Шаруашылық субьектилериниң каржылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:53, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.docx

— 28.79 Кб (Скачать)

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін  құрайды, материалдық және материалдық  емес игіліктер жасалатын және елдің  қаржы ресурстарының негізгі  бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді. 
 Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резидентгік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

 Заңды тұлға коммерциялық  та, коммерциялық емес те болуы  мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша  табыс табу және оны өз қалауынша  тарата алады, ал екіншісінің  өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі  де және таза табысын өз  қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген. 
Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін:

- шаруашылык серіктестіктер;

- акционерлік қоғамдар;

- өндірістік кооперативтер;

- мемлекеттік кәсіпорындар.

Коммерциялық емес ұйымдар  заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, коғамдық бірлестіктерден және тағы басқа  ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.

1. Шаруашылық серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың

(қатысушылардың) салымдарының  есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің  шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған

мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады. Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады. 
Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне

тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.

Коммандиттік серіктестік  — серіктестік міндеттемелері бойынша  өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық  серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі  және олардың міндеттемелері бойынша  жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.

2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды. 
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.

3. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын занды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың кызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.

Ашық акционерлік қоғам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.

Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.

Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап  бағаланады және ондағы активтердің  құны екі жүз мың айлық есепті керсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.

4. Өндірістік кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері занда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. 
5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: 
- шаруашылыкты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;

- ағымдағы (оперативтік)  баскару құқығына (қазыналық кәсіпорын)  негізделген мемлекеттік кәсіпорын,  Қазақстан Республикасы үкіметінің  немесе жергілікті атқару органының  шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның  шаруашылық қызметі оның Жарғысында  көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен  және міндеттермен анықталады. Қазақстан  Республикасы немесе жергілікті  әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық  кәсіпорынның міндеттемелері бойынша  жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады. Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.

Мемлекеттік мүлікті басқаруға  уәкілетті органдар, басқа заңды  және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар  құрып, ол мемлекеттік тіркеуден  өткен күннен бастап заңды тұлға  құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің  рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект  заңды тұлға құқығы бар еншілес  субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.

 

Коммерциялық  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру  белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бакйлау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.

  1. Коммерциялық есеп - шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
  2. Жоспарлылық қағидаты шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (моделдеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары- мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайтын, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
  4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер эр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

 

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру 

 

Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық  және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.

Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып  табылмайтын және алымған таза табысты  қатысушылар арасында бөлмейтiн  заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында  және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы  деп материалдық емес игiлiктер мен  қызметтердi жасау мақсатында материалдық  өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде  құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi.

Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай қаржы  қатынастары қалыптасады:

−      сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;

−      қаржы ресурстарын бөлумем және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгi органдар арасындағы iшкiсалалық қатынастары;

−      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;

−      салааралық — түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;

−      еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;

Информация о работе Шаруашылық субьектилериниң каржылары