Жапония қаржы жүйесінің ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:55, реферат

Описание работы

Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы киын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40%-на айырылуы,ауырөнеркәсіпжабдықтарыньщ 30% жогалып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толыгымен жойылып кетті. Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.

Содержание

1. Жапония – ірі индустриалды держава
2. Жапон экономикалық ғажабы
3. Жапонияның қаржы жүйесі
4. Жапонияның салық жүйесі

Работа содержит 1 файл

реферат Жапония қаржысы.docx

— 40.05 Кб (Скачать)

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жапония қаржы жүйесінің ұйымдастырылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2012


 

Жоспар:

     1. Жапония – ірі  индустриалды держава

     2. Жапон экономикалық ғажабы

     3. Жапонияның қаржы жүйесі

     4. Жапонияның салық жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жапония – ірі индустриалды  держава

Соғыс аяқталған  соң Жапония экономикасы киын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40%-на айырылуы,ауырөнеркәсіпжабдықтарыньщ 30% жогалып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толыгымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азык-түлік жетіс-пеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50%-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шакканда элдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. 1946 жылы өнеркэсіп өнімінің деңгейі соғыска дейінгінің 14% кұрады. 1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қагаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауга тура келді. 1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондык Конс-титуция (Ата Заң) даярлап шығарды.

Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге  бөлінді.

1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі.  элемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жа-пония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған. 1949 жылы салык жүйесінде реформа жүргізілді. Жал-пы алганда салықтар көтерілді, тек корпорацияларга салына-тын салык төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпка келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары кысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы катардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.

Банк жүйесі секілді  саясаттардың басымды бағыттарын мем-лекет бакылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жогары көрсеткіштер көрсетті. 50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасынын өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаган болатын.

2-кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында  айтарлықтай кұрылымдық өзгерістер орын алды. 1951-1970 жж. аралағындаөнеркэсіпөнімініңорташажылдык көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі элем бойынша 2-ші орынға ие болды, ал 1970 жылы Жапония элемдік экспортта 4-ші орынға шықты.

Жапонияның ірі  державаға айналуына біршама  факторлар эсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:

    • энергоматериалдарды азайту аркылы өндірісті белсендіру;
    • электроника және технология салаларын толықтай игеру;
    • экономиканы реттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инф- 
      ляция, ұлттық валютанын тұрақтануы, нарықтық меха- 
      низмдерді кұру секілді қосалқы әдістер арқылы экономи- 
      каны реггеу;
    • сырткы  экономикалык  катынастарда да  көзге  көрінер 
      өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі ин- 
      вестиция күйып, экспортка деген тәуелділігінен біртіндеп 
      арыла бастады.

3-кезең: Интенсивті  үлгіге негізделген экономиканың  қаркынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер. Жапонияның сыртқы экономикалық катынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:

    • Ғылыми-техникалык өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен 
      пайдалану;
    • Өндірістің орталықтануы мен шогырлануын мемлекеттің 
      реттеуі;
    • Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал келемінің 
      көбеюі;
    • Жапония   менеджментінің   сырттан   келетін   импортқа 
      бейімделуі;
    • Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;
    • Ұлттык кірісті мемлекет саясатымен кайта қарауы.

Осының арқасында  Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия,  Австралия жэне  Жаңа  Зеландияның  нарык жүйелерін кеңінен басып алды. Жапония Шыгыс Азиядағы 4 ірі-ірі - Хоккайдо, Хансю, Си-коку жэне Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 372,2 мың кв км. Халкы - 122,2 млн-ға жуық. Астанасы - Токио. Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі діндері - синтоизм жэне буддизм. Ұлттық валютасы - иена. Жапония - конституциялық монархия. Конституция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.

Бүгінгі таңда өзінің экономикалык потенциалы жагынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $ (доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңцеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан элем бойынша бірінші орында.

Ауыл шаруашылығында шағын шаруа кожалығы жаксы дамыған. Басты ауылшаруашылық өнім – күріш, сонымен катар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ак балық аулау саласы.    Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдыктар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялык өнімдер. Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жарты-лай шикізаттар. жанармай жэне азык-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт - 126 млрд доллар болған.

90-шы жылдардағы  Жапония экономикасы ұзаққа созылган тоқыраудан бір жола шыға койган жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны - қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынга ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауга тэн жақтарын көрсете бастады. Осылайша 90-шы жылдардагы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сиякты мемлекет деңгейіндегі өзекті мэселелер болып саналды.

 

2.Жапон  экономикалық ғажабы

Жапондык экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ак көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде?

Бұл сұрақтардың  жауабы болып келесі факторлар саналады:

    • шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пай- 
      далана білу;
    • негізгі капиталды жаппай жаңарту;
    • ішкі нарыкты ұлгайту, соның ішінде аграрлық реформа 
      есебінен;
    • шетелдік   ғылыми-техникалық   жетістіктерді   молынан 
      пайдалану.

Сонымен қатар Жапон сарапшылары  мынадай ерекшеліктер-ді де атап қөрсетуде:

    • жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жа- 
      понияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. 
      Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
    • жапон кэсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл-ой өрісі;
    • экімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген 
      жалдамалы еңбектің дэстүрлі калыптасқан жүйесі;
    • капитал жинаудың жоғары мелшері;
    • жеке ғылыми - техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.

Сонғы кездері  бұл факторлар мыналармен толықтырылды: шикізат ресурстарының жоқтығы, Жапония импортпен 
қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% 
боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мүнай, 99,5% темір 
рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым 
жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пай- 
далану технологиясын енгізуге,  шикізат пен отынның 
альтернативті көздерін іздеуге итермелейді. Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстанды.

Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:

    • өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
    • еңбек өнімділігінің өсімі;
    • еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жүмыс 
      уақытын жоғалту;
    • жан басына шаққандағы табыс көлемінің өте жоғары- 
      лығы.

 

3. Жапонияның қаржы жүйесі

Жапонияда мемлекет өмірін камтамасыз-етуші бірнеше  бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталык бюджеттің жалпы шоты), инвестициялық бюджет (даму бюджеті) және бір-неше арнайы шоттар. Орталык бюджет табыстары салыктық жэне салықтык емес түсімдер есебінен қүралады. Баска дамыган елдерге карағанда Жапония бюджеті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84% - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25% жуық қамтамасыз етеді.

Салыктардан айтарлықтай  қомақты қаржыны жеке тұлгалар мен  заңды түлғалардың табыс салығы берді (шамамен 40%). Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын кызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер. Орталық бюджет шыгындары өзіне тән функционалдык белгілері бойынша құралады және мемлекеттің негізгі міндеттері мен кызметтерін көрсетеді. Олар, негізінен, экономикалық және элеуметтік шығындарды қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруга, мемлекеттік қарызды басқаруға. император сарайын камтамасыз етуге, басқару органдарына жэне басқа да максаттарға бағытталады. Ал, инвестициялық бюджет дегеніміз - күрделі салымдар мен зайымдардың жыл сайын бекітілетін бағдарламасы.

Арнайы шоттар болса - мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялар шоттарын, мүліктерін, қорларын қамтиды. Арнайы шоттардың көптігі Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі.Жергілікті билік органдарында шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар. Жапонияда бюджет жылы 1-ші сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады. Жоғарыда аталғандарға қосымша мемлекеттік инвестициялык бағдарлама атты жүйе іске қосылған. Түрлі кезеңді басынан кешіре отырып, бұл жүйе бүгінде Мемлекеттік займдар мен инвестициялар бағдарламасы деген атпен танымал (МЗИБ), Жалпы мемлекеттік бюджеттік каржыландырудан МЗИБ-ң айырмашылығы, бұл бағдарлама қаражаттары — қайтарымды, мерзімді, төлемді негізде беріледі.

Жапония Ата заңына сәйкес мемлекет қаражаттарын игеру  құқына парламент ие. Ал, бюджет орындалуын қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Жапония орталык  үкіметінің шығыстар құрылымы (бес жылдық кезенге орташа жылдык көрсеткіштер, % ).

 

2000-2005

2005-2010

Күрделі салымдар

18.1

14,0

Ағымдагы шыгындар

81,9

86,0

Соның ішінде:

   

• әскери

3,2

3,5

• мемлекет аппараты және полиция

10,0

10,8

•% мен мемлекет карызы бойынша төлемдер

8,6

9,1

• элеуметтік шығындар, соның ішінде:

51,1

52,6

• білім беру

11,7

11,6

• денсаулықсактау

 

 

 

 

1,2

1.2

• басқа да әлеуметтік қыз.көрсету

4,7

4,8

* халыкка төленетін төлемдер,

33,5

35,0

Сонын ішінде:

 

 

   

•кәрілік пен мүгедектік бойынша зейнетақы

27,5

29,0

Баска да ағымдагы шығындар

9,0

10.0

Барлығы

100

100


 

Жапон үкіметі  қарт адамдарға қолайлы жағдайлар туғызып, өмірлерін жаксарту мэселелеріне көп көңіл бөледі. 2005 жылы осы категориядагы адамдар саны, яғни зейнетакы жасындағы адамдар саны 5,2 млн жетуі мүмкін. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бизнестің дамуы-мен бірге қалыптасып, дамыды. Кәсіпорындар мен үйымдар таза пайдадан 34,5 пайыз мөлшерінде мемлекеттік табыс салығын. 1,67 пайыз мөлшерінде префектуралык табыс салығын, 4,12 пайыз мөлшерінде қалалык (аудан, поселка) табыс салығын төлейді. Шағын бизнеске 28 пайыздык мөлшерлемемен салық салынады. Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 10—50 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төлейді. Префектуралык табыс салығын 5; 10; 15 пайыздық мөлшерлемемен төлейді. Бұдан басқа алган табыс мелшерінен тэуелсіз әрбір жеке түлға 3200 иен мөлшерінде жергілікті табыс салығын төлейді.

Информация о работе Жапония қаржы жүйесінің ұйымдастырылуы