Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 10:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------3
І. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------4
1.1 Валюталық құқық жүйесі----------------------------------------------------------4
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы----------------------------------6
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы----------------------------7
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ------10
2.1 Валюта тарихы-----------------------------------------------------------------------10
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама-----------------------------------------------------------11
2.3 Жаңа теңге қорғанысы-------------------------------------------------------------12
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ------------------------------------------------------------------------------14
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы------------------------------------------------------14
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы-------------------------------------------------15
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы-------------------------------------------------17
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------------------21
Жоспар
КІРІСПЕ-----------------------
І. ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-----------------------
1.1 Валюталық құқық жүйесі------------------------
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы------------------------
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы--------------------
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ ТЕҢГЕ------10
2.1 Валюта тарихы------------------------
2.2 Жаңа теңгеге сипаттама---------------------
2.3 Жаңа теңге қорғанысы---------------------
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ--------------------
3.1 Ұлттық банктің қалыптасуы--------------------
3.2 Ұлттық банк валюталық бағамы------------------------
3.3 Ұлттық валютаның қалыптасуы--------------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
Кіріспе
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі - несиелік аукциондарды әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар рөлі төмендеп, банкаралық ақша нарықтарының рөлі артты.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
І. Валюта туралы жалпы түсінік
1.1 Валюталық құқық жүйесі
Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.
Демек валюталық құқық саны жағынан аса көп құқықтық нормалардан тұратын, айтарлықтай күрделі құқықтық құрылым болып табылады. Осы орайда әлі де болса жүйелендірілмеген әрі тәртіптендірілмеген валюталық құкық нормаларын іштей құрылымдау арқылы белгілі бір жүйе түрінде қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Валюталық құқықты іштей құрылымдау процесі объективті процесс болып табылады. Өйткені зерделеу нысаны валюталық құқықтың өзі ұдайы даму үстінде болғандықтан, оның қарқыны (динамикасы) аталмыш құқықтық құрылымның кеңею және күрделілену жолында екенін көрсетеді, сондай-ақ валюталық заңнаманың және заңға тәуелді валюталық құқықтық актілердің көптігі және белгілі бір көлемде тәртіптелінбегені оның жүйесін танып-білуді қиындата түседі. Валюталық құқық жүйесін құру ерекшеліктері мен өлшемдері оны дербес институт ретінде бөліп шығаруды негіздейді. Валюталық құқық осы орайда, құқықтық құрылым сипатында ерекшеленеді және оның өзіне тән жүйесі болалы.
Қазақстан қаржылық құқығының классигі А.И. Худяков бюджеттік құқық (қаржылық құқықтың негізгі бөлімі) жүйесін зерттеу барысында «Біздің пікіріміз бойынша бюджеттік құқық институттары негізіне қаржы жүйесінің институты бюджеттің ауқымында объективті көрініс табатын экономикалық қатынастардың топтамалары жатады. Осындай экономикалық шынайылықтар:
а) белгілі бір жүйе (бюджет жүйесі) түрінде ұйымдастырылған және өзара қарым-қатынаста болатын көптеген бюджеттердің болуы;
б) осы бюджеттерді (ақша қаражаттары қорлары ретінде) қалыптастыру және бөлу негізі кептеген қаржылық-жоспарлық актілердің болуы;
в) бюджет саласындағы қызметтерін, оған қоса бюджеттік жоспарлау мен бюджеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың болуы;
г) бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын көптеген төлемдердің болуы;
д) бюджет қаражаттарын бөлуге (мемлекеттік бюджет шығысына) байланысты қатынастардың болуы болып табылады. Сонымен бірге ескеретін жәйт, бюджеттік құқық нормаларының өз мазмұны (мәні) мен талдау дәрежесі бірдей көрініс таппайды. Кейбір нормалар жалпы ережелерді белгілей отырып, қоғамдық қатынастардың кең шеңберін қамтиды, ал басқаларының құқықтық реттеу пәніне қоғамдық қатынастардың арнайы топтары ғана жатады. Осы орайда Н.И. Химичеваның бюджеттік құқық жүйесінде жалпы бөлім орын алады деген пікірін дұрыс деп санаймыз. Жоғарыда айтқанымызды есепке ала отырып бюджеттік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады деп ойлаймыз».
1) Ресей валюталық құқығының туындауы және жалпы сипаттамасы;
2) Валюталық құқықтың ұғымы, объектісі, әдістері. Басқа құқық салаларымен аралық қатынасы;
3) Валюталық құндылықтар. Валюталық операциялар. Валюталық құқықтық қатынастар;
4) Валюталық бақылау. Валюталық бақылау органдары мен агенттері, олардың құкықтары және міндеттері сияқты институттардан тұрады. Ал валюталық құқықтың ерекше бөлімі:
1) Қолма-қол валютамен жасалатын операциялар. Қолма-қол шетел валютасын және шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды әкету;
2) Экспорттық операциялар. Шетелдік валютаны сату;
3) Импорттық операциялар. Шетелдік валютаны сатып алу;
4) Резидент еместердің оның ішінде резидент емес банктердің операциялары;
5) Инвестициялық қызметке байланысты есеп айырысулар және операциялар;
6) Қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;
7) Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
8) Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар;
9) Саудаға жатпайтын операциялар. Жеке тұлғалардың аударымдары;
10) Шетелдік валютадағы шоттар.
11) Биржалық және банкаралық рыноктарда шетелдік валютамен жасалатын мәмілелер;
12) Шетелдік валютамен кредиттеу;
13) ТМД елдерінің контрагенттерімен жасалатын операциялар;
14) РФ валютасын әкету-әкелу;
15) Валюталық бақылау түрлері мен нысаны. Күдікті мәмілелерге және оффшорлық операцияларға бақылау жүргізу.
15) Валюталық заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік сияқты институттардан құралады» деп тұжырымдайды.
А.И. Худяков валюталық құқық жайлы нақтылы көзқарасын білдірмегенімен, «Финансовое право Республики Казахстан (общая часть)» деп аталатын еңбегінде (оқулық) толық бір тарауды:
1. Валюталық реттеу ұғымын және әдістерін, оның объектісін;
2. Валюталық реттеу органдарын және олардың құзыретін;
3. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды және олардың құзыретін;
4. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін;
5. Қазақстан Республикасының валюталық монополиясын зерделеуге арнаған.
Бұл ретте А.И. Худяков валюталық заңнаманы, банктік заңнаманы арқау етіп валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық құқықты (дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін қосты деп айта аламыз. Алайда А.И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық негіздері жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар мен мәселелерді шешу жолдарын және т.б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей, тек 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңдар негізінде түсіндірме-сипаттама жасаумен шектелген.
Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне (топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз. Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық қатынастардың топтамалары жатады.
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
180 күннен астам мерзімге эксиорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.