Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 17:35, аттестационная работа
Ұйымдардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі – алынғын табыстар мен жұмсалынған шығындардан қалыптасады. Табыстар мен шығындар ұйымның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады. Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді. Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып танылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқада заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.