Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:24, реферат
Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген, Трансұлттық корпорациялардв дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40%, халықаралық сауданың 5 0 процентін өз бақылауында ұстайды.Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір оныншысы деген сөз.
Кіріспе
Трансұлттық корпорациялар және олардың пайда болу себептері
Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері
Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан объективті экономикалық процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз. Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қальштастырады. Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлім-шелер ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары технологиялық және гылыми сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы кезде трансүлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға ұмтылысы тенденциясы байқалады.
80-жылдардың орта тұсында
капиталистік елдердің өнеркә-
Бұл трансұлттық корпорациялар негізінен өндірістік және иновациялық (жаңалықтар) ауыртпалықтарды да көтереді.
Дүние жүзіндегі қуатты 500 трансүлттық корпорациялардың 85-і шетелдік инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80% , фармацевтиканың 95% , машина жасау өнімінің 76% өндіріп, өткізеді.
Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2000 жылға дейін дүниежүзілік шаруашылықта 600-ге жуық трансүлттық корпора-циялардың үстемдігі орнайды. Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиынтық өнімнің 75 процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет корсету түрлерін едэуір диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация- шаруашылық қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық«Вольво» автомобиль концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бүл трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан ас-гам эр түрлі пішіндегі еншілес компаниялары жүмыс істейді. Ал шетелдерде бүл корпорацияның катерлер үшін мотор, авиақозға-ғыштар т. б. жасайтын ондаған филиалдары бар.
Өз кезегінде АҚШ-тағы
500 ең ірі трансүлттық корпора-
Қуатты өндірістік базасы
бар трансүлттық
Трансүлттық корпорациялар халықаралық аренада күрделі қаржы мен ғылыми-зерттеу жүмыстарына байланысты икемді динамикалық саясатты жүзеге асырады. Халықаралық корпо-рациялардың пайда болуын жэне дамуын көрсететін мысал ре-тінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркэсіптік жабдықтардың дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын «Электролюкс» трансулттық корпорациясының эрекетін келтіру-ге болады.
1912 жылы екі швед компаниясының бірігуінен пайда болған «Электролюкс» 20-жылдардың аяғында-ақ өзінің өндірісін Австралия мен Жаңа Зеландияда ұйымдастырып үлгерді. Соңғы он жылдықта «Электролюкс» АҚШ-тың - «Уайт Консолидейтед», Италиядағы ең ірі электр тауарларын өндіруші - «Занусси» және Алманиядағы негізгі электр тауарларын ендіруші - «АЭГ» компанияларын иемденді.
Аталған үш фирманы қосып алғаннан соң «Электро-люкс» өз саласында дүние жүзіндегі жетекші трансұлттық корпорацияға айналды. Қазіргі кезде оның 75 елде тұрмыстық электротехниканы өндіретін, өткізетін және қызмет көрсететін дамыған жүйесі ырғакты жүмыс істеп тұр. 90 - жылдардың ортасында аталған трансұлттық корпорацияның кәсіпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек етіп, жылдық айналымы 10 млрд, долларға жетті.
Трансүлпық корпорациялардың дүниежүзілік рыноктағы әрекетінің бірнеше нысаны бар. Бұл нысандар келісім-шарт қатынастарына негізделеді. Олардың қатарына:
1)лицензиялау;
2) франчайзинг;
3) басқару келісім-шарттары;
4) техникалық және маркетингтік қызмет көрсету:
5) кәсіпорындарды толық іске қосып беру;
6) бірлескен кәсіпорындар құру және жекелеген операцияларды жүзеге асыру жатады.
Практика жүзінде трансұлттық корпорациялардың қызметтері нысандарының ара жігін ашьга көрсету қиын, себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл нысандардың ерекшелігі - олар трансұлттық корпорациялардың өзара қатынастарьшда да жиі қолданылады, демек, орталыққа ұмтылар тенденцияларының күшеюін көрсетеді.
Ляцензия дегеніміз - белгілі уақытқа лицензия алушы лицензия берушіге өзара кслісілген ақысын төлегі пайдаланатын күқық, заңды келісім-шарт. Лицензия беру трансұлпық корпорацияның құрамындағы фирмалар арасында да, технологияны сыртқы арналар арқылы беру де колданылады.
Лицензиялық келісімнің ерекше түріне франчайзинг жатады.
Франччайзинг дегеніміз - ұзақ мерзімді лицензиялық келісім. Мұнда франчайзер клиентке алдын ала келісілген құқық береді. Ондай қүқыктарға фирманың атын, сауда маркасын пайдалану теникалық көмек көрсету, жұмысшы күшінің мамандыгын көтеру және т.б.жатады.
Соңғы жылдары транұүлттық корпорациялардың
әрекетінде басқару мен
маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен
тарап келеді.
Келісім бойынша басқарушылардың атқаратын қызметте-ріне өндірісті басқару, соның ішінде кәсіпорынның техникалық және инженерлік деңгейі үшін жауапкершілік, кадрларды басқару, атап айтқанда, шетелдік жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергілікті жұмысшы күнгін оқыту, техника мен шикізатты сатып алу т. б, қызметтер жатады.
Техникалық көмек керету келісімдеріне сәйкес трансұлттык корпорациялар фирма қызметінің жекелеген саласы үшін техни-калық жәрдем көрсетеді. Мүндай келісімдер көбінесе машиналар мен жабдықтарды жөндеу, «ноу-хауды» тиімді пайдалану жөніндегі кеңес, апаттардың алдын алу сияқты қызметтерді қамтиды.
Зауыттарды толық іске қосу келісімдері де кең қолданыс табуда. Бұл жағдайда трансұлттық корпорациялар қызметтің барлық түрін атқару жауапкершілігін өз мойнына алады.
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык. рынокты жаулап алуының ең жаңа нысандарының бірі шетелдерде арнайы инвестициялық компаниялар қүру нысаны. Бұл қурылымдардың басты міндеті еншілес және серіктес кәсіпорындарды инвестициялау арқылы трансұлттық корпорациялардың өнімдерін аймақтык, рыноктарға жеткізіп, өткізуді ынталандыру. Бұл әдісті, мысалы алкогольсіз сусындарды сататын «Пепси-кола» және Кока-кола» сияқты халықаралық компаниялар кеңінен қолданады.
Қорытынды
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансүлттық корпорациялардың ролі күшейіп отыр. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі олардың алатын орны, ұлттық экономикаларды дамытуға ықпалы ерекше маңызды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының мән-магынасын солардың трансүлттық корпора-цияларының шетелдердегі шаруашылық қызметтері көрсетеді.
Трансүлттық корпорациялардың шетелдегі жиынтық инвестииялары қазірдің өзінде сыртқы сауда айналымын басып олардың қарқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келеді
Трансұлттық корпорациялар халықаралық экономикалық бай-ланыстарда қандай бір елдің болмасын экономикалық тағдыры-на эсер ere алатын негізгі күшке айналып отыр. Олардың бел-сенді өндірістік, инвестициялық жэне сауда саясатының өндіріс пен бөлуді реттейтін ықпалды халықаралық фактор екендігінде ешкімнің күмэні болмаса керек. Біріккен Үлттар Үйымы сарап-шыларының талдауы бойынша, трансүлттық корпорациялар дү-ниежүзілік экономикалық интеграция қозғалысына өзінің игі әсе-рін тигізеді. Олар мемлекет меншігіндегі салаларға да сүқтанып, оган кірігу мүмкіндіктерін қарастырады. Трансұлттық корпорация лардың мүндай умтылыстары дүниежүзілік экономика-ның толық жэне түгел интеграшіялануын қадағалауға қызығушылық емес, осы процестің шеңбері мен шектерінде мейлінше мол пай-даға кенелуге деген үмтылыс. Медальдың екі жағы бар деген-дей, трансүлттық корпорациялардың дүниежүзілік шаруашылык, жүйесіне тигізетін игі эсерімен қатар халықаралық экономика-лык қатынастарға теріс ықпалы да баршылық.
Қолданылған әдебиеттер:
Халықаралық экономика және халықаралық коммерциялық іс Ә.К. Нурпеисова, С.Н. Сабитова Алматы-2011ж.
Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000. -
Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. - М: 1999
Берлин С.И. Теория финансов.
Учебное пособие. — М.:
Приор
Дюсембаев К.Ш. Ананлиз финансового положения предприятия.
Информация о работе Трансұлттық корпорациялар және олардың рөлі