Автор: D******@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 17:58, курсовая работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Кіріспе..........................................................................................................3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері…………………………………………………………………………...5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары……………………….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері……………………………………………………………………..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………………………………………………………………………......22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…………..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…………………………………………………..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары………………….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру…....37
Қорытынды…………………………………………………………………..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................41
«Самұрық-Қазына» арқылы бөлiнген қаражаттың арқасында қазiр екiншi деңгейлi банктер халыққа несие беруде белсене бастады. Қаржы дағдарысынан студенттер қауымы да бiраз қиындықтарға ұшырады. Әсiресе, ақылы түрде бiлiм алып жүрген жастар жыл сайын төлейтiн оқу ашқасын өтей алмай, қиналған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «Самұрық-Қазына» Альянс банкi арқылы студенттерге 15 млрд. теңге көлемiнде жеңiлдiкпен несие беру бағдарламасын дайындады. Үстiмiздегi жылдың 17-тамызы күнгi деректерге сүйенсек, аталған қаражаттың 44 923 865 теңгесi, яғни, 0,3%-ы игерiлген. Несие алған студенттер саны – 486.
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысын талдау.
Астанада ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» Қорының кеңейтілген жиыны өтіп, онда Қордың 2010 жылдағы шаруалары қорытындыланып, есептер тыңдалды, 2011 жылдағы мақсаттары айтылды.
Былтыр «Самұрық-Қазына» Қоры Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын шын мәнінде аяқтап, Ұлттық Қордан бөлінген 1 трлн. 87,5 млрд.теңгенің 91%-н игерді.
Қордың қатысуымен елдің БТА Банкі, Альянс Банкі және Темірбанк секілді үш ірі банктің берешектерін қайта құрылымдау табысты аяқталды. Қайта құрылымдау нәтижесінде БТА Банкінің сыртқы борыштары 12 млрд. АҚШ долларынан 3,7 млрд. АҚШ долларына дейін төмендетілді, Альянс банктің сыртқы борышы 4,5 млрд. АҚШ долларынан 1,16 млрд. долларға дейін қысқарды, Темірбанктің сыртқы борышы 770 млн. АҚШ долларынан 61 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды. Міндеттемелерді төлеу мерзімі қарыз берудің орташа ставкасын 9-10%-ға дейін төмендете отырып, қолданыстағы 1-5 жылдан 8-20 жылға дейін өзгертілді( 1 кесте).
2 кесте. «Самұрық-Қазына» Қорының қатысуымен елдің БТА Банкі, Альянс Банкі және Темірбанктердің берешектерін қайта құрылымдау табысты аяқталды
БТА банк | Альянс банк | Темірбанк | ||||
Үлесі (+) | Үлесі (-) | Үлесі (+) | Үлесі (-) | Үлесі (+) | Үлесі(-) | |
Сыртқы борыш | 12 млрд | 3,7 млрд | 4,5 млрд | 1,16 млрд | 770 млн | 61 млн |
Былтыр
халықаралық рейтинг
Қаржылық сектордың тұрақтануына Ұлттық Қордан экономиканың нақты секторына кредит беру үшін бөлінген 60 млрд.теңгені Халық банкінің мерзімінен бұрын қайтаруы дәлел бола алады. Банк ЦентрКредит, Kaspi Банк және Халық банкі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша 40 млрд.-тан астам теңгені мерзімінен бұрын қайтарды. Бұдан басқа, 2010 жылғы желтоқсанда Қазкоммерцбанк 46,5 млрд. теңгені мерзімінен бұрын қайтарды.
Жылжымайтын
мүлік нарығындағы
Қазіргі уақытта Қордың тетіктері арқылы 6 955 үлескердің қатысуымен тағы 43 аяқталмаған объекті, олардың ішінде Астана қаласы бойынша – 4 059 үлескердің қатысуымен 31 объекті және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 2 896 үлескердің қатысуымен 12 объекті қаржыландырылуда.
2008 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды бағыт Қор арқылы шағын және орта бизнесті қолдау. Шағын бизнес бойынша небәрі 4 жылдың ішінде жалпы сомасы 513 млрд. теңгеге 10 537 жоба қаржыландырылды, бұл ретте 19 мыңнан астам жұмыс орны құрылды және қолдау көрсетілді.
Осыған байланысты, алдыңғы тұрақтандыру транштары шеңберінде қаражаттың негізгі бөлігі сауда және қызмет көрсету саласын қаржыландыруға кетті, 2009-2010 жылдары өңдеуші өнеркәсіптегі жобаларды қаржыландыруға бағытталған САҚ (Стресті Активтер Қоры) қаражаты есебінен «Даму-Өндіріс» бағдарламасы іске асырылған болатын. 8,5% ставка бойынша барлығы тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, металл өңдеу өндірісі салаларына 35 млрд.-қа сай теңгеге 207 жоба қаржыландырылды. «Даму-Өндіріс» бойынша тағы 5000-ға жуық жұмыс орны құрылып, қолдау көрсетілді.
Бұдан басқа, 2010 жылы «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде 285 жоба мақұлданды, жалпы сомасы 110 млрд.-тан астам теңгені құрады, іс жүзінде 137 шарт жасалды.
2010
жылдың ақпанынан бастап
Қор экономикалық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың операторы ретінде модернизация және диверсификациялаудың стратегиялық жобаларын жүзеге асырады.
Қазіргі күні Қордың еншілес компаниялары жалпы құны 240 млрд-тан астам доллар болатын экономиканың әртүрлі секторларындағы 100-ден астам стратегиялық және перспективалық жобаларды іске асыруда. 2010 жылғы кезең ішінде Қордың еншілес компанияларымен инвестицияларды игеру бағалы түрде 13 млрд-тан астам долларды құрайды. Инвестицияларды игерудің негізгі бөлігі 2010-2015 жылдарға тура келеді. Жалпы құны 38 млрд. доллардан жоғары 80-нен астам ірі жоба бес жыл ішінде іске асырылатын болады.
Қорға Қазақстан Республикасын үдемемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыруда негізгі рөл бөліп берілуде. Осы бағдарламаның шеңберінде Қор жалпы сомасы 22 млрд.долларға 21 жобаны іске асырады, бұл барлық инвестициялардың жартысынан көбін құрайды (Қосымша 1).
Қор
энергетикадағы барлық инвестициялардың
93%-ын, мұнай өңдеу мен
4 сурет. Қор жалпы сомасы 22 млрд.долларға 21 жобаны іске асыруға бөлінген инвестиция.
Қазіргі уақытта даму институттары 146 жобаны қаржыландырылуда, 96 жоба пайдалануға енгізілді. Жаңа өндірістерде 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Қазақстан Даму банкінің жылдық инвестициялық қызметінің қорытындылары бойынша жалпы сомасы 1233,6 млн. долларға 20 жоба пайдалануға берілді, құрылыс сатысында 4386,5 млн. доллар сомасында тағы 20 жоба тұр. Бұл ретте 15 мың жұмыс орны құрылды. Отандық өнімдердің экспортын қолдау шеңберінде «ҚазЭкспортГарант»АҚ жалпы сомасы 78,8 млн.долларға 39 экспорттық мәмілелерді сақтандырды.
Мәселен, ҚДБ, Қор құрамына енетін негізгі даму институты 2010 жылы активтердің ауқымын $6,5 млрд. немесе 13% арттырды.
2010
жылы ҚДБ экономиканың
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігін талдау.
«Самұрық-Қазына» қорында қазір елімізде сегіз даму институты бар. Соның бесеуі, атап айтқанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстан даму банкі, Қазақстанның инвестициялық қоры, Kazyna Capital Managment және Мемлекеттік экспортты сақтандыру корпорациясы. Тағы үш даму институты - Ұлттық инновациялық қор, Инжиниринг және технологиялар трансферттері орталығы және KAZNEX экспортты ұсынатын корпорациясы 2009 жылдың шілде айынан бері қазір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінгің құрамында.
2009
жылғы қаңтардың 1-інде «
5 сурет. Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы даму институттарындағы портфелдік қаражаттар. млрд. теңге
Даму институттары жұмысын жетілдіру үшін Қордың жасаған шаруалары арқасында экономиканы несиелеудегі тиімділік едәуір артты. 2009 жылы даму институтының бір қызметкеріне (Ақпарат: Экономиканы несиелеу негізгі жұмысы болып есептелінетін қаржы институттарының функциясына сай-олардың жұмысындағы тиімділік қаржылық ұйымның әр қызметкеріне шаққанда берілетін несиеге сай көрінеді) шаққанда мынадай есепті көруге болады:
- ҚДБ-ның несиелік қоржынында 1,5 млрд. теңге ( 2008 жылы - 250 млн.теңге),
- «Дамудың» несиелік қоржынында - 1 млрд. теңге ( 2008 жылы - 10 млн.теңгеден аспайтын),- Қазақстан Инвестициялық Қоры инвестициялық қоржынында - 600 млн. теңге (2008 жылы - 100 млн.теңгеден келген),
-
Экспортты сақтандырудың
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары
ҚР экономикасын тұрақтандыру мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры бес маңызды мәселеге ден қойды: қаржы саласын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлiк нарығындағы қордаланып қалған қиындықтарды шешу, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, сондай-ақ, инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
Қордың
өз жауапкершiлiгiне алған жобалары
арасында Екiбастұз ГРЭС-2 үшiншi блогы,
Мойнақ СЭС, «Қазақстанның Солтүстiгi-