Салық механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 15:00, реферат

Описание работы

Кез-келген мемлекет, қызметтің әртүрлі сферасындағы қоғамның мүддесін айқындап сәйкес саясатты өңдейді және іске асырады – экономикалық, әскери, әлеуметтік, халықаралық және т.б. Мемлекеттік реттеу процесінде негізгілердің бірі болып тікелей мемлекеттің қаржылық және салықтық саясатына ауысатын қаржылық механизм табылады.
Мемлекеттің салықтық саясаты – бұл қоғамның алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға бағытталған және мемлекетпен салық облысында жүргізілетін шаралардың және акттердің жүйесі.

Содержание

1. Салық саясаты және салық механизмінің экономикалық мәні
2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
3. Салық саясатының мақсаты мен міндеті, салық механизмінің элементтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

Салықтық жоспарлау  жоспарлаудың жалпы теориясы және практикасынан, маркетинг және басқа ғылымдар нұсқауларынан  шығып іске асырылады. Сол ережелерге салықтық реттеу және бақылау бағынады. Олар үшін маңызды басқару және құқықтың жалпы теориясымен өңделген нұсқаулар болып табылады.  
Салықтық иеханизмнің ішкі мазмұнын бюджет кірістерін қалыптастыру, салық сомасын территориялар арасында қайта бөлу кезінде қалыптасатын ұйымдастыру-экономикалық және құқықтық қатынастар құрайды. Ұйымдастыру экономикалық қатынастар жүйесі салық механизмін құрау спецификасын анықтайды. Салықтық механизмнің негізгі сипаттамалары: 
- ҚР-ның салық салу жүйесіндегі негізгі салық формаларының тізімі негізінен халықаралық стандарттарға жауап береді. Табыс салығы, мүлікке салық және т.б.; 
- мемлекет деңгейінде және территория деңгейінде салық сұрақтарының барлық шеңбері бойынша шешім қабылдау механизміне халықаралық салықтық құқықтырдың нормаларның сәйкес келмеуі;

- бюджет кірістерін салықтық әдістермен қалыптастыру кезіндегі салықтық қатынастардың толықтығы, тұрақтылығы, жүйелілігіне қол жеткізілмеген, оған халықаралық салықтық құқық нормалары сәйкес келмейді; 
- салық заңдарының жиынтығы принципті сипаттағы нұсқаулардан тұрады. Осы нұсқаулар толық іске асырылмайды. Нақты салықты төлеу және есептеу методикасы өзара байланыстырылмаған, бұл салықтың бюджетке төлену уақтылығына бақылауды қиындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды.

Салық салудың негізгі  қағидалары сақталып, салық салуда қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру қағидалары біршама өз шешімін тапқан.

Жаңа салық заңының  негізгі мақсаты шаруашылық  субъектілеріне салық  ауыртпалығын азайтуды қамтамасыз ету болатын. Бұл жағдайға сан  алуан мақсаттық қорларға қаржыларды таратуды қысқарту, сондай-ақ  өз күшіндегі салық санын кеміту жолымен қол жеткізілді.

Салық салу тәртібін жүйелеу,  қазіргі салықтардың тұрақтылығы  және мемлекеттегі салықтық құқық  қарым-қатынастарын реттейтін біртұтас заңның болуы барлық  салық төлеушілердің мемлекет бюджетіне қанша және қашан төлеуін білудің негізін жасады. Мұндай заңдық  норма салық төлеуші мен салық  заңын сақтауды және мемлекет алдында салықтық  міндеттемелердің   түсуін   қамтамасыз   ететін   салық  органдарының  қарым-қатынастарын  мүлдем  жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ақыр аяғында жаңа салық заңы ережелерінің ескіге қарағанда табыс есебінен салықтарды алу пайызын орташа есеппен 20 тармаққа дейін төмендетуге мүмкіндік жасайтынын атап айтқан жөн. Сондай-ақ  мұнда Салық кодексін жасақтауға бұрынғы шақырылған депутаттар, Қазақстан өнеркәсіпшілер одағының, Қазақстан Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің өкілдері, бірқатар ірі және шағын кәсіпорындардың басшылары мен бас есепшілерінің атсалысқанын атап өткен орынды. Салық кодексінің сан алуан ережелерін дайындаумен бірге олар нақты кәсіпорындарға негізделіп, нәтижелері қорытындыланып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПайдалынҒан Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституция – 2003 ж. Алматы.
  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тұралы Қазақстан Республикасының кодексі. (2009 ж. 1 қантардағы жағдай бойынша). – БИКО баспа үйі, 2009 ж.
  3. Қазақстан Республикасының  “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы.  – Алматы, 2002ж.
  4. www.google.kz
  5. www.yandex.kz
  6. www.site.kz
  7. www.minfin.kz
  8. www.nationalbank.kz
  9. www.nalog.kz
  10. www.goverment.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Салық механизмі