Зейнетақы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:55, реферат

Описание работы

Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау жүйесіне көшу.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 995.73 Кб (Скачать)

ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҒЫ

«Астана» жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы

 

  Қазақстанның зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесінде халықтың  жалпы санындағы қарт азаматтар  үлесінің артуына байланысты  объективті қиыншылықтар пайда  болды. Соның нәтижесінде елдің  зейнетақы жүйесін кешіктірмей  реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау жүйесіне көшу.

 Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі  «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың  тұжырымдамасынң мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан  Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз  ету туралың Заңы қабылданды.

 Қазақстанның зейнетақымен  қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа  ұшыратқан негізгі себептер мыналар:

 

 1. Халықтың қартаюы, туудың азаюы, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеушілердің арасындағы арақатынастың (арасалмақтың) кемуі.

 2. Бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті аударымдар мөлшерінің жоғары болуы (жиынтық шамасы 32%-ке жетті) және төлемдермен байланыстың болмауы төлеуден бас тарту, бюджеттен тыс қорларға ұсынылатын есеп берулерде табысты азайтып көрсету, белсенді жарғылық қызметін тоқтатпаса да салық органдарына тіркелуден қашу секілді әрекеттердің тұрақты сипат алуына әкеп соқтырды. Зейнетақы қорларына түсетін түсімдердің аз болуы — өз кезегінде төлемдердің азаюына және аз да болса төлеп тұратын төлеушілерді салықты мүлдем төлемеуге итерлемеген табыстың мағлұмдалған бөлігінен өндіріліп алынатын салықтың өсуін тудырады.

3. Зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің болмауы қарттықты қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды.

4. Шаруашылықты дербес жүргізушілерге бақылаудың мүлдем болмауы. Мәселен, 1996 жылдың бірінші жартысында кәсіпорындар жарнасының сомасы 34,7 млрд теңгені құрады, ал шаруашылықты дербес жүргізулерден түскен жарна – 2,4 млрд теңге ғана.

5. Бюджеттен тыс қорлар қаражатының қалай пайдаланатыны бақыланбады.

 6. Облыстардың жергілікті түсімдерден зейнетақыны төлеу бойынша мүмкіндіктері бірдей емес. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсімдерді қайта бөлудің механизмін жасады. Ай сайын жиналған 30% жарна республикалық шотқа бағытталып отырды. Министрлік бұл түсімді тапшылығы бар облыстарға бөліп береді. Облыстар бойынша зейнетақы төлемдеріндегі айырмашылық әділетсіздік болып табылады, бұл халықты әлеуметік тұрғыдан қорғаудың ұлттық ынтымақтастығына салқынын тигізеді. Оның үстіне, бұл тиімсіз. Табысы жоғары облыстар барлық жарнаны жинауға аса ынталы болмайды, өйткені олар – әсіресе, сақтап қойған 70% түсімдерінен өздерінің зейнеткерлеріне төлеуге мүмкіндіктері болса – олардың зейнеткерлерге төлейтін сомасынан асатын түсімдердің көп бөлігінен немесе барлығынан айырылып қалады. Қазақстан зейнеткерлер мен салымшылардың қайда өмір сүретініне қарамастан оларға бірдей қызмет көрсетілетін зейнетақы мен түсімдердің нақты ұлттық жүйесіне көшуі керек.

7. Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына әкелетін жергілікті жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы бір жағынан – аймақтық деңгейдегі операциялар министрліктің бөлімшелерімен жүзеге асырылады, екінші жағынан – барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынады.

8. Зейнеткерлерге уақытылы төленбеген зейнетақы төлемдер ондаған миллиард теңгеге жетті.

 Зейнетақы реформасын  жүзеге асырудың нәтижесінде  зейнетақыға кететін шығындардың  үлес салмағы кеміп, әлеуметтік  сақтандыру бюджетінде қаржылық  ресурстардың жинақталуын қамтамасыз  ететін табыс өсті.

 Бұл ресурстарды мемлекеттік  тұрғыдан қорландырылған зейнетақы  сызбаларын нақты әрекетке енгізу  үшін пайдалануға болады. Зейнетақы  шығындарының үлес салмағының  кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік сақтандырылған тұлғалардың үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтандырудың жүйесіне белсенді қосылуға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруы қажет.

 Оның жүзеге асырылуы  мемлекеттің макроэкономикалық  жағдайына жағымды әсерін тигізеді  деп болжанған болатын, мемлекеттік  тұрғыдан қорландырылған зейнетақы  мен жеке зейнетақы қорларының  енгізілуі Қазақстанның капитал  нарығын дамытуға ықпалын тигізетін  ауқымды да, ұзақ мерзімді қаржылық  капиталдың қалыптасуын қамтамасыз  етеді. Сонымен қатар, жұмыс  берушілерге арналған әлеуметтік  сақтандырудың мөлшермесін кеміту  және осы жүйеге кіруге мүдделік  танытушылардың көбеюі көлеңкелі  экономиканың үлес салмағын азайтады.

 

Зейнетақы нарығы (шолу – қаңтар-ақпан 2012 жыл)

 

2012 жылдың 1 қаңтары қазіргі  экономика тарихында зейнетақы  қорының инвестициялық портфельдерін  сақтанымпаздық және бірқалыптыға  бөлу туралы заңының күшіне  енген мерзімі ретінде қалады. Мұны білмейтін адамдар үшін  ол практикалық тұрғыдан әрекетін  анықтау қиынға соғатын тағы  бір заң болып табылады. Бірақ,  егер сіз «өз ақшаңыз» тұрғысынан  инвестициялық қорларды ойлайтын  болсаңыз, онда жаңалық біздің  көз алыдымызда маңызды мағынаға  ие болады. Бұл құрылым нені  анықтайтындығына нақты тоқталып  өтсек. 

 

Осы кезеңде жинақталған  инфляция деңгейі 61 пайыздан асса, 2006 жылдың қыркүйегінен бастап 2011 жылдың қыркүйегіне  дейін 32,25% құрайды. Яғни, орташа қорлардың  жылдық табысы 6,53%,  ал инфляция шамамен 12% құрайды. Осыдан, қор табыстары  өсіп келе жатқан инфляцияны жабады, және біздің қаражатымыз «шотымызда»  күйіп кетеді. Рейтингілік шолулар  мынаны констатациялайды: зейнетақы  қорлары инвестициялық табыстың кері динамикасын көрсетуде. Жақында  өткен баспасөз конференциясында пенсионные фонды продолжают показывать отрицательную  динамику инвестиционной Ұлттық банк басшысы «Әркім өзіне ұнайтын  санды таңдайды. Және өзіне қалай  ыңғайлы болса, солай ұтылады» деп  дұрыс атап өтті. Басқа сөзбен айтсақ, кез-келген шолу немесе рейтинг таңдалып алынған уақыт бөлігінде ғана мағынаға ие. Ал табыс нәтижелері немесе қордың шығынға ұшырау нәтижелерін  зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап қарастыру керек, себебі зейнетақы  активтері – бұл инвестициялаудың ұзақ мерізімдік құралы болып табылады. Ұлттық Банк төрағасы Григорий марченко МЖЗҚ мәліметтері бойынша 1998 жылдан бастап осы қордың жинақталған табысы – 341% құрайды, және де соңғы 14 жылда  жинақталған инфляция – 218% құрайды. Осы жағдайда таңдалып алынған сандарға байланысты, ірі зейнетақы қорының  табысы инфляциядан 1,5 есе артық.

 

Жылдың алғашқы айындағы зейнетақы нарығының мәліметтерін келтірсек. ҚР Жинақтаушы зейнетақы  қоры (ЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы  қорының жалпы сомасы қаңтар айында 1,7% артты және 2012 жылдың ақпан айында 2696,2 млрд. теңгені құрады. Салдымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударылған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» инвестициялық табыс  сомасы комиссиялық сыйақысын қоспағанда, 2012 жылдың 1 ақпанында 574,6 млрд. теңгені  құрады. Үш қордағы K2 (табыс коэффициенті), зейнетақы инвестицияларын бөлудің  алғашқы айында сақтанымпаздық және бірқалыпты инвестиция портфелі бойынша  инфляция деңгейінен асты. Тағы бір  тарихи рекорд: биылғы жылдың ақпанында  жылдық есептегі инфляция 4,7%  құрады (2011 жылдың желтоқсанында – 7,4%). Бұл 1999 жылдың мамыр айынан бастап жылдық инфлячцияның ең төменгі деңгейі. Бірақ, өзіміз білетіндей, зейнетақы қорларының инфляциясы мен табысы – бұл әртүрлі  реттіліктегі сандар, олар зейнетақы  активтерін бағалау үшін қажет. Сондықтан, ақпанда зейнетақы қорларының күтілетін  жоғары немесе төмен табыстылығы  туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ. Біздің жаңа тарихымыз 2007 жылдың мамыр  айында болған жинақталған инфляцияның 19,5%-дағы ең жоғарғы көрсеткішімен  таныс және сол кездегі табыстың жинақталған мәні 9,8% құрайды.

 

Кез-келген жағдайда, Ұлттық Банктің ҚБК ұсынған көрсеткіштер, қиялдауға болмаса да, осы екі  әртүрлі полюстік көрсеткіштерді салыстыруға  мүмкіндік береді. Жоқ дегенде  қартайғанда қамсыз өмір сүруге қажетті  зейнетақы табысын. Инфляция – осы  кезеңдегі әрбір адамның болашаққа  деген қорөыныш факторы секілді. Осыдан барып, зейнетақы жүйесі сыншыларының зейнетақы қоры практикасына салымшыларының қаражаттарын барынша тиімді құралдармен  инвестициялауды ұсынады, ол жеке экономикадан тәуелсіз болуы керек. Мысалы, рейтингі жоғары шетелдік инвестициялық құралдарды. Бірақ, өзіміз білетіндей, табыс жоғары болған сайын, инвестиция тәуекелдері  де арта түседі. Зейнетақы қорларын сақтанымпаздық және бірқалыпты инвестиция портфеліне диверсификациялау туралы жаңа заңды шығарушылар ең алдымен  осы ұстанымға сүйенген. Жаңа ережелерге сәйкес, нарық инвестицияларды тиімділігі жоғары – бұл зейнетақы жасындағы  салымшылардың активтері, және бірқалыпты – бұл өзгелердің активтері деп  бөледі. Осылайша, зейнеткерлік жасқа  жеткен немесе жақын арада зейнетке шығатын азаматтардың қаражаты мүмкіндігінше  тұрақсыздықтан сақтандырылады. Әрине, қолыңда ең сенімді қор болса  да, басты ережені негізге алу  керек, себебі дағдарыс болған жағдайда сіз одан толық айырылуыңыз мүмкін. Байқағанымыздай, бүгінде біздің нарығымыз  бірінші дағдарыс толқынынынан кейін  бір демалып қалғандай. Өзіміздің  зейнетақы активтерімізді сақтап қалу үшін және оларды көбейту үшін жаңа заң енгізілді.

 

2012 жылдың 1 наурызында осы  мерзім бойынша номиналды табыс  туралы алғашқы мәліметтер жарияланды. Және алғаш рет табысты өлшеу  зейнетақы қоры инвестициясының  екі түрімен анықталады. Жағымды  динамикаға үміт артсақ та, алтын  қағиданы естен шығармау керек:  мемлекетке үміт арту керек,  және өзіміз де қапы қалмайық.

 

2012 жылдың 1 наурызындағы әл-ауқатымыз бойынша  жинақтаушы зейнетақы қорларының  номиналды табыс коэффициенттері  туралы МӘЛІМЕТТЕР: Дереккөзі: ҚР Ұлттық Банкі ҚБК

 

 

 

Сақтанымпаздық инвестициялық  портфелі бойынша К2

Бірқалыпты инвестициялық портфель бойынша К2

ЖЗҚ

ақпан 2011 жыл – ақпан 2012 жыл(12)

ақпан 2009  жыл– ақпан 2012 жыл (36)

ақпан 2007 жыл – ақпан 2012 жыл (60)

ақпан 2011 жыл - ақпан 2012 жыл (12)

ақпан 2009 жыл - ақпан 2012 жыл (36)

ақпан 2007 жыл - ақпан 2012 жыл (60)

«Жетысу» ООИУПА АҚ

х

х

х

х

х

х

"ҰларҮміт" АҚ

0,16

18,11

16,40

0,17

18,12 

16,41

«GRANTUM Asset Management» ООИУПА» АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес кәсіпорны)

     

х

х

х

"ГРАНТУМ ЖЗҚ" АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ ЕК)

4,64 

 

23,51

34,37

4,98

23,91

34,81

Атамекен ЖЗҚ" АҚ "Нурбанк" АҚ ЕК

2,08 

14,03

30,00 

1,48 

13,35

29,22

«Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ  АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕК

-0,82 

 

20,25

28,94

1,07 

22,54 

31,40

"МЖЗҚ" ЖЗҚ АҚ

2,72 

16,53

30,92 

4,48

18,53 

33,16

«Индустриалды Қазақстан» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұрынғы атауы " Қазақмыс ЖЗҚ" АҚ)

1,06 

3,63

16,21 

0,69

3,25

15,78

"НефтеГаз-Дем" ЖЗҚ" АҚ

4,88 

19,22

41,17 

4,77 

19,09 

41,01

"Астана ЖЗҚ" АҚ

6,69 

20,29

28,78

7,61 

21,33

29,89

"Отан" ҚЖЗҚ АҚ

1,72 

8,15

24,04

0,56

6,91

22,63

" Капитал ЖЗҚ"-"Банк ЦентрКредит"  АҚ еншілес кәсіпорны

3,52 

 

17,28

38,78 

3,04 

16,74 

38,14

"Республика ЖЗҚ" АҚ

2,30 

17,97

-

3,01

18,78

-

ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша  номиналды табыстың орташа өлшенген коэффициенті

1,45 

18,21 

26,21

2,37 

19,22

27,34

ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша  номиналды табыстың түзетілген орташа өлшенген коэффициенті

х

х

24,91

х

х

26,75

Табыстың минималды мәні

х

х

17,44

х

х

18,72

Инфляцияның жинақталған деңгейі

4,70 

22,34

57,99

4,70

22,34 

57,99


 

«Астана» жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік  қоғамы

 

Қордың  тарихы

«Астана» ЖЗҚ тарихы, Қор  лицензияны алып, өз қызметін бастаған уақыттан с 2011 жылдың 3 тамызынан  басталады.

«Астана» ЖЗҚ еліміздің  аса қуатты энергетикалық және өнеркәсіптік кешенінде қалыптасқан екі Зейнетақы  Қорының негізінде құрылды.

 

«Еуразиялық» ЖЗҚ:

1998 жылғы 29 қазанда   Қор заңды тұлға ретінде құрылды;

1999 жылғы 8 шілдеден бастап  өз қызметін зейнетақы қызметтер  нарығында жүзеге асырды. Жұмыс  істеу барысында ҚР бойынша  16 өкілдік құрылды;

2008 жылғы 13 мамырда   Қор зейнетақы активтерін өз  бетінше басқаруға лицензия алды;

2008 жылғы 7 тамызда   Қор өз атауын «Сенім» ЖЗҚ»  АҚ-нан «Еуразиялық жинақтаушы  зейнетақы қоры» АҚ ауыстырды;

2008 жылы қыркүйек айында  Қор өзіндік капиталының жеткіліктілік  коэффициенті К1 бойынша жетекшілер  үштігіне кіріп, еркін зейнетақы  жарналарының көлемі бойынша  жетекшілік орын алды;

2010 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне  дейін  номиналды кірістің  коэффициенті (К2) бойынша жетекшілер  үштігіне кірді, Қордың инвестициялық  кірісі инфляция деңгейінен асып  кетті;

2010 жылдың 1 қазанынан 2011 жылдың 1 мамырына дейін Қор номиналды  кірістің коэффициенті (К2) бойынша  зейнетақы нарығының жетекшісі  болды.

 

«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» ЖЗҚ:

1997 жылы 20 қарашада  Қор  «Д.А. Қонаев ат. Ашық Жинақтаушы  Зейнетақы Қоры» ретінде құрылды;

Фонд Қор елімізде лицензия алған алғашқы алты жинақтаушы зейнетақы  қорлары қатарына кіретін;

2007 жылы 7 ақпанда  «Д.А.  Қонаев ат. АЖЗҚ» АҚ-на «Валют-ТранзитФонд»  АҚ қосылу нәтижесінде, ол активтерді  өз бетінше басқаруға лицензияны  алды;

2008 жылы 21 тамызда  Қор  «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» Жинақтаушы  Зейнетақы Қорына айналды;

Жұмыс істеген уақыты бойы салымшылардың ыңғайлылығы үшін 60 аса аймақтық бөлімшелер ашылды.

 

Біріккенге орай, "АСТАНА" ЖЗҚ еліміздің зейнетақы жүйесінде  қызмет көрсетілетін салымшылар саны бойынша бірден төртінші орын алып, аса ірі нарық қатысушыларының  бірі болып келді.

 

"АСТАНА" ЖЗҚ міндеті:

Адамдардың зейнетақы  жинақтарын көбейту қамын ойлап, оларға ертеңгі күнге сенмділік  беру!

 

Қордың  қызметтері

- Салымшылар үшін:

Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы келісім-шарттарды сізге  ыңғайлы кез-келген уақытта, сізге  барып жасасу. Келісім-шарттың түпнұсқасы жоғалған жағдайда, оның телнұсқасын  беру.

Зейнетақылық жинақтарды есепке алу – салымшылардың/алушылардың  жеке зейнетақы шотындағы зейнетақылық жинақтарды дербес және күн сайын  есепке алу.

Информация о работе Зейнетақы нарығы