Валюталық баға кесу. Бағамды болжау

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 17:27, реферат

Описание работы

Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.
Валюта бағамы – ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюта бағамы туралы ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Оны болжау үшін арнайы әдістер қолданылады.

Содержание

Кіріспе 3
Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
Баға кесу (котировка) 4
Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 6
Валюта бағамын болжау 8
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Валюта бағамын белгілеу.Бағамды болжау.Реферат.docx

— 54.64 Кб (Скачать)

     Іс жүзінде экономикалық даму қарқыны мен экономикалық бағдарламаларды бағалау үшін валюталық бағамның бірнеше түрлері қолданылады. Сол арқылы макроэкономикалық өзгерістерге қалай әсер ететіндігін анықтауға болады.

  • Номиналды валюталық бағам  - екі валюта арасындағы бағам, яғни ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне шаққандағы бағамы.
  • Нақты валюталық бағам - өз елінде немесе ұлттық валюта айырбасталатын басқа елдегі баға өзгерісі деңгейін ескере отырып, есептелетін номиналды валюта бағамы.

     Нарық түрлеріне байланысты валюта бағамының келесі түрлері ажыратылады:

  • Спот-бағам бағам жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2 күннің ішінде валюталар айырбасталатын бағам
  • Форвардтық бағам бағам жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен 3 күннен кейін белгілі бір кезеңге дейін валюталардың айырбасталатын келісімді бағамы.
  • Фьючерстік бағам мәміле шартында белгіленген күні активтің орындалу бағасы.
  • Нарықтық бағам Қазақстан Қор Биржасындағы немесе Ұлттық Банк сайтындағы ресми бағам.

     Халықаралық экономикада негізінен валюталық бағам ретінде спот-бағам қабылданады.

     Валюта бағамының бірлігі дегеніміз барлық валюталық операциялар үшін бір ғана тиімді бағамды қолдану.

     Валюталық бағамның белгіленуіне (реттелуіне) байланысты 3 түрі болуы мүмкін:

  • белгіленген (фиксированный) валюталық бағам;
  • тұрақсыз валюталық бағам, белгілі коридор шегінде тербеліп тұрады;
  • сұраныс пен ұсынысқа қатысты еркін қалқымалы валюталық бағам.

Информация о работе Валюталық баға кесу. Бағамды болжау