Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 23:03, доклад
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді.
Ядролық қару
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтезреакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.
Ядролық қару орталығы
Ядролық қарудың
өзінен, оны жеткізетін құралдардан
(зымыран, торпедо, ұшақ, артил
Ядролық қару
Ядролық қару жаппай
қырып-жою құралы ретінде қысқа
мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды,
өнеркәсіп және әскери нысандарды,
әскерлер тобын, флот күштерін талқандау,
қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру,
жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар
үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға
күшті моральдық және психологи
Екпінді толқын
Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.
Өтпелі радиация
Өтпелі радиация
(ядролық жарылыс кезіндегі
Электр-магниттік импульс
Электр-магниттік
импульс (ядролық жарылыстар кезінде
пайда болатын қысқа мерзімдік
электр және магниттік өрістер) антенналарға,
сымдарға, кабельдік тармақтар мен
байланыс құралдарына әсер етіп, істен
шығарады. Ядролық қарудың жасалуы
20 ғасырдағы ядролық физиканың да
Атом бомбасын сынау
Ядролық жарылыс
Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында
1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда
әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын
2атом бомбасы Жапонияның Хирос
Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақс
Ядролық қарудың әлемдегі запастары
1947 |
1952 |
1957 |
1962 |
1967 |
1972 |
1977 |
1982 |
1987 |
1989 |
1992 |
2002 |
2009 | |
АҚШ |
32 |
1005 |
6444 |
≈26000 |
>31255[2] |
≈27000 |
≈25000 |
≈23000 |
≈23500 |
22217[2] |
≈12000 |
≈10600 |
5113[3] |
КСРО/Ресей |
0 |
50 |
660 |
≈4000 |
8339 |
≈15000 |
≈25000 |
≈34000 |
≈38000 |
≈25000 |
≈8600 |
≈2800 | |
Ұлыбритания |
20 |
270 |
512 |
160[4] | |||||||||
Франция |
36 |
384 |
384 | ||||||||||
Қытай |
25 |
400 |
|||||||||||
Үндістан + Пәкістан |
<100 |
||||||||||||
Израиль |
≈200 |
||||||||||||
Барлығы |
32 |
1055 |
7124 |
>30000 |
39563 |
>40000 |
≈50000 |
≈57000 |
63484 |
<40000 |
<20450 |
Сілтемелер
Ядролық қарудың таралуының қауіп-қатері
Көп адамды өлтіріп, адамның еңбегімен жасалған заттар мен қоршаған ортаға көп шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені бұл зиянды салдар көп уақытқа дейін сақталып қалады.
Соғыс адамзат тарихының айтарлықтай бөлімін құрайды. Расында адамзат Жер бетіне келгеннен бастап пайда табу үшін басқаларға үстемдік ету жайлы ойланып келеді. Бірде-бір адам басқа біреудің оған үстемдік етуін қабылдамайтын болғандықтан, адамдар арасында соғыс пен қақтығыс басталды. Бастапқыда садақ, балта мен найза сынды алғашқы қарулар пайдаланылатын. Бірақ уақыт өте келе адамның өміріндегі дамулардың (жетістіктерінің) арқасында бұл суық қарулар танк пен зеңбірекке айналды. Сөйтіп соғыс әдісі өзгерді. Адам қарапайым түрде еңбек етіп, дұшпанына көп шығын келтіре алатын болды. Дамыған, жаңа технологиялардың пайда болуының арқасында қару шығару да кеңейіп, жаппай қырып-жоятын қару сынды қару-жарақтар ортаға келді. Ядролық бомбалар, химиялық және микробиологиялық қарулар осы топқа жатады.
Біз осы бағдарламамыздың арқасында сіздерді ядролық қарулардың жаңа буыны және олардың салдарымен, сонымен қатар ядролық қаруларды таратпау келісімхаттары және олардың жүзеге асырылу үдерістерімен таныстыратын боламыз. Сондай-ақ, зардабы болатын ащы ядролық оқиғалардың алдын алудағы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың рөлдеріне, ядролық қаруды таратудағы алпауыт державалардың мақсаттарына тоқталатын боламыз. Бүгінгі бағдарламада жаппай қырып-жоятын қаруларды жалпы қарастыратын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Көп адамды өлтіріп, адамның еңбегімен жасалған заттар мен қоршаған ортаға көп шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жрятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені бұл зиянды салдар өзін біраз уақыт сақтап қалады. Мұндай қарулардың қауіп-қатері мен салдарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларының атомдық бомбамен бомбалануы тарихи оқиғасында 200 мың адам қаза тапты. Бұл есеп оқиғадан кейінгі жылдары обыр және басқа да ауруларға шалдығу мен радиоактивті заттардың адам бойына әсер ету салдарынан қаза болған жандардан басқа. Жарылыстан бірнеше жыл өткен соң мыңдаған кемтар, мүгедек сәбидің дүниеге келуі мен өмірін қайғы-дертпен өткізулері осы оқиғаның тағы бір бөлімі болып табылады.
Жаппай қырып-жоятын қарулардың арасында химиялық, микробиологиялық және атомдық қарулар «күрделі қарулар» деп аталады. Бұлардың ішінде атомдық қарулар ең зиянды қару болып табылады. Радиоактивті атомның жарылыс пайдаланылып, ядролық жарылыс немесе басқа да өзгерістің салдарынан заттарды, қоршаған ортаны жоғары деңгейде қирата алатын немесе зиян келтіретін қарулар «атомдық қарулар» деп аталады. Бұл қарулардың бірінші және екінші буынына атомдық және термоядролық бомбалар жатады. Бұлар 1940-1950 жылдар аралығында шығарылды. Қазірге дейін сынақ үшін жарылған термоядролық бомбалардың ең күштісінің қуаты Хиросимада жарылған бомбаның күшімен салыстырғанда 2500 есе артық. Бұл бомбаны 1961 жылдың қазан айында орыстар Ресейдің солтүстігінде, Антарктидада орналасқан Митушикабай аралының көгінде сынақтан өткізді. Жарылыстың мақсаты америкалық бақталасқа технология мен күшінің дамығандығын дәлелдеу болды.
Ядролық қарулардың
үшінші буыны нейтрондық бомбалар сынды
бірнеше түрлі ядролық
Жаппай қырып-жоятын қарулардың арасында күрделі қарулардың бірі биологиялық қарулар болып табылады. Бұл қарулардағы бактерия, вирус, микроп пен т.б. заттар дене ішінде таралып, адамды, жануар мен өсімдіктерді (жалпы тірі затты) ауруға немесе өлімге ұшыратады. Қазіргі кезде топалаң, шешек және оба ауруларын тудыратын факторлар дүниежүзінде биологиялық қарулардың ең қауіпті зияндарына жатады.
Шешек ауруы - адам мен жануарларға тән ескі аурулардың бірі. Бірақ қазіргі кезде бұл аурудың көзі жойылғандықтан, шешек ауруының вакцинасын егудің қажеті жоқ. Алайда АҚШ пен Ресей бұл вакцинаны өздерінің микроптық коллекцияларында сақтап, әлемге таратылмас үшін арнайы жағдайда сақтауда дейді. Олар бұл аурудың үлгілерін микроптық қаруларында пайдаланған болатын. Бірақ алпауыт державалардың тойымсыздығына көңіл бөле, олардың сөздеріне толықтай сенуге болмайды. Өйткені қауіпті бұл вирусты сақтау үшін бірде-бір себеп жоқ. Шешек ауруының вирусы қысқа уақыттың ішінде көп адамның ажалына себеп бола алады. Америка әуе күштерінің мәлімдемесі бойынша, егер 3 млн адам осы вируспен уланса, 2 айдың ішінде 1 млн адам өлімге ұшырайды.
Қауіпті оба ауруы да – адам мен жануарларға ортақ аурулардың бірі. Бұл ауру осы ауруға шалдыққан науқастардың 90-100 пайызын өлімге ұшырата алады. Аталмыш ауру дем алу жолдары арқылы жұғады. Қазіргі уақытқа дейін бұл вирусқа қарсы екпе шығарылмаған. 1347 жылы Еуропада оба ауруының кеңінен таралуының салдарынан бұл құрлықтың 25-35 пайыз тұрғынын өлімге ұшыратты.
Топалаң ауруы – адам мен жануарлар арасында кездесетін жұқпалы, қауіпті ортақ аурулардың бірі. Тіпті жел соқпай, күн ашық кезде тұрғын аймақта 100 кг топалаң вирусын тарату арқылы биологиялық шабуыл үш миллионнан астам адамның өліміне себеп болуы мүмкін.
Химиялық қару да күрделі қарулар тобына жатады. Химиялық қарулар газ, сұйық және қатты күйде адам, жануарлар мен өсімдіктерді уландыру үшін қолданылатын барлық химиялық заттарды қамтиды. Химиялық қаруды таратпау, өндірмеу, сақтау және пайдалануға тыйым салатын конвенцияда химиялық қарулар осылай сипатталған. 1915 жылы Германия химиялық қаруды алғаш рет пайдаланған кезде дүниежүзілік қауымдастық бір ауыздан бұл әрекетті айыптады. Сол себепті 1919 жылы Версаль хаттамасын дайындау кезде хаттаманың 17-бабында: «Тұншықтыратын, уландыратын газдар мен осыған ұқсас барлық сұйық заттарды пайдалануға тыйым салынады»,- деп жазылды. 1925 жылғы Женева протоколының алғы сөзінде: «Өркениетті әлемде дүниежүзілік қауымдастық химиялық және биологиялық қаруларды жек көреді. Сондықтан бұл қаруларды пайдалануға тыйым салу халықтардың ожданына сәйкес келеді»,- деп қуатталған. Халықаралық протоколдар мен хаттамаларда келтірілген тыйым салулар мен талпыныстарға қарамастан, АҚШ Вьетнамдағы агрессиясында Оңтүстік Вьетнамдағы ұлт-азаттық қозғалыспен соғыста жеңіліске ұшыраған соң осы ел халқына қарсы химиялық және биологиялық қаруларды қолданды. Қауіпті биологиялық қарулардың салдары әлі күнге дейін осы елді мекеннің табиғаты мен бүгінде дүниеге келіп жатқан ұрпақтарының бойынан анықталып отыр. 1980 жылдары Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысында Батыстың қолдауының арқасында химиялық қаруларға жеткен Ирак диктаторы Саддам Иран халқы мен жауынгерлеріне қарсы түрлі қауіпті қарулар пайдаланды. Бұл қарулар ішектердің күшті қабынуы, кома, көздің шырықты қабығының ісігі, лоқсу, дем алудың алдын алу, соқырлық, теріге күшті жара шығу сынды түрлі ауруларға, кейін өлімге душар етті.