Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 00:00, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. XX ғ. аяғы жаңа халықаралық геосаяси ахуал, КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаральіқ қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы замаңға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мұның үстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.
Кіріспе ..............................................................................................
І -тарау. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны...................................................................................................
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері...................................................................
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары.............................................................
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа рөлі..........................................................
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері...............
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары..................................
III-тарау. Орталық Азия мемлекеттермен қарым-қатынасының тиімділігі.......................................................................
3.1. Орталық Азиядағы негізгі стратегия................................
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................
1995
жылы Қытай Қазақстанның
Қазақстан - Қытай қатынастарыңдағы ҚХР төрағасы Цзян-Цзэминнің 1996 жылы 4-6 шілдедегі Алматыға тұңғыш ресми сапарында Қытай Қазақстанның ЯҚТК ( ДНЯО ) қосылуын қолдады. Ал 1993 жылы Н. Назарбаевтың Пекинге сапарында Қытай позициясын былай жариялаған болатын: "ҚХР ядросы мемлекеттерге қатысты" күш көрсету қауіпін қолданбайды.
Қытайдағы ядролық қару теқ өзін-өзі қорғауға бағытталған.
Қытай мақсаты - ядролық қаруға жаппай тиым салу немесе жою .
Осыған қарағанда Қазақстан мен Қытай позициялары ядролық қаруға байланысты сәйкес келіп отыр.
Пекиндегі Цзян Цзэмин мен Назарбаевтың келіссөздерінде былай айтылған болатын:" Жыл сайын АҚШ-та әскери салаға 350 миллиард доллар, Жапонияда-30 миллиард доллар, ал Қытайда 7 миллиард доллар жаратылады" .
Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы, Қазақстандық ғалым Ж.Ш.Аманжоловтың көзқарасымен де келіспеуге болмайды. Оның ойы бойынша,"қауіпсіздікке берілген міндеттемелер заңды емес, тек қол қойған мемлекеттерге жүктейді". Осыған қарағанда, Қытаймен қатынастарды Қазақстан екі жақты немесе көпжақты сипаттағы халықаралық келісім- шартқа қол қою керек. Бұндай келісім - шарт Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болуы мүмкін [31].
Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы әскери салада сенімді күшейту қағидасына сүйенеді. Әскери салада сенімді тек қана ұжымдық формада ғана емес, екі жақты түрде де нығайтуда.
Жемісті әскери ынтымақтастықтың негізі ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынастар туралы Біріккен Декларациясында (1993ж. 18 қазан) салынды. Бұл құжатта алғаш рет әскери ынтымақтастықты дамыту, екі елдің әскери ведомстволары арасында байланыстарды нығайту, әскери салада сенім мен ынтымақтастықты күшейту мақсатында алмасу өткізу айтылды.
Декларацияда тараптар барлық дауларды бейбіт түрде шешуге келісті. Тараптар бір-біріне қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан бас тартады [32].
Қазақстан мен Қытай арасында әскери салада ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір мәселе бар. Ынтымақтастықтың тағы бір құқықтық негізі - ҚР-ның Қорғаныс Министрлігі мен ҚХР-ның Қорганыс Министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады (Пекин. 1995 ж. 11қыркүйек). Осы құжат негізінде (1996 жылы 5 шілде күні) Қазақстан мен Қытай арасында "Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Келісім бойынша, тараптар өздерінің зандарына сәйкес және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес, тәуелдік пен екі жақты пайда негізінде әскери- техникалық ынтымақтастықтың дамуына ат салысу және қорғаныс өнеркәсібінің қаруланған өндірістері арасында экономиканың және ғылыми-техниканың ынтымақтастығын дамытуға келісті.
Әскери ынтымақтастық бағыттары: әскери техника, қарулану (әдейі мүлік) өндірістерін, жаяу әскердің саймандары мен бөлшектерін, өскери-теңіз, әскери-ауа, ауа қорғаныс пен радиотехника әскерлерінің бөлшек пен саймандарын қою; біріккен ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар өткізу және тәжірибелі түрде арнайы мүлікті бірігіп өндіру; әскери-техникалық салада мамандар мен қорғаныс-ғылыми зерттеумен айналысатын мамандармен алмасу; ғылыми-техникалық ақпарат пен құжаттамамен алмасу; арнайы мүлікке ремонт жасау; модернизациялау және т.б.
Ынтымақтастық барысында туындайтын барлық сұрақтар ұйыммен өкілеттелген тараптармен (Қазақстандық тарапынан - ҚР экономика министрлігі, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитеті; Қытай тарапынан - ҚХАӘ (НОАК) бас штабы мен Қорғаныс ғылыми-техника және ҚХР қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитет) келіссөздер арқылы шешіледі. Ынтымақтастық барысында пайда болған нәтижелер, мәліметтер мен ақпараттар үшінші жаққа тараптардың келісімісіз берілмейді.
Қытаймен қатынастарды қауіпсіздікке байланысты жағымды деп бағалауға болады. Бұл ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотезалық қауіптерге қарамастан. Бұны Қазақстан мен Қытайдың әскери доктриналарының тек қорғаныс сипатта болатындығымен дәлелдеуге болады.
Мемлекеттің шекараларының қауіпсіздігі - мемлекеттің қауіпсіздігі екені бәріне мәлім. Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі жеке тақырып. Қазақстан мен Қытайда шекараға байланысты халықаралық құқықтық қағидалар ұстануда.
Қазақстан-Қытай шекарасы бұрынғы кеңес-қытай, немесе Ресей империясынан Кеңес одағына өткен шекара бөлігі болып табылады. Осы территорияда 15 г. қазақтар қазақ хандығын құрады [33].
1862
жылы Жәуешекте Пекин келісім
шартына сәйкес батыс шекараны
демаркациялау туралы
1915 жылы 30 мамырда "Хаттамасында" Харгос өзенін - Қазақстандағы Іле өзенінің бойы Ресей мен Қытай арасындағы аяқталған шекара ретінде белгіледі. Әрі қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы 1700 км, Шекара басқа да келісім шарттармен белгіленді. 1993 жылы Декларацияда былай делінген: "Тараптар бұрын болған шекараға байланысты кеңес-қытай келісімдерімен келіседі және шешілмеген мәселелерді халықаралық құқық нормалары, тең кеңестер өзара түсінушілік арқылы шешеді" [34].
1994
жылы 26 сәуірде ҚХР мемлекеттік
кеңес төрағасы Ли Пэннің
1999
жылы 5 мамырда Қазақстан
Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық дамуына ешқандай бөгет жоқ деп айтылады. Шекара мәселесі екі жақты қатынастардың күн тәртібінен толықтай алынып тасталды. Бұл Қазақстан мен Қытай үшін тарихи оқиға болып табылады.
Шекара
мәселесінің ішіне
Өзінің дамуында "Шанхай бестігі" алғашында шекаралық мәселелерді шешуге бағытталған, кейіннен көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық ұйымына айналды. Ұйымның даму перспективалары туралы алты жылдық ынтымақтастықтың дамуына қарап айтуға болады [36].
ҚР, РФ, ҚХР, Қырғызстан Республикаеы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттерінің екі негізгі құжатқа "Шекара бойында әскери салада сенім қадамдарын нығайту туралы келісімге" Шанхайда (Шанхай келісімі) 1996 жылы 26 сәуірде қол қоюға ұсыныстан басталды және "Шекара бойындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге", 1997 ж. 24 сәуірде Мәскеуде (Мәскеу келісімі) қол қойылды. Келісімге байланысты Біріккен Бақылаушы Топ құрылады және осы топ келісімнің сәтті жүзеге асырылуын жүргізеді. Бес мемлекеттің келесі сатысы 1998ж. 3 шілдеде өтті. Кездесу барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сөйтіп, ұйым біріккен қызметі тек қана шекара мәселесін шешуді қарастырған жоқ. 1999 ж.24-25 тамызда Бишкекте мемлекеттер басшыларының төртінші кездесуі өтеді. Онда Бишкек Декларациясы мен Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісуі туралы келісімге қол қойды [37].
Бес
мемлекеттің бірігуінің дамуындағы
тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында
Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау
органдары мен арнайы қызмет органдары
басшыларының кездесуі болды. Кездесу
барысында ынтымақтастық
2000
жыл ішінде-ақ қорғаныс
2000
жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің"
бесінші сатысы Душанбе
Душанбе
саммитінде халықаралық терроризм
мен діни экстремизмге қарсы күресу
саласында ынтымақтастықты
Душанбе декларациясынан басқа Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .
2001 жыл барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде әскери штаб басшылары мен үлттық координаторының кездесулері болып өтті. Ресей мен Қытай БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің түрақты мүшелері болып табылады. Осы жағдай да қауіпсіздікке әсер етеді.
Көпжақты ынтымақтастықты дамыту ШЫҰ мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Соңғы өткен кездесуде Қазақстан тарабы ұсынған 2001-2010 жж.. белгіленген мемлекет – қатысушылар арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың Жоспарының жобасы талқыланды.
"ШЫҰ-
әскери-саяси блок болып
Сөйтіп,
шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму
эволюциясында тиімділігін
ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа мемлекеттердің қатысу еріктерінен көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.
Қорытындылай келе, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық екі мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.
Сілтемелер