Валюта туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 10:40, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
І. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ------10
2.1 Валюта тарихы-----------------------------------------------------------------------10
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама-----------------------------------------------------------11
2.3 Жаңа теңге қорғанысы-------------------------------------------------------------12
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------14
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы------------------------------------------------------14
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы-------------------------------------------------15
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы-------------------------------------------------17
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------21

Работа содержит 1 файл

Валюта.doc

— 162.50 Кб (Скачать)

        Айналымға теңгені  енгізу  инфляцияның қарқындауы  және бұрынғы одақтас республикалардың өзара  байланысының  үзілуі мен саяси ала ауыздығы  тереңдей  түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейін 2,5 айда, келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің  арасындағы  қарызды өзара есептеудің кең айқымды компаниясы басталған да  теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге  жетті.

        Нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы  егеменді  ел ретінде  өзінің  тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық  саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдер мен дербес валюта қатынастарының құруымен қатар, халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық  рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

        Қазақстан  1992 – жылдың  шілдесінде, ХВҚ – ға мүше болып кіргеннен бастап, өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта  жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың  Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін, 1993 – жылдың 14 сәуірінде  «Валюталық реттеу  туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол  кезде,  Қазақстан   сом аймағында болғандықтан, шетелдермен жеке валюталық  байланыстары жоқтың  қасы болатын. Сонымен қатар, еліміз өзінің  ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке  алтын  валюта қорларын  құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған, заң бағаны ырқына  жіберу  деңгейіне  сәйкес  келіп,  кейбір жағдайларда дамып  келе жатқан  валюта  қатынастарына тіпті қарама – қайшы сипатта болды.

     

 

 

 

 

Қорытынды

         1996 жылы 24 – желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы»  жаңадан заң қабылданды. Қазақстанның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі  элементтері – республикада  қабылданған заңдарда айқындалған.

        1997 ж. мемлекеттің алтын  валюта қоры  кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  және  шетел инвесторларына басқаруға  беру  сияқты  инфляцияланбайтын  көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы  теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерісмен есептелетін жағдайға жетті.

        Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

      Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай – ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.

        Валюталық  бақылау орандары  болып, Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері  болып, заң бойынша, валюталық   бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

        Дүниежүзілік  валютаның қазіргі  кезде  ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған  алтын резерві  де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық   шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері;  халықаралық  валюта нарығы  режимі  мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге  халықаралық  валюталық қор  (ХВҚ) еніп, оған мынандай  міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына  ықпал  жасау және валюталық шектеуді жою.

           Республикада  ұлттық валюта - теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын (жарақтарын) қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық және саяси маңызы бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында  ұлттық валютамызды енгізу амалсыз шара болды, оған 1993 жылы 7 тамыздағы және  23 – ші қыркүйектегі жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру туралы Ресей үкіметімен жасалған келісім шарттардың ресейліктердің кіріснен жүзеге аспай қалуы себеп болды.

        Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің  барлық атрибуттарын  қалыптастырудың  соңғы  маңызы бар. Теңгені  енгізуге байланысты  алда  тұрған  басты міндет – оның тұрақтылығы мен жоғары  сатып алу  қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта  валютаға айналдыру. Қазіргі  таңда, теңгені тауарлармен, алтын – алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты   міндеттерінің бірі болып табылады.

        Теңгенің енгізілуі республиканың экономикалық және саяси - әлеуметтік  жағдайына әсер етті. Қазақстанның сол уақытқа  дейін «сом зонасынан»  шықпауы, бұрын қалыптасқан экономикалық  кеңістікті  және  оның  шаруашылықтық  байланыстарын сақтау мақсатында  болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005

2. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.

3. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,

N 9- 2005

4.   Худяков А.И.  Основы теории финансового права.  -Алматы, Жеті Жаргы,   1995.  -С.224-225.

5.  Заң газеті 2006 жыл

6.   Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (особенная часть) Алматы, НОРМА-К, 2002. -С.24.; Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан (общая  часть).   -Алматы,  НОРМА-К,  2003.  -С.222.

7.  Дорофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право России.  -М., НОРМА-ИНФРА-М,  2001,  с.ІХ,У1.

8.   Сарсембаев К.М. Казахстанское и международное валютное право.  -Алматы, Данекер,  2003.  (5 томов)

9.  Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (общая  часть).  -Алматы,  Қаржы-қаражат,  1995. -С.ПО-152;  с.168-177;  с.98.

10. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001

19

 



Информация о работе Валюта туралы түсінік