Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 23:03, доклад
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді.
Ирактың Иранға қарсы 8 жылдық соғысында Батыс пен араб елдерінің көпшілігі Ирактың бұрынғы режиміне көмектерін аямады. Химиялық және микроптық қаруларды тұтынушы ретінде Ирактың БААС үкіметі де, Ирак үкіметін тыйым салынған осындай қарулармен жабдықтаған үкіметтер де халықаралық құқықты бұзды. Сардашт қаласы - дүниежүзінде химиялық қару-жарақтың құрбаны болған алғашқы қала. Бұл шабуылда қаланың 110 тұрғыны қаза болып, 8 мың адам улы газдармен уланды. Ирактың қырғи ұшақтарының Халабче қаласына жасаған химиялық шабуылында кемінде 5 мың адам қаза болып, 7 мыңнан астам адам жарақат алды. Бірақ халықаралық және адамзат құқығы ұйымдарының бірде-бірі бұл шабуылға көңіл аудармады. Бұл қаруларды Америка, Батыс Германия мен Нидерланды сынды мемлекеттер Иракқа жеткізіп отырғанын біліп жүргендеріңіз артық етпес.