- I кезең —
жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы,
алғы шарттардың түзілуін, анықталуын
қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара
байланыс сақталады.
- II кезең —
жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары
толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.
- III кезең —
толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік
жүйе құрылады.
- Парилсдің
валюталық жүйесі (1867 жылы)
- Генуэз ваяюталық
жүйесі (1922 жылы)
- Бреттон-вудс
валюталык, жүйесі (1944 жылы)
- Ямайск валюталық
жүйесі (1976—1978 жылдары)
- Еуропалық
валюталық жүйе (1979 жылы)
Бірінші
дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы
түрде XIX
ғасырда өнеркәсіптік
революциядан кейін, алтын монета стандарты
нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты.
Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында
бекітілді және осы конференцияда алтын
әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде
танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін
бірдей атқарды.
- оның негізі
алтын монета стандарты болып табылады;
- әр валютаның
езіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді
(Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия
- 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895
жылы белгіледі). Алтын құрамына сәйкес
валюталардың алтындық паритеті бекітілді.
Валюталар алтынға еркін алмастырылды.
Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
- нарықтық
сұраныс пен ұсынысты ескере отырып валюталарды
еркін өзгермелі бағамдарының режимі
қалыптасты.
Алтын
монета стандартының тиімді қызмет ету
уақыты бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін
ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына
төлем балансындағы тапшылық одан сайын
әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын
жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта
жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.
Бірінші
дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі
дағдарыстан кейін алтынға және
жетекші валюталарға негізделген
алтын девиз стандарты бекітілді.
Халықаралық
есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы
төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүние
жүзілік валюталық жүйеге занды түрде
мемлекетаралық келісімшартпен 1922 жылы
Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында
қол жеткізілді.
- оның негізі
болып алтын және девиздер, яғни шетел
валюталары саналды. Бұл кезенде 30 елдің
ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа
негізделді. Ұлтгық несиелік ақшалар халықаралық
төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды.
Бірақ та, соғыс аралығында резервтік
валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе
берілмесе де, фунт
стерлинг пен АҚШ
доллары бұл
аумақта жетекші қызметге жүрді.
- алтын валюталардың
құрамы сақталды;
- еркін валюталық
бағам режимі қайта қалпына келтірілді;
- валюталық
ретгеу, валюталық саясат халықаралық
конференциялар, мәжілістер нысанында
жүзеге асырылды;
1922—1928 жылдарға
дейінгі вал ютал ық тұрақтылық сақталды.
Сондай-ақ, бұл жүйенің де тұрақсыздығына
мыналар себеп болған:
- Алтын монеталық
стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде,
алтын монометализмінің қысқарған нысандары
енгізілуі;
- Валюталарды
тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;
- Валюталардың
тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп,
кейбір валюталардың (функ стерлинг сияқты)
соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта
қалпына келтірілді;
- Валюталардың
тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен
жүзеге асырылды;
Бұл
валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы
дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен
құлдырады. 1929—19З6 жылдары
дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты
ерекшеліктері келесідей:
- циклдік сипат:
валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық
және ақша-несие дағдарысымен байланысты
болды;
- құрылымдық
сипат; дүниежүзілік валюталық жүйенің
алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға
ұшырады;
- ұзаққа созылуы:
1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;
30 жылдардағы
дағдарыс нәтижесінде, Генуэз
валюталық жүйесі, өзінің қатысты
икемділігі мен тұрақтылығын
жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің
валюталары тұрақсыздыққа 9шырады.
Одан кейін жалғасқан екінші
дүниежүзілік соғыс Генуэз
валюталық жүйесінің дағдарысын терендете
түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы
жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің
жобасы жасалды.
БҰҰ-ның Бретгон-Вудстағы (АҚШ) 1944 жылы
болған валюталық қаржылық конференциясында
дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың,
валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды
ұйымдастырудың ережелері бекітіліп,
үшінші валюталық жүйе дүниеге келді.
Конференцияда қабылданған Халыкаралық
валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск
валюталық жүйенің келесідей қағидаларын
анықтады:
- алтынға және
екі резервтік валютаға — АҚШ доллары
және фунт стерлингке негізделген алтын-девиз
стандарты енгізілді;
- Бреттон-вудск
келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің
негізі ретінде алтынды пайдаланудың
төрт нысанын карастырды:
- валюталардың
алтынның құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да
тіркеу енгізілді.
- алтын халықаралық
төлем және резервтік құрал қызметінде
қала берді.
- АҚШ өзінің
валюталық-экономикалық әлеуетінің және
алтын қорының өсуімен байланысты долларды
алтынға теңестіріп, оған басты резервтік
валюта мәртебесін талап етгі.
- осы мақсатта,
АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық
банктерінің алтындарына ауыстыра бастады,
ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы
1 троиск ункциясы31,1035г=35 долларға тең
болатын.
- валюталардың
бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы
долларға бейнеленген валюталық құрамы
незгізінде жүзеге асырылды.
- бірінші рет
тарихта халыкаралық валюталық-несиелік
ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры және
Дүниежузілік қайта құру және даму банкісь(ДКДБ)
құрылды.
60 жылдардың
аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық
жүйесі дағдарысқа ұщырады. Бұл
жүйенің құлдырау себептері келесідей:
- Экономкалық
тұрақсыздығы және қайшылықтар;
- Бәсекелестік
қабілетіне кері әсер етті;
- Төлем балансының
тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында
тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);
- Бреттон-вудс
жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге
сәйкес келмеуі.
- Евродоллар
нарығының активизациялануы. Қаншалықты
АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын
өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының
бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар
нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік
банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы
немесе 750 млрд. доллар).
1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға
мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына
езгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық
жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:
- Алтын-девиз
стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу
құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп, жаңа
Халықаралық валюталық есептесу бірлігін
енгізу туралы 1967 жылы кол қойылған болатын;
- Алтынды демонетизациялау занды түрде аяқталды,
яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы
алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру
аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша
алтын күн өлшемі қызметін атқармайтын
болды;
- Елдерге кез-келген
валюталық бағам режімін тандауға құқық
берілді;
- ХВҚ Бретгон-вудс
жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық
реттеуді күшейтуге шақырды.
- эмиссиялау
және бөлу;
- қамтамасыз
ету;
- бағамды анықтау
әдісі;
- СДР-дің пайдалану
ауқымы;
1 СДР
бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға
тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған.
СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа
бағамы негізінде анықталды (16 елдің).
Валюталар қоржынындағы басты валюталардың
құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына
сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп,
доллар тек қана, халықаралық төлем және
резервтік құрал ретінде қалдырылды.
- АҚШ экономикасы
өсуінің баяулануы;
- доллар бағамының,
оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда
15—30%-ке жоғарылауы;
- АҚШ-тың төлем
балансының тапшылығы мен мемлекеттік
бюджет тапшылығының өсуі;
- Инфляцияның
ұлғаюы;
- АҚШ-тың ішкі
және сыртқы қарыздарының өсуі;
Сонымен,
Ямайка валюталық реформасында валюталық
тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.
Ямайка
валюталық жүйесінің тұрақсыздығына
жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық
елдері өздерінің халықаралық (аумақтық)
валюталық жүйесін құрды.
Еуропалық
валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану
үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды.
Интеграционалдану үдерісінің даму
себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы,
өндірістің қарсылас орталықтардың
дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы
күресі және валюталық түрақсыздық
жатады.
Еуропалық
экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс
Еуропа елдерінің
біршама дамыған аумақтык интеграционалдық
тобын білдіреді, ол 1957 жылы
наурызда алты елдің: ФРГ, Франция,Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің
арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1
қаңтардан бастап
қызмет етеді.
1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері
кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.