Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:44, реферат
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер.
Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы,әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады,ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен,әлеуетімен (иммунитет)өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп,соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.
“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау,әлбетте жаңалық ашу емес,мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады,себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ.Ал қауіпсіздік жағдайы оы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ мемлекеттің қорғана білу жағдайы- оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі”
Осы қағидаттың сүйегінен шығара отырып қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі және оның қауіп-қатерден анық қорғалуы ,одан сытылып шығып,қарсы тұра білу қабілеті.
Қауіпсіздік саласындағы дәлдеу қажет болып отырған негізгі ұғым “қауіп” ұғымы себебі қауіпсіздік проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде бұл термин бастапқы термин деп есептеледі. “Қауіп”ұғымы қауіпсіздіктің жалпы теориясында “әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып,дамуына жағымсыз серпін немесе паоаметрлер дарытатын әлдебір залал,зиян келтіретін ахуал ретінде қарастырылады.”/7/Демек, "қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын беймаза ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады.Қатер сырттан туып қаралып отырған нысанның ішінде де бола береді.Ықтималдылық дәрежесі жағынан анық және әлеуетті қатер деп бөлінеді,ал нақпа-нақ бағытталу сипаты және қолайсыз жағдай туған кездегі субьективтік фактордың роліне қарай көптеген ғалымдар қатердің ілік тастау және қатер мүмкіндігі түрлерін ажыратады.Қатердің бұл түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды,себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.
Кең таралған пікір бойынща ,қауіпсіздік мемлекетті әлсірету жолымен ғана немесе оны қоғамдық өмірдің барлық саласынан түгел дерлік ығыстырп шығару арқылы ғана қамтамасыз етілмек ,неге десеңіз азаматтар мен қоғамның ішкі қауіпсіздігіне басты қатер мемлекет тарапынан төнеді.Осының өзі кереғарлық.Шынтуайтында,
Ұлттық қауіпсіздіктің қазақстандық моделінде де мемлекет мүддесі басым тұр.Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің одан әрі дамуының және құйқылжыған геосаяси ахуалдар жағдайында дұрыс бағдар ұстау қажеттілігінен келіп туды.Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,ұлттық қауіпсіздік концепциясын қабылдау пікір-талас сипатына ие емес ,оны айтасыз,ол тіптен қоғамның барлық тараптарының бұл өреде келісімге келуін талап етпейді,мұның өзі аталған мәселені билік басындағы төбе-топ жемісіне жатқызады.
Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі”туралы заңына талдау жасау қазақстанның өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері ,ықтимал қатер және олардан қорғану жолдары нақпа – нақ айқындалғандығына қарамастан заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды перспективалврын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньектураға иек сүйеп кеткендігі байқалады. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең алдымен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің мән-мазмұнын айқындауға алып баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми көзқарастар жүйесі ретінде қаралады.
Сондай-ақ ол елдің ішкі және сыртқы әлеуметін айқындап отырады.Осыдан келіп,Қазақстанның ұлттық мүддесі деп қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің өмір сүруі ғана емес ілгері дамуы үшін де қажет шарт болып табылатын,Қазақстандық әлеуметтік қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктериен мүдделер жиынтығын түсінген жөн.Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік экономикалық және саяси құрылыс ерекшеліктерінен ,оның экономикалық даму деңгейінен ,халықаралық аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасуын орнынан ,жағырафиялық орналасуының ұлттық және мәдени ерекшеліктерінен ,яғни геосаяси факторлар алуандығын құрйтын нәрсенің баршасынан туындайды.
Қазақстанның өзіндік ұлттық мүддесінің ұлттық құндылықтары мен өмір салтының бекемделу процесіне,сондай-ақ анық және ықтимал сыртқы және ішкі қатерлерді анықтау ісіне ішкі саяси факторлар едәуір дәрежеде әсер етті. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде ішкі саяси факторларға екпін түсіру әсте де кездейсоқ емес,өйткені Қазақстанның өз ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі түптеп келгенде тәуелді болып отырған елдің әлеуметін дәл солар белгілейді.Осыларды ескере отырып,Қазақстан Республикасының президенті 1996 ж 30 сәуірдегі үкімімен Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік концепциясы бекітіліп онда ТМД аумағында бірінші рет ұлттық қауіпсіздігінің басым -бағыттары либераландыру идеясы жария етілді.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1. Комсомольская правда. 5 августа 2009.
2. Федько Ю.С. Алкоголь – губитель для здоровья // Валеология. Здоровье и жизненные навыки. 2008. № 6. С.33.
3. Жалмухамед Т. Хмельное детство // Юридическая газета. 25 января 2007.
4. Разлюбим пиво // Семья. 2008. № 3. С.3.
5. Шупейкин В. Здоровье нации неотделим от здоровья экономики // Вечерний Алматы. 23 июля 2009.
6. Попазов Д. Здоровье нации – в приоритете // Казахстанская правда. 23 мая 2008.
7. Куаналиева Г. Конфликты в семье // Мысль. 2008. № 10. С.47