Трансұлттық корпорациялар және олардың рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:24, реферат

Описание работы

Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген, Трансұлттық корпорациялардв дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40%, халықаралық сауданың 5 0 процентін өз бақылауында ұстайды.Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір оныншысы деген сөз.

Содержание

Кіріспе
Трансұлттық корпорациялар және олардың пайда болу себептері
Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері
Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Трансұлттық компаниялар.docx

— 41.45 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Тұрар рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

 

 

 

 

тАҚЫРЫБЫ: ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ

 

 

 

 

                                                                                          орындаған: Тилешова С.А.

                                                                                    тексерген: аСИЛОВА а.с.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

алматы, 2012ж.

 

 

                    Жоспар

 

 

 

Кіріспе

 

 

  1. Трансұлттық   корпорациялар және олардың пайда болу себептері
  2. Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері
  3. Трансұлттық   корпорациялар қызметінің ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Алғашқы трансұлттық компаниялардың пайда болуын XVII ғасырға жатқызады, алайда зерттеушілердің көпшілігі бүл кезең XIX ғасырдың аяғы деп есептейді. Алғаш пайда болған ТҰК-дың қызметі көп жағдайда бұрынғы отарларының шикізат ресурстарын өңдеуімен байланьтсты еді, ал бұл өз кезегінде оларды отаршылық-шикізаттық ТҰК деп анықтауға негіз береді. Қалыптасқан күндерінен бастап трансұлттық компаниялар халықаралық еңбек бөлінісі эволюциясы, сонымен қатар өндіріс факторларының эволюциясы, интенсификациясы мен интеграциясының нәтижесінде көптеген өзгерістерге ұшырады.

Трансұлттық компаниялар капиталдардың бірігуіне негізделетін диверсификацияланған монополиялар түрінде өндірістік қатынастардың халықаралық деңгейге бейімделуінің нәтижесі болып табылады, бүл ұлттық шекаралар шегінде ендігі уақытта адекватты түрде дами алмайтын өндіріс факторларының дамуына кеңістік қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Біріккен Ұлттар Ұйымы  эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып есептеледі. 90-жылдардың ортасында дүниежүзінде 40 мыңнан астам корпорациялар қызмет атқарған. Олар бақылауындағы шетелдік еншілес кәсіпорындардың саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы екі онжылдықта өсу қарқыны 5 есеге жетті. Ең ірі 100 халықаралық компаниялардың жалпы мүлігі құнының 40% шетелдерде орналасқан .                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген, Трансұлттық корпорациялардв дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40%, халықаралық сауданың 5 0 процентін өз бақылауында ұстайды

Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір

оныншысы деген сөз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация деп аталады.

Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз - шетелде активтері (қүнды заттары) бар үлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда өткізу қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылады.

Трансұлттык, корпорациялардың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелдерде филиалдар, еншілес компаниялар ұйымдастыру және іскерлік белсенділікті күшейту арқылы жүзеге асады. Еншілес компаниялар (дочерние компании) өндірістік және дай-ын өнімді өткізу, ғылыми зертгеу жұмытстары, тұтынушыларға қызмет көрсету мәселелерінде дербес шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген ірі өндірістік өткізу кешендері. Оларда бар акционерлік капиталға меншік күқығын құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас кәсіпорындар кұруы да мүмкін.

Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз - өндірістік жэне ғылы-ми-техникалық негізде бірқатар мемлекеттердің үлттык, ком-панияларын біріктіруші халықаралық корпорациялар. Мүндай компаниялардың катарына, мысалы, ағылшын-голланд концерні «РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ», машина жасау мен электрондык, инженерлікке маманданған Швейцария-Швед компаниясы «АВВ» т. с. с. жатады. Еуропадағы көп ұлттық корпорациялар қатарына агылшын-голланд концерн «Юнилевер» де кіреді.

Халықаралык, құқык, бойынша көпұлттык, корпорациялардың айрыкша белгілеріне: 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2) көпұлттық басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне жергілікті мамандардың тартылуы жатады.

Трансұлттык, және көпұлтгық корпорацияларға әлемдік корпорацияларды да қосуға болады.

Әлемдік корпорациялар қазіргі дүниежузілік қаржы капиталының бірегей қуатын көрсетеді. Олар 80-жылдары пайда болып, үнемі өсу жолында. Әлемдік деңгейге барынша серпінді үмтыла-тын салаларға химиялық, электротехникалық, электрондык, мұнай өндіру, автокөлік, ақпараттық, банк жэне т. б. салалар жатады.

Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының басты себептерін атайық. Ең маңызды және жалпыға ортақ себеп өндіргіш күштердің дамуы негізінде ұлттық шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.

Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар аса ірі компаниялардың құрылуы, ұлттық корпорациялардың трансұлттық корпорацияларға айналуы, олардың шаруашылық байланыстарының нығаюы негізінде жүзеге асады. Капиталды шетке шығару халықаралық корпорацияларды қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторына жатады. Трансұлттық корпорациялардың жедел дамуының негізгі себебі жоғары артық пайда табу үшін ұмтылыс деп айтар едік. Өз кезегінде қатаң бәсекелік күреске төтеп беру үшін өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жеделдетті.

 

 

 

 

 

      1. Трансұлттық компаниялардың даму кезеңдері

 

Трансұлттық компаниялардың дамуын тарихи деректер негізінде стратегиялық басымдалықтары мен атқарушы міндеттері негізінде дамудың бірнеше кезеңіне бөліп қарастырған. Алғашқы ТҰК-дың қызметі, жоғарыда көрсетілгендей, метрополияларды отарлардан ауылшаруашылық және минералдық шикізаттармен камтамасыз етуге бағытталды [1]. Сонымен қатар олар шетелдік филиалдары арқылы өздерінің өнімдеріыің өткізу нарығын кеңейтуге ұмтылды. XX ғ. бірінші жартысында әлемнің барлық елдері өздерінің ішкі нарықтарын сыртқы тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қиын соққан жоғары кедендік барьерлермен қорғады. Белгілі бір елде филиалын ашу экспортер-компанияларға тиімдірек болды. Қорғалған нарықтың ішінде бола отырып, бұндай филиал компания өнімін еш кедендік кедергісіз өткізе алды.

Ал ұлттық компанияның трансұлттық компанияға трансформациясы бірнеше кезеңнен өтеді [2] :

• бірінші кезеңде шетелдік шаруашылық қызмет компанияның жалпы жағдайына аз эсер етеді. Ол сыртқы экономикалык қызметін экспорт түрінде өрістете бастайды. Бүл этапта компания заңдық-құқықтық түрғысынан бір мемлекетке ғана тәуелді.

  • екінші кезеңде шетелдік шаруашылық кызмет қатысты дербестікке ие бола бастайды. Компанияның шет елдегі қызметі компанияның кызметінің өзге жақтарымен өзара байланысқан күрделі жүйеге бірігеді, компанияның қызметіне жалпы сапалы өзгерістер енгізуге итермелейді. Халықаралық қызмет орталығы экспорттан шетелдің өндіріске алмасады. Шетелдік қызметтің ішкі нарықтағы қызметтен алмастыру орын алады. Бұл компанияның ұйымдастырушылық қүрылымында көрініс табады, ол халықаралық сипатқа ие бола бастайды.
  • үшінші кезеңде компанияның шетелдік қызметінің рөлі артады. Ішкі нарық өз приоритетін жоғалтып, көптеген сыртқы нарыктардың қатарында тұрады. Нақ осы кезеңде компания барлық сипаттарға ие шынайы халықаралық болады.

Пайда болған сәтінен бастап, халықаралық компаниялар негізгі белгілері келесідей болып табылатын іс жүргізудің стратегиялық линиясын қалыптастырады: жеке өндірісін шетелдік шикізатпен қамтамасыз ету; филиалдар жүйесі арқылы шетелдік нарықта бекіну; өндірісті тірек мемлекетке қарағанда өндіріс шығыны аз болатын елде орналастьтру; өндірісті-саудалық және қаржылық қызметтің диверсификациясына бағытталу.

XX ғ. 30-жылдарының аяғынан  бастап халыкаральщ экономикада  екінші буын ТҰК - эскери-техникалық өндіріспен тікелей байланысқан тресттік типтегі трансұлттық компаниялар санының артуы байқалады. Қызметін екі дүниежүзілік соғыс аралығында бастаған олардың кейбіреулері өз позицияларын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де сақтап қалды. Бірінші жэне екінші буын трансұлттық компаниялары үшін шет елдерде өндірістік қуатқа ие болу және кеңейтуге бағытталған халықаралық инвестициялар тэн екендігін атап өту қажет, өйткені олардың болуы сол мезетте халықаралық компаниялардың бэсекелестік артықшылықтарын аныктады. Сонымен қатар қарастырылған кезең жаңа ТҰК санының көбеюі мен жергілікті фирмалардың халықаралық өндіріске біртіндеп тартылуымен сипатталады, ал бұл болашақта олардың бірігуі, стратегиялык альянстардың санының артуына алғышарттар қал ыптастыр ды.

Әсіресе әлемдік ыарықты жаулап алудың белсенді әрекетерін трансұлттық компаниялар 1950-жылдардың басынан жүзеге асыра бастады, бұған халықаралық экономикалық байланыстарды либерализациялау саясаты, отаршылдықтан босаған жаңа мемлекеттердің пайда болуын, тұтынушы сұраныстың өсуі және өзге де факторлар оңтайлы әсер етті. Трансұлттық компаниялардың саны, масштабы және көлемі жөнінен қарқынды дамуы олардың халықаралық экономикада маңызды рөл ойауына жол ашты.

Осы жылдары халықаралық экономикада жетекші орынға ие болған трансұлттық компанияларды үшінші буын ТҰК қатарына жатқызады. XX ғ. 50-80-жылдарында үшінші буын ТҰК қызметінде ұлттық және шетелдік өндірістің шектелген байланысы жүзеге асып жатты, картельдік типтегі халықаралық бірлестіктер өз шегінде көпсалалы кешендер құрған халыкаралық концерндерге орын  берді.   Бұлар   бірқатар   себептермен  анықталған   еді,   олардың  ең маңыздылары мыналар: өндіріс пен капитал шоғырлануының күшеюі, өнеркэсіптің алғашқы жаңа салаларын ерекшелеуге ықпал еткен ғылыми-техникалық прогрестің эсері, өндірістің диверсификациясы, басқаруда орталықтандырылмаған құрылымға көшу, бөлек компаниялар мен қаржылық топтар арасында қаржылық байланыстардың күшеюі. Үшінші буын ТҰК ерекшелейтін өзгешелік қызмет көрсету саласындағы қызметінің кеңеюі мен интенсификациясы болып табылады.

1980-жылдардың басында  төртінші буын ғаламдық Т¥К өз позицияларын білдіріп, бекіте бастады, олардың ерекше сипаттары:

  • нарық пен бәсекелестікті ғаламдық позициядан қарастыру;
  • өзінің бәсекелестерін және ғаламдық бәсекелестік күресті жүргізу әдістерін жақсы білу;
  • қызметін жалпы әлемдік немесе ірі аймақтық көлемде жүргізу;
  • өзінің табыстарының біршама бөлігін ғылыми зерттеулерге, ең алдымен жоғарғы технологиялық өндіріс саласын зерттеуге бағыттау;
  • өзінің филиалдарының қызметін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негізінде үйлестіру;
  • компанияның әрбір жеке өндірісін икемді ұйымдастыру, оның құрылымдарын халықаралық өндірістің эрдайым өзгеріп отыратын жағдайларына бейімдеу;
  • өзінің мекемелері мен өндірістік филиалдарын бірегей халықаралық басқару жүйесіне біріктіру;
  • өзге ТҰК-мен интеграциялық келісімдерге келу.

ТҰК дамуының қарастырып отырған кезеңі тікелей инвестициялардың стратегиялық альянс, жаңа қаржылық дериватив қүралдарын қолданумен өндірістік компаниялардың бірігуі секілді формаларьтн кең қолданылуымен сипатталады.

Ғаламдық ТҰК қызметі механизмінде ерекше рөлді банктік жэне қаржылық институттар ойнайды. Әлемдік экономиканың интернационализация жэне ғаламдану үрдістері, қаржылық саладағы үшқыр бэсекелестік трансүлттық банктердің калыптасуы мен өрістеуіне жағдай жасады. Халықаралық деңгейде компаниялардың бірігуі, лизинг, несиелеу жэне инвестиция құю операцияларын жүргізетін күшті қаржылық институттардың ТҰК-дың негізгі элементіне айналуы қалыпты жағдай санала бастады.

Ғаламдық  ТҰК біртіндеп өндірістік, сауда жэне қаржылық компанияларды біріктіретін ірі топтарды қүру стратегиясын жүргізуде. Алайда ірі және аса ірі ТҰК өзара экономикалық альянстарымен катар, трансұлттық ғаламдық компаниялар негізгі мемлекетте де, шет елдік серіктестерімен де кіші және орта бизнестегі өзара байланыстарын күшейтуде [3]. Атап айтсақ, ТҰК-дың жаңалықтарды ашу мен зерттеу, сонымен қатар жаңа өнім мен техниканы дербес шығару қызметін өте жетік жүзеге асырушы кішігірім фирмалармен жүйесі кеңеюде. Бүл тармақталған жүйенің дамуы ТҰК-ға олар үшін көптеген тиімсіз операциялар мен функциялардан қүтылып, қызметінің барынша пайдалы және перспективті салаларына көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Трансұлттық корпорациялар және олардың рөлі