Қор биржасының мәні және биржалық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:26, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмыстың мақсаты:
• Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;
• Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;
• Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың міндеті:
• Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;
• Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;
• Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;
• Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;

Работа содержит 1 файл

bagali kagaz.docx

— 66.48 Кб (Скачать)

Орталық Азия қор биржасынан басқа  мемлекеттік багалы қағаздармен  операцияларды Қазақстандық банкаралық валюта биржасы валюта мэмілелерімен  катар жүргізді. Алайда, көптеген мамандардың  пікірінше, бағалы кағаздар нарығының  ақша-несие аясымен араласуының  қажеті жоқ. Қор нарығының қалыптасуы кезінде көптеген биржалардың болуы  нарықтың бөлшектенуіне, сұраныстың азаюына, бағаның төмендеуіне жэне т.б. келеңсіз жағдайға соқтыруы мүмкін.

Қор биржасы көбіне акционерлік  меншік формасында ұйымдастырылады. Оның жарғылык қоры қүрылтайшылар арасында акцияларды орналастыру есебінен қүрылады. Қазақстан заңдарында қор биржасының жарғылық қорының ең аз шегі көрсетіледі. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым, яғни оның мақсаты пайда табу емес, ол басқа да жұмыс түрлерімен айналыспайды. Оның мақсаты - бағалы қағаздармен сауда жасауға қолайлы және тиімді жағдай тудыру, бағалы кағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын салатын жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.

Қазақстан Республикасының Заңында «Биржа - кызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалык инфрақұрылымды аппараттық-техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект» деп жазылған.

Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531 жылы - Антверпен (Нидерландыда), 1549 жылы - Лион, Тулуза (Франңияда), 1556 жылы - Лондон (Ұлыбританияда) пайда болды. Ресейде алғашқы биржа I Петрдің басшылығымен Санкт-Петербургте 1703-1705 жылдарда құрылды. АҚШ-та (Чикагода) 1848 жылы пайда болды.

Әдетте, көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мысалы, базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі. Тарихи осындай жерлердің бірі биржа  деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін, тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын алынған. Міне, осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізегін үйымдармен біріктіреді. Әйтсе де, әдетте саудадан биржапық сауданың ерекшеліктері бар:

  • биржада тауардың өзі сатылмайды, тауардың үлгілері немесе арнайы сипаттамасы бойынша тауарды сатып алу- сатуға шарт жасалады;
  • биржалық саудаға ұсақ тауар өндірушілер немесе жеке сатып алушылар қатыспайды, әдетте оған тауарлардың үлкен топтамаларын сататын және сатып алатын сатушы делдалдар қатысады.

Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа деп аталмайды. Биржа - заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы.

Алғашқыда тауар биржасы саудаға  нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын жэне сатып алынатын биржа ретінде  пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы мен сауда көлемінің  жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар козғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтижесінде, XX ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен, тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі түрлі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюнктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. іс-шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фыочерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастырды. Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгерді. Нәтижесінде, бір жағынан әр түрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешіліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұскасы. Оларда сатылатын активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы жэне валюта биржасы бөлініп шықты.

Биржа дамуының болашағын айтатын  болсак, қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресті пайдалану электрондық  биржаны тарихи аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың бүкіл проңесі  компьютерленген. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып, нарықтық акгивтердің барлық түрін сататын, басқаратын жэне үйымдастыратын бірегей электрондық нарық пайда болады. Сөйтіп, XVI ғасырда пайда болған ежелгі «биржа» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін. Сонда биржа үғымының мәні қазіргіден мүлдем басқаша түсіндірілетін болады.

Тарихи мәліметтер биржа ұғымы үнемі өзгеріп отыратын түсінік екенін аңғартады. Сондықтан казіргі кезде саудаға арнаулы орын - сауда залын дайындаудың қажеттілігі жойылып, биржаның көтерме сауда нарығы сияқты міндетті белгісі де өзгерді. Себебі, электрондық жүйе арқылы бұрынғыдай активтердің үлкен топтамасы емес, кез келген мөлшерін сатуға мүмкіндік туды. Айта кететін жайт, биржаның клиенттерін, яғни сатып алушы мен сатушыны бір-бірімен өзара кездестіретін биржалық делдалдар нарықтық қатынастардың негізі ретінде қазіргі уақытта да өз маңызын жойған жоқ. Алайда, автоматтық жүйе арқылы сатушы мен сатып алушыны іздестіру болашақта биржалық сауданың бүл негізін де керек қылмайтын сыңайы бар.

Келешекте жойылатынын болжауға болмайтын  тек бір нәрсе ғана бар, ол - биржаның мәні. Себебі биржа сауданы үйымдастырушы, басқарушы жэне бакылаушы ұйым. Сайып келгенде, биржаның тарихи даму кезеңдерін төмендегідей қорытындылауға болады:

  • XVI ғасырда биржа - импортталатын көтерме сауда орны.
  • ХУІІ-ХІХ ғасырларда биржа - тауарлармен, бағалы қағаз- дармен, валютамен көпшілік ірі сауда ұйымдастыратын ұйым;
  • XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысында биржа - бағалы қағаздармен және тауарларға фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік сауда жүргізетін ұйым;
  • XX ғасырдың 70-80 жылдарында биржа - бағалы қағаздармен жэне фьючерстік шарттармен ашық, көпшілік жэне электрондық сауда жүргізетін ұйым;
  • XXI ғасырдың бас кезінде биржа - бағалы қагаздармен және фьючерстік шарттармен электрондык сауда жүргізетін ұйым;
  • XXI ғасырдың орта шенінде биржа - компьютерлік жүйемен сауданы басқаратын ұйым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР қор биржасының  даму ерекшелігі

 

2.1. Қазақстанда қор биржасының  дамуы

 

 

Жалпы алғанда,  қор биржасы  бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып табылатыны белгілі, сондықтан  Қазақстанда қор биржаларының қалыптасу  негіздерін қарастырғанда оны бағалы қағаздар нарығынан бөліп қарау  дұрыс емес. Қазақстандағы қор  биржасының қалыпты дамып, қызмет етуі үшін міндетті түрде ұйысдасқан, барлық талаптарға жауап беретін мықты  заңнамалық база қажет екені белгілі. Бағалы қағаздар нарығы мен қор биржаларын дамыту мақсатында кейбір заңдар кеңес  үкіметі кезінде де қабылданған  болатын, бірақ ол қор биржасының тұрақты түрде халыққа қызмет етуіне жеткіліксіз еді. Шыны керек  жоспарлы экономика тұсында қор  биржасының қажеті де шамалы еді. Өйткені  бұл тұста мемлекет барлығына  өзі реттеу енгізіп, барлық мәселелерді  өзі шешті.

Енді осы бағалы қағаздар нарығы мен қор биржасының даму үрдісі және осы даму жолында қабылдаған заңнамаларға толығымен тоқталсақ.  

Бағалы қағаздар нарығын  құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік  органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі  бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі  мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған  қоғамның объективті экономикалық талаптарына  сай келуі.

Бағалы қағаздар туралы қазіргі  Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

1917 жылы Қазан революциясына  дейін Қазақстан Ресей империясының  бір бөлігі болғандықтан, XVIII-XІX  ғасырларда қазақ даласында азаматтық  және сауда қатынастары орыстың  саудалық-құқықтық ережелерімен  реттелді. Революциядан кейінгі  Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында  аталған қатынастар РСФСР-дың  азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың  айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер  туғызған жаңа экономикалық саясатқа  байланысты шығарылған зандар  болды. Атап айтқанда, ақша нарығында  вексель және чектер, яғни қысқа  мерзімді төлем құралдары сауда  келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып  алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б.  бағалы қағаздар қолданылды. Заң  жүзінде бағалы қағаздар туралы  жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған  қағаздардың өндірісті ұйымдастыру  үшін қаражат жинауға мүмкіндігі  жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың  облигацияларын шығаратын және  қор биржалары мен бағалы қағаздар  нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер  мен брокерлер) туралы құқықтық  негіз болмады. Себебі, делдалдар  социализм және коммунизм идеяларына  жат элементтер деп есептелді.

Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау  көздерін табу кәсіпшіліктің тиімділігін  арттыру сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге  қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылгы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы үғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кеңесінің «Экономикалық реформа жүргізу кезінде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.

Қазақстанда 1990-1994 жылдары  бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін  жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың  негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер  қабылданды. Олар:

  • 1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның   акционерлік қоғамдар   және   жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып,  олардың өз жұмысын      қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
  • 1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды        шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға,  қор биржасын құруға және оның жүмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
  • 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі.

Содан кейiн елiмiзде алғашқы  акционерлiк қоғам КТК (Коммерцеский телевизионный канал) тiркелдi. Ол өз қызметiн және басқарылуын акция  үлесi арқылы iске асырып отырды. Осы  жылы елiмiзде бағалы қағаздар рыногында  алғашқы маманданған – брокерлер  мен дилерлер ұйымы құрылды. Сондай-ақ Алматыда қор биржасы құрылып, өзiнiң  бағалы қағаздармен алғашқы саудаларын жүргiзе бастады.

1994 жылдың 20 наурызындағы  Республика Президентінің «Бағалы  қағаздар нарығын қалыптастыру  шаралары туралы» жарлығы бағалы  қағаздар нарығындағы қатынастарды  реттейтін және бақылайтын мемлекеттік  орган ретінде бағалы қағаздар  жөніндегі Ұлттық комиссияның  ережесін бекітті.

Бұл жарлық 1991 жылғы «Бағалы  қағаздар айналымы және қор биржасы  туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің  қаулысымен «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан  бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды.

1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан  Республикасының президентi “Бағалы  қағаздардың ұлттық комиссиясы”  туралы Жарлығы шықты. Осы жарлыққа  сәйкес елiмiзде бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚЖҰК) құрылды.

Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын  дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында  салтанатты жағдайда Орталық Азия қор  биржасы ашылды.

1996 жылдың аяқталу кезінде  Қазақстан бағалы қағаздар нарығында  өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан  қор биржаларынан тендерде жеңуінің  нәтижесінде қазірде нарыққа  бір ғана - Қазақстан қор биржасы  қызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» және  «Қазақстан Республикасында бағалы  қағаздармен мәмілені тіркеу  туралы» қабылданған екі заң  негізінде қазіргі Қазақстан  бағалы қағаздар нарығының базалық  инфрақұрылымы түгелінен құрылды.  Қазақстан Үкіметі осы заңдарға  сүйене отырып, 1997 жылдың жазында  бағалы қағаздар нарығында кәсіби  қызметті атқаруды және лицензиялауды  реттейтін нормативтік-құқықтық  актілердің – брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий,  бағалы қағаздарды ұстаушылардың  реестрін жүргізу бойынша пакетін  бекітті.

1997 жылы жүргізілген тендердің  нәтижесінде Ұлттық банк пен  Қазакстан қор биржасының біріккен  ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы  қағаздардың Орталық депозитарийі»  ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор  биржасымен бірігіп қор нарығының  техникалық инфрақұрылымының негізгі  өзегі болып есептеледі. Орталық  депозитарий бағалы қағаздар  бойынша есеп айырысудың халықаралық  стандарты саналатын - «Отыздар  тобының» ұсынысымен құрылған.

2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қаржы  нарығын мемлекеттік реттеудің  бірыңғай жүйесін ұйымдастыру  бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған  жарлыққа сәйкес бағалы қағаздар  жөніндегі Ұлттық комиссия таратылып,  оның барлық өкілеттілігі мен  қызметтері Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкіне берілді. Осы  күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне  дейін бағалы қағаздар нарығын  реттеуді Ұлттық Банктің бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік  реттейтін департаменті жүзеге  асырды.

Информация о работе Қор биржасының мәні және биржалық сауда