Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.
Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
Ауғанстанмен көршілес жатқан Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және тағы да басқа елдер үшін бұл өте ауыр мәселе болған еді. Америка Құрама Штаттары және бірнеше батыс елдері Орталық Азия мемлекеттері территориясына өз әскери базаларын орналастыра бастады. Өзбекстан мен Қырғызстан Республикалары өз әуежайларын және әуе кеңістіктерін американ және бірқатар батыс елдеріне берді. Қырғызстан Президенті А.Ақаев Американың Орталық Азия территориясында ұзақ уақыт болуына қарсылығын білдірді. А.Ақаевтың айтуы бойынша, Қырғызстан халықаралық коалициялық күштермен бірігіп, терроризмге қарсы күресте өз әуе кеңістігін және “Манас” әуежайын біржылдық мерзімге беретіндігі туралы келісім-шарт бекіткен. Сонымен қатар, Президенттің айтуы бойынша, бұл кезде американдықтар Орталық Азияда ешқандай ұзақ мерзім туралы айтпаған еді .
Сондай-ақ,
Қырғызстанның қабылдаған шешімі оның
ұжымдық қауіпсіздік келісім-
Орталық Азияға өз әскерлерін енгізген американдықтарға мұндай әрекет бұл территорияда өз ықпалын орнатуға көптеген мүмкіндіктер береді.
Орталық Азияға американ әскерлерінің енуі Ресей мен Қытайды мазаландырды. Орталық Азияны өздерінің өмірлік маңызы бра жерлері деп танитын Қытай мен Ресец бұл аймақтан өз ықпалдарын жоғалтпауға тырысады. Америка Құрама Штаттарының Орталық Азияда орынғуына қарсы олар ешқандай ашық контрадикция ұстанып отырған жоқ. Өзбекстан Республикасы да американдықтардың әскери базаларын орнатуы үшін өзінің әуе кеңістігін және әуежайын қолдануға берді. Өйткені, ол американ басшылығының жүргізуімен болып жатқан терроризмге қарсы әрекеттерін қолдайды. Оған келтіре кететін бірнеше себеп бар [18].
Біріншіден, ол Орта Азиядағы қақтығыс ошағы Ауғанстанмен көршілес орналасқан.
Екіншіден, Өзбекстанның өзінің ішіндегі көптеген мәселелер “Өзбекстанның Исламдық Қозғалысы” деген ұйымының өзі де оның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Үшіншіден, “Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты” және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы” шеңберіндегі ынтымақтастық оның қауіпсіздігіне ешқандай кепілдік бере алмады. Ал, американ терроризмге қарсы Ауғанстандағы әрекеттері бұл мәселелерді тез арада шешіп берді. Бұл дегеніміз Орталық Азияға төніп тұрған қауіптің түбіріне балта шабылды деген сөз. Ресейдің Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ықпалын жоғалтады деген болжамды қалай бағалауға болады? Ресей бұл аймақтан өз ықпалының ығыстырылуына жол бермеуге тырысуда. Ең алдымен, мәселе Ресей мен Ауғанстан арасындағы бұрыннан келе жатқан дәстүрлі байланыстар – экономикалық, гуманитарлық, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы айтып өткен жөн. Ауған қару-жарағының 100%-і дерлік бөлігі кеңес-ресей өнімі болып табылады. Ауған әскерлерінің құрамындағы әскери қызмет етушілердің көпшілігі КСРО-да немесе Ресей Федерациясында жаттықан. Жалпы, ауғандықтар ресейліктерді қолдайды. Ал, енді Орталық Азия мемлекеттеріне келетін болсақ, олардың мүдделері Ресеймен тарихи жанасқан. Бұл тек рухани саланы ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттердің Ресеймен достық қатынастарын, әскери-техникалық мүмкіншіліктерін, экономикамен байланыстарын да қамтиды. Жалпы, Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерінің сая келуі және олардың ықпал аймақтарына АҚШ-тың килігуі Өытайды да, Ресейді де мазалайды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі қандай да болмасын жиын барысында тараптардың ешқайсысының АҚШ туралы сөз қозғамайтынын байқаймыз. Осыған мысал ретінде 2001 жылы 4 маусымда Шанхaйда өткен Саммитте Өзбекстанның ұйымға қосылуынан кейін, басқа да Пәкістан, Үндістан және Монғолия, Иран сияқты елдердің де ұйымға қосылуға білдірген ниеттері біржақты қанағаттандырса, екінші жақты қанағаттандырмады. Осы орайда, Ресейдің сыртқы істер министрі С.Иванов “Қалау – бір нәрсеге қол жеткізуді білдірмейді. Әне, Америка Құрама Штаттары да бақылаушы болуды қалап отыр”, - деді [19].
Бұл ұйымның екі негізгі артықшылығы бар: біріншіден, Азиядағы АҚШ-тың қатынасуынсыз құрылған халықаралық ұйым және аймақта АҚШ-тың билеуіне қарсы салыстырмалы күш болып табылады, екіншіден, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаңа мүшелер қабылдауға дайын және ұлғаю тенденциясына ие. Бұл ұйымға қосылу ниеттерін білдірген мемлекеттер – Пәкістан, Монғолия, Түркіменстан және Үндістан. Бұл тенденцияны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының осы мәселеге сәйкес құқықтық негізі - Хартиясының жоқтығы тоқтатып тұр [20].
ШЫҰ-на мүшелердің енуі, әсіресе, Үндістанның енуі ұйымның әлемдегі ықпалын және оның жұмысының тиімділігін көтереді дейміз, бірақта, әрбір жаңа мемлекеттің ұйымға енуі әртүрлі жағымсыз мәселелерді әкелетендігін анық. Үстіміздегі жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанның Шанхай Ұйымына кіруіне еш қарсылық көрсетпейтіндігін және бұл екі елдің сыртқы саяси приоритетінде, көптеген халықаралық мәселелерге байланысты көзқарастардың барлығын ұқсастықтарының барлығын айтты.
Иранның ұйымға кіруі туралы ниетінің бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Иран АҚШ-тың наразылық саясатына қарамастан, Орталық зия елдеріне өзінің территориясынан өтетін транспорттық координаторлары, Парсы Шығанағынан порттарына қарай мұнай және газ құбырларын салуды ұсына отырып, тату көршілікті орнатуға талпынады. Иранның Шанхай ұйымы мүшелері үшін пайдасы зор. Өйткені, ол географиялық жағы өте табысты орналасқан мемлекеттердің бірі. 1992 жылы Иран Президенті Рафсанджани Иран территориясын Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттермен коммуникациялық байланыстарды қолдау үшін пайдалануды ұсынды. Иранның бұл елдермен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту саласында мүддесі бар. Иран мен Орталық Азия мемлекеттерінің арақатынасының сипатына келетін болсақ, Иранның мақсаты бұл елдерге өзінің ислам жолындағы қоғамдық даму моделін енгізу емес, өзінің географиялық жағдайын тиімді пайдалануға және Парсы Шығанағы мен Үнді мұхитына көліктік коридор салуына мүмкіндік беру[21].
Жоғарыдағы айтылғандардың барлығын қорыта келе, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ішіндегі қарым-қатынастардың келешектегі әрі қарай дамуына мынадай қорытынды жасауға болады, ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық барлық мүшелердің мүдделеріне жауап береді. Мүше мемлекеттер өздерінің көздеген мақсаттарына бір-біріне сенім, түсінік таныту, өзара бекітілген құжаттардың міндеттемелерін сақтай отырып қол жеткізуге талпынуы керек. Дегенмен де, ұйымның ұлғаю мәселесі кім-кімді болмаса да ойлантса керек. Өйткені, ұйым шеңбері ұлғайған сайын оның әрекет ету саласында, мүше мемлекеттердің мүдделері, арақатынастарында жаңа өзгерістер пайда бола бастайды. Сондаықтан да, қандай да өз қызметін жаңа бастаған бірлестіктің аяғынан тік тұрып кетуі үшін оған жан-жақты қолдау көрсету керек.
Сілтемелер
III-ТАРАУ. Орталаық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия
XX
ғасыр адамзат баласының
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және баска да әр түрлі халықаралык ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер кұрылды. 1980-1990 жылдар әлемдік деңгейдегі дамуда кұрделі өзгерістермен сипаттады. Бұл кезенде биполярлық жүйе өзгерді, "қырғи қабақ" соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралык қатынастар жүйесі біртіндеп ыдырай бастады. Міне осы оқиғалар 90-шы жылдары бүрынғы КСРО-ның орнында пайда болған жас тәуелсіз мемлекетгердің халыкаралык қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағытттарын айкындады. Бұрынғы КСРО құрамында болып, енді тәуелсіздік алып өз бетінше даму жолына түскен мемлекетгердің жаңадан қалыптасуы мен одан әрі алға басуы үлкен қиыншылықтармен басталып, бүгінде олардың әлеуметгік, экономикалық, мәдени салаларда қай-кайсысы болмасын бірте-бірте жан-жақты даму үстінде. Сондықтан Қазақстан баска да тәуелсіз мемлекеттер сияқты әлемдік кауымдастықта өзінің лайыкты орнын алу жолдарын іздестіруде. Соның ішіңде Қазакстан Орталық Азия мемлекеттерімен халықаралык қатынастар жүйесіне кіре отырып, жаңа үлгідегі ынтымақтастық пен қарым-катынастарды қальптастыруда. Халықаралық мәселелерді анықтауға келгенде Орталық Азия мемлекеттерінің тарихи дамуы, мәдени және әлеуметтік тұрмысы жақтарынан ұксастығы айқындай түседі, оларды шешуде аймактық және халықаралык аренада жаңа қауымдастық ретінде ұмтылыс жасайды. Бұл тенденциялар Орталык Азия мемлекеттерінін тәуелсіздік жолында одан әрі дамуын түсіндіреді. Бірақ Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде маңызды мәселелерді шешуде елеулі өзгешеліктер мен карама-қайшылықтар бар. Сол сияқты бүгінгі күні Орталык Азия мемлекеттері үшін маңызды болып отырған мынадай факторларды да атап өткен жөн. Олар территориясының үлкендігі, халқының санында көптігі, табиғи байлықтың, әсіресе мұнай мен газдын мол қоры, оларды әлемдік рынокқа тасымалдаудың жолдары т.с.с. Орталық Азия мемлекеттері бірынғай геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте орналасқандықтан да бірлесуге карай ұмтылуда. Соған байланысты бірлесудің түрлі жоспарлары, идеялары, жобалары жасалуда.
Оның казіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері Орта Азиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық тұтастықпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымақтасуға жетелейді [2].
Қазакстандық ғалымдардың пікірінше, "жаһандану жағдайында қарастырылатын әлемдік экономикалық жүйедегі ұлттық шаруашылыктың интеграциясы проблемаларын қарастырғаңда, аймақтық интеграция мәселелерін тыс қалдыруға болмайды [3].
Аймақтык құрылымдар қазіргі танда ғаламдастырудың негативті зардаптарына қарсы тұру үшін маңызды кұрал болып табылады. Мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халыкаралык валюта коры, Дүниежүзілік банк сиякты халықаралық институттардың кең көлемдегі ыңтымақтастығы және оның тиімділігіне көңіл бөлуі, әлемдік экономиканың күшеюі, ұлттық экономиканы объективті түрде аймактық интеграцияға итермелейді. Мұндай үрдістердің XX гасырдың 50-ші жылдарында Еуропа континентінен басталып, одан біртіндеп Азияға, Африка елдеріне, Латын Америка мемлекеттері мен АҚШ-қа таралғаны тарихтан белгілі [4].
Орталық Азия мемлекеттеріне өзінің экономикалық, мәдени және дәйекті саясаты мен жоғары дамыған Еуропа мемлекеттерінің басын косып отырған Еуропалық Одактың, Америка құрылығында НАФТА бірлестігі, Латын Америкасындағы МЕРКОСУР жөне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АСЕАН-ның іс-тәжірибелері үлгі бола алады. Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі таңдағы дамуы ұзак жылғы "оқшауланудан" кейінгі әлемдік саяси және экономикалық үрдістерге жеке қатысушы ретіндегі рөлге карай ұмтылумен сипатталады [5].
Қазақстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ыңтымактастығының қалыптасуының тарихи жолдарын көрсету, бұл ыңтымақтастықтың кандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның перспективалары мен бағыттарын айқындауда Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қол қойылған екі және көп жақты саяси-құқықтық, нормативтік қүжаттар [6].
Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деп аталатын еңбегіндегі Орталык Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені соңғы 500 жылдың ішінде тұңгыш рет біздің аймак дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймак болып отыр деген пікірлері толықтыра түседі [7].
Сілтемелер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тагылымдары және қазіргі заман. А., "Қазақстан". 1997. 24 бет.
2. Абдыгалиев Б. Государственная политика и межнациональные отношения в РК.-Алматы. 199б.-75 с.
3. Трофимов Д. Центральная Азия: проблемы этно-конфессионалбного развития.- М,: МГИМО. 1994.-55 с.
4. Штут Р. Борьба за власть и влияние в Центральной Азии/ Іnternatіonal polіtіc (на рус. яз.). 1998. 3. С. 37-4472