Валюталық жүйе және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:01, реферат

Описание работы

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Работа содержит 1 файл

Валюталық жүйе және оның түрлері.docx

— 45.33 Кб (Скачать)

Валюталық жүйе және оның түрлері

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық  экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы  ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика,дипломатия мен коммерцияөнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы  әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық  байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық  қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен  бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;
  • Дуниежүзілік валюталық жүйе;
  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші  қалыптаскан.

Ұлттық  валюталық жүйе—халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық  валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің  бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің  құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық  валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық  жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежузілік  валюталық жүйе — бұл халықаралық  несие-қаржы институттары мен валюталық  құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік  валюталық жүйелердің қызмет ету  сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының  сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы  қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық  және дүниежүзілік валюталык жүйелер  арасындағы байланыс пен айырмашылықтары  олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Мазмұны   

[жасыр

  • 1 Ұлттық және Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері
  • 2 Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы
  • 3 Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
  • 4 Пайдаланылған әдебиет

Ұлттық  және Дүниежүзілік валюталық  жүйенің элементтері

Ұлттық  валюталық жүйе Дүниежүзілік  валюталық жүйе
Ұлттық валюта Резервтік валюталар
Ұлттық  валютаның алмастырылу шарты Валюталардың  өзара алмастырылу

шарты

Ұлттық  валюта паритеті Валюталық паритеттерінің ортақ режимі
Ұлттық  валюта бағамының режимі Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы
Валюталық шектеудің, валюталық 
бақылаудың болуы немесе болмаүы
Валюталық шектеуді 
мемлекетаралық реттеу
Елдің халыкаралық валюталық 
өтімділігін ұлттық реттеу
Халыкаралық валюталық өтімділікті 
мемлекетаралык реттеу
Халыкаралық несиелік айналыс 
құралдарын пайдалануды регламенттеу
Халыкаралық несиелік айналыс 
құралдарды пайдаланудың ережелерінің 
біртұтастығы
Елдің халықаралық есеп 
айырысуларын регламенттеу
Халыкаралық есеп айырысудың негізгі 
нысандарының біртұтастығы
Ұлттық  валюталық нарық пен 
алтын нарығының режимі
Дүниежүзілік  валюталық нарықтар 
мен алтын нарықтарының режимі
Елдің валюталық қатынастарын 
басқаратын және реттейтін 
ұлттық ұйымдары
Мемлекетаралық  валюталық 
реттеуді жүзеге асыратын 
халыкаралық ұйымдар

Аумақтық  валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған  елдердегі әлемдік валюталық  жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) —  бұл Еуропалық қоғамдастыққа  мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу  — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы  бойынша валюталық паритет СДР  негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

Егер  де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе —  бір немесе бірнеше резервтік  валюталарға немесе халықаралық  есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық  багшды анықтауда негіз ретінде  қызмет ететін және валюталар бағамын  реттеу мақсатында валюталық интервенция  жүргізуде пайдаланылатын халықаралық  төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы  елдерінің еркін ауыстырылатын  ұлттық валюталары.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

  1. тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  2. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
  3. фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал  етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға

мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар  оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін  етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

  • Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:
    • Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына

    жол береді;

    • пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.
    • Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.
    • Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
    • Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.
    • Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.
    • Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

    [өңдеу]Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы

    Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы  өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік  шаруашылықтың негізгі даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік  шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен  сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық  жүйенің құлдырауы басталады.

    Дүниежүзілік  валюталық жүйелердің дағдарысы  тұсында оның құрылымдық қағидаларының  әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық  қайшылықтар орын алады.

    Дүниежүзілік  валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің  бұзылып және оның орнына валюталық  тұрақтылықты камтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

    Жаңа  дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

Информация о работе Валюталық жүйе және оның түрлері