Табыстар мен шығыстар түсінігі. Табыстар мен шығыстарды тану критерийлері. Шоттарды жабу жазбалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 17:35, аттестационная работа

Описание работы

Ұйымдардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі – алынғын табыстар мен жұмсалынған шығындардан қалыптасады. Табыстар мен шығындар ұйымның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады. Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді. Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып танылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқада заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.

Работа содержит 1 файл

каржылык есеп 7-тапсырма.docx

— 92.34 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: Табыстар мен шығыстар түсінігі. Табыстар мен шығыстарды тану критерийлері. Шоттарды жабу жазбалары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Орындаған: Бейсенова Н.А. 
 
 
 
 
 
 

Табыстар  мен шығындардың  экономикалық сипаты 

      Ұйымдардың  шаруашылық қызметтерінің нәтижесі – алынғын табыстар мен жұмсалынған шығындардан қалыптасады. Табыстар мен шығындар ұйымның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.

      Экономикалық  тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның  меншігіне түсетін қаражаттар сапасында  танылады. Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді. Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып танылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқада заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.

      Экономикалық  маңызына сай – шығындар табыс  алу мақсатында ұйымның меншігінен нақтылы жұмсалынған қаражаттар сапасында танылады. Жұмсалынған  қаражаттар активтердің азаюын көрсетеді.

      Сатылған  өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер  құны төленгенге дейін жұмсалған  шығындар активті қаражаттар түрінде  қаралады. Яғни, (өнімдер немесе тауарлар берілді) шығындар жұмсалады, ал табыстар (ақша түспеді) алынбады деп те түсінуге болады.

      Бухгалтерлік  есеп мазмұны тұрғысынан қарағанда  табыстар түскен активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары, басқада құндылықтар) экономикалық пайда әкелетін және осы  ұйым капиталын көбейтуші міндеттемелердің жабылуын қамтамасыз етуші категория.

      Шығындар  жұмсалған активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары, басқада құндылықтар) экономикалық пайданың азаюын және осы  ұйымның капиталын азайтушы міндеттемелердің алынуын көрсетуші категория сапасында да танылады.

      Шаруашылық  қызметінің фактілері нәтижесінде  капиталдың өзгеруі табыстар мен  шығындар арқылы есептелініп, пайда  немесе зиян сомасының (табыстар мен  шығындар айырымы) есебін көрсетеді. Осыдан табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі қаржылық қорытынды нәтижесін  шығару пайда немесе зиян процесіне  бағындырылған деп те қарауға  болады. «Табыстар мен шығындар» термині қатар қолданылатын капитал мен пайданы анықтаушы бухгалтерлік есептің маңызды категорияларына жатады. Табыстың бухгалтерлік есебін жүргізу қарапайым, ал шығындар есебін жүргізу біршама күрделі жолдармен орындалады.

      Табыстар деп – есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз. Егер шығындар сомасы табыстар сомасынан көп сомада болса, онда ұйымдар зиян шегеді. Негізінен табыстар есепті жыл ішіндегі өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және басқалай құндылықтарды сатудан алынған түсіммен (выручка) анықталады. Түскен түсім деп – осы ұйымның ақша қаражатының көбеюін айтады.

      Сатудан түскен түсім сомасы өндірілген өнімдердің өзіндік құнын, сатуға байланысты операциялық  шығындар сомасын жабуды және міндетті түрде табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік құнымен сатудан түскен артық айырманы жалпы табыс деп атаймыз.

      Егер  ұйымдар жеткілікті жағдайда жалпы  табыс алмаса, онда мұндай ұйымдар  таза пайда таба алмайды және алдағы кезеңдерде өндірістік процеске жұмсалынатын активтерді қаржыландыра алмайды.

      Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптеріне тән  шығындар категориясының үш түсінігі берілген: 1)ақша жұмсау шығындары (издержки) құндылықтар (шикізат, материалдар) жұмсау шығындары (затраты); жұмсал-ған шығындар (расходы). Басқа жақтардан активтік ресурстар сатып алуға жұмсалған  ақша қаражаттарын ақша төлеу арқылы алынған шығындары деп атаймыз. Ұйымдардың тауарлар, материалдар,  негізгі құралдар т.б. активті қаражаттар сатып алуға жұмсаған ақшаларын  қаржылық шығындар жұмсау дейміз. Ұйымдар  активінің көбеюі жұмсалған ақшаның  сомасымен байланысты. Қаржылық шығындар алдағы кезеңдерде  шаруашылық процесіне  жұмсалынатын қаражаттарды қалыптастырады. Бұдан, ақшаның қаражатқа айналып, қаражаттар бухгалтерлік есеп балансына  алынатындығын және қаражаттардың  алдағы кезеңдердің бірінің ішінде шаруашылық процесіне жұмсалатындығын  – «жұмсалынғын шығындардың» пайда  болғандығын түсінеміз. Яғни активтерді сатып алып, кіріске алған күнмен (сатып алу сәті), осы активтерді өндірістік т.б прцестерге жұмсалған  күнге дейінгі активтерді қаражаттар деп атаймыз.

      Егер  баланста тұрған қаражаттардың белгілі  бір бөлігі есепті жыл ішінде өндірістік процеске т.б. мұқтаждықтар мен мақсаттарға  жұмсалған жағдайда (әбден мүмкін) жұмсалған шығындар сапасында танылады. Сондықтан есепті жыл ішінде табыс алу мақсатында жұмсалған ресурстарды шығындар деп атаймыз. Ресурстарды тиімді жұмсау табыстар түсіреді және пайда табуды қамтамасыз етеді. Алынған табыс көлемі соңғы нәтижелі көрсеткіш және таза пайда түсірудің ең маңызды қадамы болып табылады. Қандайда болмасын заңды тұлғалардың экономикалық өмірінде табыстар мен шығындар арасында өзара үздіксіз байланыс болуы керек.

             

                 Табыстарды тану  және бұларды есепке  алу принциптері 

      Дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызметтер  және басқалай артық саналған құндылықтарды  сатып алушыларға жеткізіліп берілген кезде, ақшаның түсуі немесе түспеуіне  қарамастан түскен табыс сапасында  есепке алынады.

     Табыс акшалай өлшеммен өлшеніп, ұйымның  ақша алу құқысына иелік етуін  бекітеді. Табыстың ақшалай өлшемі екі жақты жасалған келісім-шартта көрсетіледі. Активтерді (тауарлы-материалды құндылықтар мен дайын өнімдер т.б.) сатқан жағдайда, бұлардың бастапқы құнына сатуға байланысты жұмсалған шығындар сомасының қосылатындығын есте сақтау керек.

     Құндылықтардың  сапасыздығынан болған шегерімді және сату шегерімін, басқа да шегерімдерді қабылдау жөніндегі сатып алушылардың  қойған талабын, сатып беруші жақ  қабылдаған жағдайда, мұндай шегерімдер табыс сомасының жалпы көлемін азайтады. Шегерілетін шегерім сомасы табыс көлемін азайтады. Табыстың жалпы көлемі пайда көлемін анықтайтын болғандықтан, табысты тану пайданы танудың ережесімен өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан, пайда қашанда тиімді қызмет атқарудың нәтижесіндегі түскен пайда болып танылады. Шаруашылық қызметінің нәтижесінде түскен пайда экономикалык бағытпен қарағанда үзілмейтін үрдіс.

     Енді  табысты қай кезеңде және қандай жағдайда есептейтіндігіне тоқталайық:

     Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай  табыс: 1) сатып алушылардан ақшаның  түскен кезеңімен бірге есептелінген табыс; 2) ақша түскенге дейінгі есептелінген табыс; 3) ақша түскеннен соң есептелінген табыс кезеңдері бойынша бөлініп  қаралады.

     Бірінші мысал. Жүк тасымалдаушы ұйым басқа ұйымға жүк жеткізіп беру қызметін атқарғандығы үшін осы күні 30,0 мың теңге ақша алды. Бұл операцияның негізінде жүк тасымалдаушы осы ұйымның кассадағы ақшасы 30,0 мың теңгеге көбейіп, табысы да артты. Яғни:

Дт «Ақша  қаражаттары» 30 000

Кт «Сатудан түскен табыс» 30 000 счеттары бойынша жазылды.

    Екі жақты жазу принципі орындалып, түскен табыс пен түскен ақша бірдей уақытта  есепке алынғандығын көруге болады.

    Екінші  мысал. К дүкені қаңтар айында М атты сатып алушыға 120,0 мың теңгенің жиһазын сатып, осы айда бұл жиһазды М атты сатып алушыға жеткізіп берді.

Дт«Ақша қаражаттары»          120 000

Кт«Сатудан  түскен табыс»         120 000 счеттарына жазылды.

    Мұнда да екіжақтылык принцип орындалып, түскен табыс пен ақша бірдей уақытта  есепке алынды.

    Үшінші  мысал. Қаңтар айында К дүкені О атты сатып алушыға құны 210 000 мың теңге тұратын жиһазды несиеге сатты. О атты сатып алушы 30 күн ішінде есептесуді өз міндетіне алды.

Дт «Алынуға тиісті счет» 210 000

Кт «Сатудан түскен табыс» 210 000 счеттарына жазылды.

    Бір айдан соң сатып алушы клиент жиһаз сатушы дүкенмен несиеге алған  құндылық үшін есеп айырысты.

Дт «  Ақша қаражаттары»              210 000

Кт «Алынуға тиісті счет»                   210 000 счеттарына жазылды.

    Сату  принципіне қарай ақша қаражаты түспес бұрын түскен табыс бір ай ерте есепке алынды. Яғни табыс ақша қаражаты түспес бұрын есепке алынып, ақша алушылық құқық бір айдан соң орындалғандығын  көруге болады.

    Ендігі  жерде тауар және басқа да қызметтерді  алушы жақ алдын ала аванс  беріп, сатып беруші жақ тауарларды кейін жеткізіп беретін болып  міндеттеме қабылдайды.

    Мұның үшін Дт «Ақша қаражаттары» счеты дебеттеліп, Кт«Сатып алушылардың авансы» счеты кредиттеледі.

    Егер  сатып беруші жақ өз міндеттемесін  орындап, сатып алушыға тауарлар жеткізіп берген жағдайда: «Сатып алушылардың авансы» счеты дебеттеліп, «Сатудан түскен табыс» счеты кредиттеледі.

    Жоғарыда  көрсетілген операциялар мазмұнынан табыс сомасының сатылған тауарлар құнымен бірдей екендігін көруге болады. Сонымен қатар, сатып беруші үйым сатып алушы ұйымға тауарлар жеткізіп беріп, қызметтер көрсеткен  жағдайда сатып беруші ұйым не ақша, не сатып алушылардың міндеттемесін  қабылдайды. Түскен ақша немесе сатып  алушының берген уәдесі ұйым табысына бірден жазылады. Мұндай жағдайда ұйымның  активті қаражаттары көбейіп  отырады.

    Бухгалтерлік  есеп тәжірибесінде активті қаражаттар (ақшалар) көбейгенімен, табыс көлеміне ешқандай да әсер етпейтін шаруашылық операция-лары іске асырылуы мүмкін. Мысалға, банктен алынған несие есеп айырысу счетындағы ақша қаражатын және алынған міндеттемені (пассивті) бірдей сәтте көбейтіп, түсетін табысқа ешқандай да әсер етпейді. Қаржы салым-шылар мен меншік иелері қосымша каражат салған жағдайда ұйым табысы сомасына ұйымның капиталы көбейіп, табысқа ешқандай да әсер етпейді.

    Сонымен, ұйымдардың табысын қалыптастыру өнім өндіруге, тауарлар мен көрсетілген қызметке жұмсалған шығындарға тікелей байланысты. Немесе жұмсалынған шығындар табыстың қарама-қайшылығын көрсетуші нәтижелі өлшем болып табылады. Өз кезегінде шығындар сомасы активті қаражаттарды азайтып, пассивті көбейтеді. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ақша төлеу жөніндегі кейбір операциялар шығынға жатпайтындығын ескер-ген жөн. Мысалға, меншік иесі мен акционерлер өзіне тиеселі қаражатын алған жағдайда капитал сомасы азайып, бұл сома жұмсалған (азайған) шығындарға ешқандай да әсер етпейді.

    Табыс алу арқылы капиталдың өзгеріске  түсіп отыруын есептеу, бухгалтерлік есепте біршама қиындықтар туғызады. Алайда, шығындар мен табыстар өрісінде болатын шаруашылық операцияларын  жинақтап отыру үшін табыстар мен  шығындардың жекелеген түрлеріне  арнап аналитикалық счеттар жүргізілуі керек (Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында аналитикалық счеттарды  уақытша немесе номиналдық счеттар  деп атайды).

Уақытша ашылған счеттарда белгілі бір  кезеңдегі табыстар мен шығын-дар  жағдайының мәліметтері тіркеледі. Бұдан соң табыстар мен шығындар счетында уақытша жинақталған сомалар  пайда немесе зиян счетына көшіріледі. Активтер мен пассивтер және капитал  есебін жүргізуші счеттар-дың қалдығы  міндетті түрде баланста көрсетіледі. Қалдығы балансқа түсірілетін счеттарды - тұрақты счеттар деп атайды.

    Қорыта  келгенде, табыстар мен шығындардың  бухгалтерлік есебін бірдей кезеңде  жүргізу, сату принципін жүзеге асырудың ең алғашқы негізін қалыптастырады.  
 
 
 

Шығындарды  тану және бұларды  есепке алу принциптері 

        Жұмсалған шығындар мен табыстар  сәйкестігін анықтау мүмкіндігі  әрқашанда оңай бола бермейді. Егер белгілі бір кезеңдердегі  оқиғалар шығындар мен табыстар  көлеміне әсер ететін болса,  онда мұндай оқиғалардың нәтижесі  осы кезеңде танылуы керек.  Халықаралық бухгалтерлік есеп  стан-дарттарының анықтауына қарай  және сәйкестік  принципті колдануға байланысты ең әуелі шығындарды танудың екі категориясын білу керек. Олар: 1) есепті кезеңдегі шаруашылық қызметіне байланысты сатып алу шығындары (издержки - осы кезеңнің шығындары); 2) алдағы кезең табыстарымен сәйкес келмейтін (байланыспайтын) шығындар (осы есепті жылдың шығындары).

    Табыстар  түсіру немесе келтіру үрдісі шығындар жұмсау нәтижесінде қалыптасатындығына  байланысты,  осы  есепті  кезеңдегі  шығындарды ретке келтіруді - сәйкестік  принцип деп атайды. Мұның маңызы сатылып алынған шығындар сомасы осы кезеңдегі табыстар алуға  жұмсалған шығын-дарымен сәйкес келуіне байланысты болады. 

Информация о работе Табыстар мен шығыстар түсінігі. Табыстар мен шығыстарды тану критерийлері. Шоттарды жабу жазбалары