Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:27, реферат
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.
Валюта бағамы – ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюта бағамы туралы ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Оны болжау үшін арнайы әдістер қолданылады.
Кіріспе 3
Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экономикалық жағдайлар. Экономикалық жағдайлар ұзақ мерзімді жоспарда айырбас бағамына әсер ететін негізгі фактор болып саналады. Бұл жерде мына көрсеткіштердің өзгеру тенденциялары неғұрлым маңызды болып келетінін ескеру қажет:
Капитал сұранысы мен ұсынысы. Капитал нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың күтілмеген өзгерістері банкаралық нарықтың пайыздық мөлшерлемелеріне әсер етеді, бұл өз кезегінде айырбас бағамының ставкасына әсер етеді.
Саяси факторлар. Валюта нарығына ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді перспективада да төмендегідей саяси факторлар әсер етуі мүмкін:
Нарықтың көңіл-күйі. Бұл фактор айырбас бағамының қысқа мерзімді өзгерісіне әсер етеді және нарық қатысушыларының айырбас бағамының қозғалысы перспективасына көзқарастарымен анықталады. Трейдерлер нақты бір елдің экономика жағдайы туралы жаңалықтарға мән береді. Жиі олар өзгерістерді немесе өкіметтің маңызды жарғыларын алдын-ала болжап, нақта оқиғалар орындалғанға дейін валюталарды сата немесе сатып ала бастайды. Мұндай жаңалықтар жалпыға мәлім болған кезде, нарық көңіл күйін валюта бағамы қозғалысының олардың жариялану сәтіндегі бағыты анықтайды.