қазақ және орыс тілдеріндегі электронды оқулықтарды әзірлеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп мазмұнындағы пәндердің 90 % сандық форматқа көшірілді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Республикада қосымша білім беретін 620 ұйым балалардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді. Әр бесінші оқушы қосымша білім беру ұйымына қатысады.
Республика бойынша 5 431 жалпы білім беретін мектептер спорттық залдарға ие. Оның ішінде стандартты спорт залдары мен спорттық жабдықтарға ие мектептердің үлесі 72%.
3. Техникалық және кәсіби білім беру
Қазақстан Республикасында 2010 жылы 882 техникалық және кәсіби білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындары қызмет етеді, соның ішінде 322 кәсіби лицей, 560 колледж. Соның ішінде 268 оқу орны (немесе 19,7 %) ауылдық жерлерде орналасқан. Республикада үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту (бұдан әрі – ҮИИД) жобалары үшін кадрлар дайындау бойынша ТжКБ 543 оқу орны іске тартылды.
ТжКБ оқу орындарында 609,0 мың адам, соның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 221,0 мың адам (немесе 36,3 %) білім алады. Техникалық және қызмет көрсететін еңбектің білікті мамандарын дайындау 177 мамандық пен 416 біліктілік бойы нша жүзеге асырылуда.
Соңғы екі жылда 3 кәсіби лицей салынды. Келесі құрылыстар жүргізілуде:
Шымкент қаласындағы өңдеу саласы үшін Еңбекті техникалық қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталық құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалында мемсараптамадан өткізілуде.
Соңғы үш жылда кәсіби лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту проблемасы шешіле бастады (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ), республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ), жұмыс берушілердің қаражаты есебінен). Республикалық бюджеттен «Өзін-өзі тану» кабинеттерін сатып алуға 14,5 млн. теңге бөлінді.
4.Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім
Қазіргі уақытта жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салаларының мамандарының бәсекеге қабілетті және жан-жақты мамандарды кәсіби даярлау талаптарын қамтамасыз ету қажеттігін, жоғарғы мектептің зияткерлік шамасын және тәжірибеге бағытталған іс-шараларын күшейту, оны ғылым мен өндіріспен сабақтастыру, халықаралық білім беру қалыбына (стандартына)сәйкес болуы қажеттілігі анықтап отыр.
Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру стандартының классификациясына сай келіп отыр.
Мамандарды даярлаудың үшдеңгейлі үлгісіне
(бакалавр – магистр – доктор PhD) өту үрдісі
жүзеге асырылып келеді. Жоғары білім
берудің сапалық кепілдігі мен қамсыздандыру
жүйесі құрылды.
2009 жылы жоғарғы оқу орны мен жоғарғы оқу
орнынан кейінгі білім берудің бакалавриат
– магистратура – докторантуралық білім
беру бағдарламаларын жалғастырушылығын
қамтамасыз ететін мамандықтарын жіктестіру
бекітілді.
Жоғарғы оқу орындарының Академиялық деңгейге еуі оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір көрсеткіші екенін білдіреді. Міне , сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назабаев 2010жылдың 10 қаңтарындағы өз жолдауында жоғарғы оқу орындары әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының санатына енуді көздейтінін атап өтті.
Астана қаласында әлемдік
Заманауи әлемде елдің әлеуметтік-экономикалық жетілдіру субъектілері болып табылатын жағдайлары мен қызметтері, құрылымдары өзгеріп жатыр. Университет білім беру жүйесінің ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның да локомотиві болуы керек. Осыған орай 2008 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарын басқарудың әріптестік органдарының жұмысын кеңейту мен басқаруға жұмыс берушілерді тарту, қамқорлық кеңесті құру жолымен корпоративті менеджмент үрдісі енгізілуде.
Қамқорлық кеңестері 65 жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеп жатыр. Университетті корпоративті басқаруды енгізуде Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған үлкен жұмысы болып табылады және әкімшілік реформасы шарттарына сәйкес болып табылады. Аталмыш еңбек жоғарғы оқу орындарында демократияландыру жүйесіне игі әсерін беруде.
(ҚазТЕСТ) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің деңгейін бағалау жүйесі жетілдірілу жұмыстары жүргізілуде. Тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің халықаралық жүйенің талаптарына сәйкес тест тапсырмалары мен өлшеу материалдарының нормалық негізін құрастыру жұмыстары жасалды. Қазақ тілін оқытуды жүйелендірудегі және тілді меңгеруді бағалаудағы мемлекеттік стандарт бекітілді.
Нормативтік құжаттармен және мемлекеттік стандарттармен сәйкес сөйлеу қызмет түрлер бойынша тестілік тапсырмалардың базасы құрастырған. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен тестілеу технологиясын жүргізу жұмыстары жасалды. 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақ» халықаралық стипендиясына ұсынылғандарға тест жүргізілуде.
ҚР білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың Елбасының Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша Жамбыл облысы активімен кездесуде сөйлеген сөзі:
Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында қойылған міндеттердің орындалу барысын қарастыру. Бұл міндеттер Президенттің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында тағы да толықты. Сонымен қатар, 5 қыркүйекте миллиондаған қазақстандықтар тыңдаған интерактивті лекциясында айтылды. Осының бәрі – Елбасы стратегиясының заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.
Алдымен – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы. Мұнда көптеген табыстарға қол жеткіздік. Бірінші жарты жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,6%-ға өсті. Бүгінде әр адамға шаққанда 12 мың долларға жақындады. Әлемде экономикалық дағдарыс болып жатқан кезде біз осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асуда. 2010 жылдан бастап 440 жаңа индустриалды объекті іске қосылды. Алдағы 5 жылда 250-ден астам кәсіпорын салынады. Оған 150 мың қазақстандық жұмысқа орналасатын болады.
Жыл басынан бері халықтың нақты табысы 13%-ға өсті.
Бізде жұмыссыздық деңгейі – 5,3%, жастар
бойынша – 3,8%.Еврозонамен салыстырсақ
Қазақстан Давос форумында жарияланған рейтингте айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде еліміз бірден 21 орынға көтеріліп, 51-ші орынға шықты.
Ешбір елде бір жылдың ішінде мұндай өсу болмаған. Бұл – бірегей көрсеткіш.
Информация о работе Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі