Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:45, реферат

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

1.Қаржының мазмұны мен мәні.

2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы ролі.

3.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар.doc

— 714.50 Кб (Скачать)
 

. 5. Алтын нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз 
 
 

Тақырып 5.  Валюталық нарықтар

Ұй  тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап  беріңіз

Валюталық нарықтың қажеттілігі неде?

Валюталық қатынастарды реттеу неге қажет?

    2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Валюталық нарық дегеніміз не?

    А) валютаға деген  сұраныс

    В) валютаны сату жөніндегі ресми орталық

    С) валютаны сатып- алу жөніндегі ресми орталық

    Д) В және С

    Е) барлық жауабы дұрыс.

  1. Валюталық нарық түрлерін атаңыз

    А) дүниежүзілік, аймақтық

    В) аймақтық, ұлттық

    С) дүниежүзілік, ұлттық

    Д) аймақтық

    Е) С және Д.

  1. Шетелдік валютаны ұлттық валютаға қатысты бағалаудың қандай әдісі бар?

    А) тікелей, жанама

    В) тура жанама

    С) жанама

    Д) тура

    Е) барлық жауабы дұрыс емес.

    4. Тікелей бағалау  әдісі бойынша

    А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне  қарай бағаланады

    В) валюталар  түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

    С) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне  қарай бағаланады

    Д) А және В

    Е) В және С

  1. Жанама бағалау әдісі бойынша

    А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне  қарай бағаланады

    В) валюталар  түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

    С) ұлттық  валюта шетелд3к валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

    Д) А және В

    Е) В және С

  1. Валюталық нарыққа байланысты қызмет түрлерінде үлкен роль атқаратын

    А) дилерлер

    В) брокерлер

    С) менеджерлер

    Д) А және С

    Е) В және С

  1. Банкаралық нарық түрлері

    А) тікелей  банкаралық нарық

    В) жанама банкаралық нарық

    С) тура банкаралық нарық

    Д) брокерлік  банкаралық нарық

    Е) А және Д

  1. Валюталық нарықта банктің позициясының түрлері:

    А) ашық позиция;

    В) жабық позиция;

    С) қысқа мерзімді

    Д) ұзақ мерзімді

    Е) барлық жауабы дұрыс.

3.«Иә»  немесе«Жоқ» деп  жауап беріңіз 
 
 

Тақырып 4 1 Валюталық нарықтың дамуы

2 Валюталарды  айырбастау

3 Биржалық және  биржадан тыс валюта нарықтары

Валюта  қашан пайда болды?

    “Валюта”  – Итальян тілінен аударғанда “баға”,  “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір  елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы  ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

    Қағаз  ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында  Солтүстік Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

      Әр ел өз ақшасын металл  немесе қағаз түрінде шығарса  да оған өздерінің елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған.  Осы белгілеріне қарай қай  елдің ақшасы,  яғни валютасы  екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің типтері  қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық  валюталық жүйе –  елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік  валюталық жүйе –  дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және  мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік  валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық  валютадық жүйе –  валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардағы қолданып жүрген негізгі түсініктемелер.

Валюталық реттеу – заңмен қарастырылған, валюта заңдылығының сақталуын бақылау мен санкция қолдану, ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Валюта  – мемлекеттің заңды құралы ретінде пайдаланатын ақша бірлігі.

Ұлттық  валюта – ҚР валютасы

Шетел валютасы – шет мемлекеттердің валютасы

Резиденттер – ҚР азаматы

Бейрезиденттер  – шетел азаматтары

Ваюталық  құндылықтар – шетел валютасы;

          • құймадағы аффинирленген алтын;
          • бағалы қағаздар, төлем құралдары /номиналы мен құны шетел валютасында көрсетілген /

валютлық  операциялар – меншік құқының валюта құндылықтарына көшу операциялары және төлем құралы ретіндегі шетел валютасының қолдану операциялары;

          • меншік құқының және басқа да құқықтардың валюта бағамына көшуіне байланысты келісім – шарт;
          • меншік құқығы мен басқа құқықтардың ұлттық валютаға ауысуымен байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің келісім шарты. Сонымен қатар бағалы қағаздар мен төлем құралдардың ұлттық валютада номиналымен құны көрсетіледі.

Валюталық оперциялар – ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар  болып бөлінеді.

Ағымды  операциялар – экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен аспайтын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

          • 180 күннен аспайтын несиені алу мен жеткізу;
          • дивидендті алу мен аудару, депозиттерден, инвестициядан, ссудалық және басқа да операциядан түсетін кірістер мен сыйақылар;
          • сауда – саттыққа арналмаған гранттар аударылуы,мұрагерлік сомасының аударылуы, еңбек ақы, зейнетақы, алимент т.с.с.
          • капитал қозғалысымн байланысты, қазіргі заңға қатысы жоқ операциялардың барлық түрі;
          • капитал қозғалысымен байланысты операциялар;
          • инвестициялар;
          • мүліктік құқық пен  төлем ақыны қозғалмайтын мүлікке аудару;
          • 180 күннен асатын несиені алу мен жеткізу;
          • экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен асатын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

Уәкілетті банктер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар банк. Валюталық операцияларды жүргізу үшін – ҚР Ұб /нен лицензия алып, талаптарын орындау керек.

Уәкілтті  мекемелер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, ҚР Ұб талаптарына сай келетін банктік операциялардың ерекше түрін іске асыратын – заңды тұлға.

Айырбас пункттері – ҚР Ұб лицензиясы бар, қолма – қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізетін арнайы жабдықталған орын.

Ашық  ваюталық позиция – шетел валютасындағы банктердің міндеттемелері мен сұраныстары арасындағы айырмашылық

 Валюталық  реттеу органдары:

  1. ҚР-дағы валюталық реттеудің негізгі органы  – ҚР Ұб  болып табылады, яғни ол ҚР талаптарына сәйкес ваюталық қызметін атқарады.
  2. ҚР Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар ҚР талабына сай валюталық реттеуді  өзінің жасырындылығымен шектеу түрінде заңға лайықты етіп іске асырады.

    Валюталық операциялрды жүргізуді  шектеу / шек қою /

  1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және кездейсоқ жағдайлар туындағанда ҚР Президенті кез – келген валюталық операцияларды тоқтатуға және шектеуге шешім шығаруға  толық құқылы.
  2. ҚР Ұб экспортты валюта пайдасының міндетті сатылу тәртібі және резиденттердің валюталық төлем экспортты операциясын тоқтатуға құқылы.
 
 
 
 

       Есептер жинағы.

       Білімгерлерге қаржы нарығы туралы тапсырмалары.

       1-тапсырма

       Берілгені:

    Банк  қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.

    Шарты: Несие мерзімі – 3жыл.

                     Несие пайызы – 20%.

                     Ссуда сомасы – 10 млн тг

                      Пайыздары жай..

    Есептеу керек: 3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңдар. 

    2-тапсырма.

    Берілгені:

    10 млн теңге мөлшеріндегі несие  наурыздың 2-нен желтоқсанның 11-не  дейін жылдық 85%-бен несие берілді.

    Шарты: Несие сомасы – 10млн тг.

                     Жылдық пайызы – 85%.

    Есептеу керек:Түрлі нұсқалар үшін өскен сома мөлшерін анықтаңдар:

    а) ссуданың нақты күнімен нақты  пайыздар жағдайында;

    ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым  пайыздар жағдайында;

    б) ссуданың жақындаған күндер сомасымен  қарапайым пайыздар жағдайында. 

    3-тапсырма.

    Берілгені:

    20 млн теңге мөлшеріндегі несие  3,5 жылға беріліп отыр. 1 жылға жай пайыз мөлшерлемесі 90%, ал әрбір жарты жылдықта ол 5%-ға азаяды.

      Есептеу керек: Көбейген соманы анықтаңдар. 

    4-тапсырма.

    Берілгені:

    Фирмаға жылдық 120% пайыз мөлшерлемесімен жай пайыздарға қаңтардың 3-нен наурыздың 12-не дейінгі мерзіммен банктік несие берілді. Несие сомасы- 80 млн теңге. 

Информация о работе Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні