ҚР ұлттық қауіпсіздігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 20:44, реферат

Описание работы

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер.

Работа содержит 1 файл

ҚР ұлттық қауіпсіздігі.doc

— 68.00 Кб (Скачать)


ҚР ұлттық қауіпсіздігі

 

    Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

 

    Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

    Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

 

    Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.

    Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграциялық процестерді күшейте береміз.

    Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығая береді.

 

    Біздің стратегиямыздың екінші құраласы - Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.

    Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

    Біздің стратегиямыздың төртінші элементі - еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру.

    Бесіншіден - біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп-жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.

    Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ал қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.

    Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік-жігерімізді, азаматтығымыз бен отансүйгіштігімізді паш етуте тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.

    Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.

    Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.

    Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дуниежүзілік экономикаға дәйекті енуі елді әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.

    Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруга беріледі.

    Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздіқ мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз қандай да бір елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.

    Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш-жігерді ірі ұлтаралық капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалык, өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін "ықыласты рай" туғызуды көтермелеуге тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, "жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердің тендестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одагын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиіс.

    Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнін, ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердін, уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елініқ қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.

    Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.

     Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.

    Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.

   Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық оппа" жағдайына тап боламыз. Бүл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.

 

          XXI ғасыр терең әр қилы қоғамдық өзгерістер кезеңі болатындықтан,қауіпсіздік факторын  ғаламдық,аймақтық,және ұлттық көлемде қоғамдық жаңғыртудың қолқа жүрегіне де айналдыру ,қауіпсіздік ісін сыртқы және ішкі саясатты талдап,жасап  жүзеге асырудағы ,халықаралық ішкі мемлекеттік құрылымдар мен қатынастарды  жобалап түзу ісіндегі бірінші принцип ретіндегі қарау аса маңызды мәнге ие болып отыр.Орнықты және  қауіпсіз даму мәселелеріне  ғылыми ынтаның кенет артуы отандық ғылымда да орын алды.Посткеңестік қоғамдағы көпқырлы ,және жүйелі дағдарыс ,жаңа мемлекеттердің  саяси жіне экономикалық  дербестігін жоғалту қаупі туып отырған қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздік сияқты өмірлік  маңызы бар мәселелерге ғалымдар қатты  назар аударып отыр.

 

    Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи  тәжірбиесі  әрқандай мемлекеттің  қатардағы адамдарының  әл ауқаты ең алдымен  оларды қоршаған табиғи ортаның  қауіпсіздік дәрежесіне  байланысты екендігін  анық көрсетіп отыр.Бұл орайда ел президентінің  Қазақстан халқына жолдауына  атап айтылғандай осынау қарапайым шындықты  әр адамның түйсінуі  аса маңызды.

Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген  себептерге орай қауіпсіздік поблемалары  саласындағы зерттеу  жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы  қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру  жағдайының жоғарғы технологиялар  дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық  және ғаламдық деңгейдегі  дағдарыстарды  әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене  түсуімен түсіндіріледі.

    Адамзат өркениеті үнемі  қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр, оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы  өзгерістер  жаңа ғаламдық проблемалардың  және әр түрлі сипаттағы  қатерлердің  туындауымен қоса қабат жүріп жатыр.Осы орайда кейбір зерттеушілер  былай деп атап көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады.XXғасыр әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың  бір қатар жемісті  идеясын дүниеге  келтірді,бірақ оларды іске асыру  мүмкін болмады,түптен келгенде ,адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық” “қаңқасап”соғыспен  және  бір “бір қырғи қабақ” соғыспен  және  жер бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен  төлем төледі.Аймақтық әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық,экологиялық,рухани ,имандылық ақпараттық және басқада қатерлер өршіп барады.Бұл өреде қазір  қауіпсіздіктен қымбат нәрсе  болмай отыр.

 

    Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның  сыртқы және  ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер  қауіпсіздік ұғымын  неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және  нақты дүниеaдегі  әртүрлі нысандардың  өмір сүру қабілетінің , өмірге бейімделе білуінің  интегралдық пішіні түріндегі” философиялық категория деп қарауға бейім.

    Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам  мен азаматтардың  конституциялық құқықтарын,Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды  қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.

    Жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің  адамзат өрекениетінің  даму жолындай  ұзақ тарихы бар.Қауіпсіздік ұғымының  өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып  тарихи кезеңдердің ауысуы барысында  өзгеріп отырған.Кезеңде  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар  зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің  қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты  кіріге алуына  байланысты еді.Қауіпсіздіктің  ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың ,дамуын бұзды.Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі  оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен  белгілене бастады.Ақша мен меншік  адам баласының  нарықтық капиталистік экономика жағдайында  өмір сүруін қауіпсіз етіп,оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді.Адам баласы одан әрі  өз қауіпсіздігінің шарты ретінде  ғылым мен технологияларға арқа сүей бастады.Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат  күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де  ешқашан кепіл берілмейді.Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты.Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.Ендігі жеде қауіпсіздік әскери фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі ,қару-жарақтың саны мен сапасы  арқылы қамтамасыз етілді.XIXғасрдағы және XXғасырдың алғашқы  жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан  басқа тұрғыда  түсінуге жағдай жасамадыЭкономика әскери машинаның “отынына”  айналды,табиғи орта тек қана стратегиялық  ресурстар көзі ретінде қарастырылды,адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.

Информация о работе ҚР ұлттық қауіпсіздігі