Шаруашылық субьектилериниң каржылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:53, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.docx

— 28.79 Кб (Скачать)

−      ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi) қатынастар және т.б.

Қызметтің айрықшалықты түрлерiндегi өзара байланыстардың тым қысаң  анықтықты сипаттайтын қатынастардың  қалыптасуы мүмкiн, мысалы:

−қоғамдық ұйымдар мен олардың  мүшелерi арасында жарналарды — кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр  жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн  көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;

−коммерциялық ұйымдар мен олардың  демеушілерi арасында ұйымның қызметiн  қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарына қаражаттар беру жөнiнде;

−сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;

−сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы  кредит қатынастарының болуы мүмкiн.

Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және  пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:

−ұйымдар мен мекемелердің пайдалану  қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;

−күрделi жұмсалымдардың қорлары;

−көтермелеу және ынталандыру сипатындағы  қорлар;

−қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;

−негiзгi қызметтi дамыту қорлары.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың  ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктер

iн анықтау үшiн оның  құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды,  олардың қызметінiң сипатын, басқаруды  ұйымдастырудың және қаржыландырудың  әдiстерiн ескере отырып зерделеген  жөн.

Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер  мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде — көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды.

Сметалық қаржыландыру— меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.

Сметалық қаржыландыру бюджеттiң  қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған. 

Коммерциялық емес ұйымдар  қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай топтастыруға болады:

−бюджет қаражаттары;

−мемлекеттік бюджеттен тыс  қорлар;

−жағдай шараларға билеттер сатудан  алынған қаражаттарды қоса, өнім өткiзуден  түскен түсiм-ақша;

−түрлi коммерциялық құрылымдардың  ақшалай аударымдары, келiсiмшарпарға  сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер  көрсеткенi үшін түскен қаражат түсімдерi;

−мүлiктi жалға беруден түскен түсiм-ақша;

−халықтың қаражаттары;

−кадрларды дайындаудан (қайта  дайындаудан, бiлiктiлiктi артырудан  және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шаруашылық субьектилериниң каржылары