Валюталық жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 11:36, контрольная работа

Описание работы

Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Содержание

Кіріспе
Валюта жүйесінің мәні және дамуы
Валюталық жүйе даму кезеңдері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Контр.работа по валют.операц.+.docx

— 33.33 Кб (Скачать)

Кейіннен классикалық  алтын монета стандарты өзін түсіріп  алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың  ша-руашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валюта -лық шектеу енгізілді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  тұсында пайда болған валюталық  былықтан соң, алтын және жетекші  валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты кұрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық  жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз  стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңцерде резервтік валюта мәртебесі  ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ  доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық  жүйе 1994 ж. Брет-тон-Вудстағы (АҚШ) валюта-қаржы  конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің  мынадай қағидалары анықталды:

 • алтынға және  екі резервтік валютаға (АҚШ доллары  және фунт стерлингке) негізделген  мемлекетаралық алтын девиздік  стандарттың жүйесі белгіленді. Бүл жерде алтын девиз стандарты  халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын  несиелік ақшаларға негізделді.

 Бреттон-Вудс келісімі  бойынша алтынды пайдаланудың  төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті  және олардың Халықаралық валюталық  қорда есепке алынуы, халықаралык  есеп айырысулардың қалдығын  жабатын ақырғы құрал және  халықаралық валюта өтімділігінің  компоненті. АҚШ долларын алтынға  теңестіру және оны шетелдік  орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар  ресми бағада айрбастау жүзеге  асырылып, іс жүзінде долларлық  стандарт орын алды;

- валюталық саясат және  валюталық шектеу халықаралық  келісім-шарттарға бағынды;

 • валюталық паритеттер  алтынмен немесе АҚШ долларымен  бейнеленді, паритетті өзгерту тек  қана Халыкаралық валюталық қордың  рүқсатымен іске асты;

 • валюталық бағамдардың  режимі белгіленді (±0,75% - паритеттен  ауытқуға болады).

60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік ва-люталық  жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік  валюталық жүйенің қағидалары  Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға  мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор  Жарғысына түзетулер енгізілді.  Ямайка валюталық жүйесінің негізгі  қағидасы мыналар:

 • СДР стандарты  енгізілді, бірақ іс жүзінде  долларлық стандарт сақталды, себебі  доллар СДР жүйесіндегі есеп  айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық “қоржындағы” доллардың  үлесі – 40%, ресми валюталық  резервтерде – 60%-ға жуық). Бірақ  Халықаралық валюталық қорға  мүше елдерге валюталық паритеттерін  кез келген валютада белгілеуге  құқық берілді, соның негінде  көп валюталы стандартқа өту  зандастырылды; - алтынды демонетизациялауға  заңды түрде тыйым салынды:  ресми баға, алтындық паритет  алынып тасталып, доллардын алтынға  айырбасталуы тоқтатылды;

 • валюталық бағамдар  режимін тандауға құқық берілді  (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі  бағамдар жүйесі енгізілді);

 • ХВҚ арқылы мемлекетаралық  реттеу күшейді. Сонымен дүниежүзілік  валюталык жүйенің дағдарысқа  ұшырауы ескі жүйені құлатуға  және оны жаңамен ауыс-тыруға  әкелді. Жаңа валюталық жүйені  құруда үш кезеңді бөліп қарауға  болады: 1) жаңа валюталық жүйені  құру, ал-ғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдык  біртұтастығын қалыптастыру, құруды  аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын  біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас  және элементтері өзара байланысқан  толыққанды қызмет ететін дамыған  дүниежүзілік валюталық жүйені  кұру.

  Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастык елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақса-тында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарынын айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта 380 Ақша, несие, банктер бірлігіне негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық құнының есебі 2-кестеде берілген. Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері байынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін +-6% және басқа жағдайларда +- 2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген. Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.

 Ескерту:

USD/DM – 1,6798, ЕСU/DМ бағамының  есебі: 1,216364 • 1,6798 =2,04325.

Одақты құрудың мақсаты – ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның щекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

 ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің  басшылары Еуропалық одақ жөнінде  жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда  қол қойылды және оны Маастрихт  келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

 Келісім-шартта мемлекеттердің  Еуропалық валюта одағы-на кіру  критерийлері анықталды:

 - инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;

- бюджет тапшылығы да  өте өлшеусіз болмауы керек;

 • ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және девальвациялануға ұшырамауы тиіс,

 • ұзақ мерзімді  пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты  елдің орташа деңгейінің 2%-нан  аспауға тиіс.

 Сонымен қатар, қатысушы  елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық  опера-цияларды жүзеге асыратын  және валюталық резервтерді қолдап  отыратын, Еуропалық Орталық банк  пен қатысушы елдердің орталық  банктерін қамтитын орталық банктердің  жүйесі құрылды. Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

ҚОРЫТЫНДЫ

     Қорыта  келгенде, халықаралық  валюталар және  қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара  қызмет  ететiн  және  әлемдiк  шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан   қоғамдық  қатынастар  жиынтығын   бiлдiредi.

     Халықаралық  валюта қатынастары шаруашылық  байланыстарының  интернационалдануы  негiзiнде бiрте-бiрте  белгiлi  бiр формаларды иемдене бастады.  Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.

Ваюталық  жүйе дегенiмiз - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

Ұлттық  валюталық  жүйе;

Дүниежүзлiк  валюталық  жүйе;

Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе 

     Валюталық  рыноктарда  валюталық  операциялады  жүргiзуге  халықаралық  сауда   мен  оған  байланысты  көрсетiлген  қызметтер  және  халықаралық   капиталдар  мен  несиелер  қозғалысы  негiз  болып   табылады.

     Валюталық   бағам дегенiмiз  –  бұл   бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң   басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң  ұлттық ваюталарын салыстыру   оларды өндiрiс  және  айырбас   процесiнде  пайда  болатын   обьективтi  құндық  қатынастарына   негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға  сұраныс  пен   ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi. 

     Тауарлармен,  қызметтермен саудаласқанда, капиталдар  мен несиелердiң қозғалысы кезiнде,  дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың  бағаларын, сонымен бiрге әр  алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк  валюталарға шаққандағы құндық  көрсеткiштердi салыстыраған уақытта  валюталық бағам аса қажет.

     Ұлттық  валюта  жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң  құрылымдық принциптерiне сәйкес  қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң  негiзiн осы мемлекеттiң заңымен  бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды.  Қазақстанның ұлттық валютасы  Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы  “Қазақстан ұлттық валютасын  енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде  1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға  теңге енгiзiлдi.

     Қазақстанның  дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға  ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы   және несие қатынастарына белсендi  түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң  бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық  саясаты теңге құнының тұрақтылығын  орнықтыру және оны еркiн ауысатын  валюталарға айырбастауды мейлiнше  ырықтандыру. 

     Қазақстан  1992  жылдың  шiлдесiнде  Халықаралық   валюталық қорға  мүше  болып   кiргеннен  бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика”  валюта  жүйесiнiң  құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына   сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы   үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде   “Валюталық  реттеу  туралы”  ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес  экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық   байланыстар  жоқтың  қасында   болатын. Қабылданған  заң   бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр  жағдайларға  байланысты  дамып   келе  жатқан  валюта  қатынастарына   тiптi  қарама-қайшы  сипатта   болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда   Қазақстанда  “Валюталық  реттеу  туралы”  жаңадан  заң   қабылданды.  

     Жалпы валюталық  қатынастардың дамуы  елiмiздiң  экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк  экономикадағы ұлттық экономикамыздың  орнын көрсетедi.

     Елiмiзде   ұлттық валюта жүйесі   1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз   теңгенiң” айналысқа енгiзiлген  күннен  бастап қызмет етуде.  Бүгiнгi таңда  теңгемiз халықаралық  экономикада  ашық айналысқа  шығып,  елiмiзде жүргiзiлiп жатқан  қаржы шаралары өзiнiң оң  жемiсiн  берiп үлгердi. Оған дәлел ретiнде  бүгiнде елiмiз ТМД елдерi iшiнде елдiң қаржы секторы ең жақсы дамыған және тиiмдi қызмет етiп отырған сала болып табылады.

     Қазақстан  Республикасында 1999 жылы еркін  құбылатын айырбас бағамының  енгізілуі принцип бойынша валюталық  бағам деңгейін еркін нарық  жағдайында анықтайтынын білдіреді.  Яғни, еркін құбылатын айырбас  бағамның енуі валюталық бағам  сұраныс пен ұсыныстың нақты  арақатынасын қамтып көрсетуге  тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта  бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген  валюталық реформаларға сәйкес  ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік  валютаға қарағанда ( АҚШ доллары)  соңғы уақыттарда құнының артуы  байқалады. Әрине бұл үлкен  жетістік деп те айтсақ артық  болмас.

     Қазақстан  Республикасында қазiрдiң өзiнде   теңгенiң ел iшiнде еркiн ауысуына iс жүзiнде қол жеткiзiп отырмыз.  Жоғарыда атап өткендей соңғы  жылдары  теңге құнының   халықаралық резервтік валюталар  бойынша тұрақты сақталып, Қазақстанның  экономикалық тиімді өсуіне септігін  тигізіп отыр. 

Соңғы 2007-2008 жылдары Қазақстанның әлемдік нарықтағы жағдайы бойынша  төлем балансы оң сальдоны көрсетті. Әрине бұл Қазақстан үшін үлкен  жетістік болып табылады және алдағы уақытта елдің ұлттық экономикасын, оның өндірістік салаларын индустрияландыру арқылы бәсекеге қабілетті экономиканы  құру, импорталмастырушы өндірісті  дамыту сыртқы саудада экспорттын көлемін  арттырп, импорттын көлемін айтарлықтай  төмендетеді деп айқындалуда. Алайда елдің экспортының өсуі, биылғы жылғы  төлем балансының он сальдосы тікелей  экономиканың тұрақты дамуы үшін тиімсіз болып келетін мұнай  және басқа да шикізатты өндірістің, олардың шығару көлемінің артуынан және әлемдік рынокта шикізатқа  деген бағаның өсуінен болып  отыр. Сондықтан мемлекетіміз алдағы жылдары осындай шикізаттық экономикадан құтылумәселесін шешуі қажеттігі  туып отырғаны белгілі.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер
  2. «Қ.Р-да ұлттық валютаны енгізу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 12.11.1993ж.
  3. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»  Алматы -2000ж.
  4. «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның заңы 24.12.1996ж.
  5. Ғаламтор көзінен алынған ақпараттар.

Информация о работе Валюталық жүйе