Қор биржасының мәні және биржалық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:26, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмыстың мақсаты:
• Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;
• Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;
• Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың міндеті:
• Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;
• Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;
• Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;
• Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;

Работа содержит 1 файл

bagali kagaz.docx

— 66.48 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

 

Қазақстанда нарықтық қатынастардың  орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің  трансформациясы, тауар және қаржы  нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы  ғана емес, сонымен қатар әкімшілік  экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда – қор биржасының және тағы басқаларының жандануына әкелді.

Осы тақырыптың маңыздылығы  – қазіргі нарықтық экономика, соның  ішінде қазақстандық экономика. Құнды  қағаздар мен қор биржаларынсыз  қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары  нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.

Зерттеу жұмыстың мақсаты:

  • Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;
  • Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;
  • Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету. 

Зерттеу жұмыстың міндеті:

  • Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;
  • Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;
  • Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;
  • Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;

Зерттеу жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының қор биржасы.

Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор  биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары  Қазақстан Республикасында қор  нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен  дамып келеді.

Биржа дегеніміз бұл –  ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс  істейтін нарық, онда  сұраныс пен  ұсыныстың негізінде ресми түрде  белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар  мен үлгілер бойынша көтерме  сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:

  • Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
  • Қор биржасы;
  •    Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.

Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым  бір жерде, қатаң белгіленген  уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасалынатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай  қызметтерімен көрінеді:

    • қор нарығындағы биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
    • өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
    • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын  жинақтау, шоғырландыру және қайта  бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың  қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын  инвестициялық процеске ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қор биржасының  мәні және биржалық сауда

1.1 Қор биржасының нарықтағы алатын рөлі

 

 

Биржалық сауда — әрқашан ұйымдастырылған нарықтың бір формасы, яғни ол нормативтік актілерде көрсетілген ережеге сай кызмет ететін нарық.

Жалпы нарық деген түсінік капиталға жеке меншік негізінде құрылған өндірістік қатынастардан туындайтын көптеген процестерді қамтиды. Алайда, биржалық іс-әрекет тұрғысынан қарағанда нарық деген ұғым сату, сатып алуға байланысты процестерден тұрады. Осы мағынада ұйымдастырылған нарық белгілі бір тәртіппен кез келген активтерді, яғни тауарларды, қызмет түрлерін, бағалы қағаздарды және т.б. активтерді сатып алу, сату қатынастарының жиынтығы.

Нарықта активтердің қай түрі айналысқа  түсуіне байланысты оны ұйымдастыру  ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Дегенмен, ұйымдасқан нарыққа тән бірсыпыра ерекшеліктер бар. Олар:

  • сауда жүргізу, есеп айырысу және активтерді нарыққа түсірудің бекітілген ережелері болуы;
  • нарықтың жұмысын басқаратын ұйымның болуы шарт;
  • уақыт және кеңістік бойынша сұраныс пен ұсынысты шоғырландыру;
  • мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар тарапынан нарықтың жұмысын реттеу керек.

Ұйымдастырылған нарық - басқаша айтқанда, реттелген нарық, бірақ бұл реттеу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тауарлардың немесе басқа да активтердің сатып алу-сату процестері әр түрлі деңгейде реттеліп отырылуы мүмкін. Сауданы ұйымдастыратын ұйым болуы қажет. Ол ұйым сауда ере- жесін жазып, оны бекітіп, нарыққа қатысушыларға жеткізіп, оның орындалуын қадағалап отырады. Сауда ережесі көп жылғы жұмыс тәжірибесінен қалыптасады. Егер белгілі бір нарықтың конъюнктурасының өзгерістерін қадагалап отыратын катысушылар болмаса (сатып алушылар, сатушылар) жаңа ұйымдасқан нарык болсын, не бұрыннан калыптасқан нарық болсын сауда жүрмей қалуы мүмкін.

Мемлекет нарықгы реттейтін екі түрлі - бір жағынан фискалдық іс тұрғысынан, яғни нарық жұмысынан салық алу, екінші жағынан кейбір активтер нарығын дамытуды ынталандыру мақсатымен саясат жүргізеді.

Айта кететін жайт, тарихи-ғылыми тұрғыдан алғанда нарықты ұйымдасқан жэне ұйымдаспаған деп екіге бөлу өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін  маңызды болды. Ал дамыған елдерде  соңғы 50 жылда нарык эрқашан ұйымдастырылған, басқарылатын жэне бақыланатын нарық. Дегенмен ұйымдаспаған, бақыланбайтын нарық жоқ деуге болмайды. Себебі, қазіргі кезде белгілі бір дәрежеде ұйымдастырылған нарық барлық нарықтық проңесте маңызды айқындаушы роль атқарады.

Биржалық сауданың басқа сауда  формаларынан ерекшелік- терін айтатын болсақ, ең алдымен, бұл атау осы сауданы жүзеге асыратын ұйымның атауынан - «биржа» сөзінен шыққан. Шын мәнінде биржалық сауда ұйымдастырылған сауда, себебі оны ұйымдастырған арнайы ұйым - биржа.

Биржалык сауда не капитал тобына (мысалы, бағалы қағаздар, валюта), немесе тауарлар тобына (мысалы, түсті металдар, ауыл шаруашылығы тауарлары жэне т.б.) жататын активтермен жүргізіледі. Биржалық саудадағы негізгі операция - аталған ак- тивтерді сатып алу-сату. Биржалық саудаға қатысушылар бир- жа активтерін сатып алу-сатуда өзара  кез келген операцияларды жүргізеді, мысалы, ссудаға ақша қаражатын, бағалы қағаздарды алады, сондай-ақ кепілге  тауар жэне т.б. алады. Алайда, биржалық сауда - сәйкес активтерді тек сатып  алу-сату процесі.

Биржалық саудаға кез келген нарыққа қатысушылар биржа- дағы активтерді сатып алу-сатуға қагыса алады, бірақ сатып алу- сату тек  биржалық делдалдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл биржалық сауданың басқа  сауда түрлері мен формаларынан өзгешелігін білдіреді.

Биржалық сауда басқа сауда  формаларынан өзінің атауынан басқа  да бірсыпыра белгілермен ерекшеленеді:

  • биржалық сауда арнайы дайындалған орында жэне биржа белгілеген уақытта жүргізіледі;
  • биржалық сауда биржаның өзі бекіткен ережеге сай жүр гізіледі. Оған қатысушылардың барлығы ереже талаптарын орындауға міндетті. Олай болмаған кезде айыппұл төлейді, немесе биржа мүшелігінен шығарылады;
  • биржалық сауданың жариялылыгы, яғни биржалық са уда барлық биржа мүшелері қатысқанда ғана, не болмаса олардың келісімімен жүргізіледі;
  • ашықтығы, яғни биржалық сауданың нәтижесі көпшілікке ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі;
  • мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардын сауданы реттеуі, яғни биржа мемлекеттік заңдар мен нормативтік актілер негізінде өзі бекіткен ережеге сай іс-әрекетін жүргізеді;
  • биржада сатылатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс жинақталып, шоғырланады. Себебі биржа сатып алушы мен сатушы кездесетін орын. Қорыта айтқанда, биржалык сауда сауданың басқа формаларымен ұксастығы да және айырмашылығы да бар ұйымдастырылған нарық.

Биржалық сауданы бір үлгіге салу, яғни стандарттау биржалық жаңа активтің - биржалық фьючерстік шарттың, яғни белгілі бір мерзімнен кейін  келешекте биржалық тауармен қамтамасыз ету шартыньщ пайда болуына әкеп соқтырды. Осы активке сай биржалық сауданың жаңа механизмі - фьючерстік сауда пайда болды. Фьючерстік сауданың механизмі биржалық сауданың әмбебап  құралы болып шықты.

 

 

1.2 Биржалық сауданың даму кезеңдері

 

 

«Биржа» деген сөздің екі түрлі этимологиясы (шығу тарихы) бар. Біріншіден, кейінгі латынның “bursa” сөзі әмиян деген ұғымды білдірсе, французша да, грекше де әмиян және студенттік шәкіртакы деген мағынаны білдіреді екен. Екіншіден, қазіргі Бельгияның Брюгге қаласындағы Вандер Бурзе деген дворяниннің үйінде үш әмиян салынған белгі ілінген. Сол үйдің алдындагы алаңда Еуропа қалаларынан келген саудагерлер сауда-саттык жүргізхен, эсіресе ақша айырбастаумен шұғылданған (ол үшін үйдің кожасы ақы алған). Сөйтіп алғашқы биржа 1406 жылы пайда болып, онда Еуропаның эр түрлі қалалары мен елдерінен тауар- лар айырбасталған. Ал қазіргі биржа - сауданың ұйымдасқан түрі, сұраныс пен ұсыныстың негізінде белгілі бір тәртіппен жэне еркін баға белгілеу принципіне сай стандартты биржалық активтерді сатып алу -сатуға биржалық саудагерлер кездесетін орын. Алғашында биржалық сауда өзіне сатуға түскен тауарға байланысты «дәстүрлі» қалыптасқан саудадан айырмашылығы болган жоқ. Биржалық сауданың тек сауда жүргізу әдісі басқа болады, яғни ол - ұйымдастырылган нарық. Қазіргі ұғымдағы биржалық тауар саудасының пайда болуының басты себебі мыналар.

Біріншіден, ірі өнеркәсіптің дамуы  жэне оның шығарған ірі топтамалы  үнемі, қайталанып отыратын тауарларын сагатын нарыктың қажеттігі.

Екіншіден, тауардың бағасы сұраныс  пен ұсыныстың ара- қагынасына байланысты қалыптасуынан.

Биржалык сауда тауар саудасы  түрінде пайда болып, кейін басқа  активтерді сататын, ең алдымен бағалы қағаздарды сататын сауда ұйымы  болып дамыды. Қазіргі кезде биржалық сауда негізі- нен бағалы қағаздарды сататын орын (нарық).

Тауар саудасы формаларының бәсекелестігі XX ғасырда нақты тауар саудасын биржалық айналымнан ығыстырды. Себебі, сатып алушыға эр кезде нақты  бір тауар қажет. Сонымен қатар, биржалық сауда биржалық тауарды  үйлестіру жэне бір үлгіге салу бағытында  дамыды. Онысыз сауда көлемін ұлғайту, биржалық мэміле санын арттыру мүмкін емес.

Биржалық сауданы бір үлгіге салу, яғни стандарттау биржалық жаңа активтің - биржалық фьючерстік шарттың, яғни белгілі бір мерзімнен кейін  келешекте биржалық тауармен қамтамасыз ету шартыньщ пайда болуына әкеп соқтырды. Осы активке сай биржалық сауданың жаңа механизмі - фьючерстік сауда пайда болды. Фьючерстік сауданың механизмі биржалық сауданың әмбебап құралы болып шықты. Себебі, фьючерстік шартгың негізіне кез келген актив алынады, бірақ шартта оның нақты заттық сипаты, не болмаса сапалық сипаты көрсетілмейді. Оның тек белгілі бір сандық көрсеткіші, мысалы, активтің проценті немесе оның ин- дексі алынады.

Биржалық сауданың өрістеуі барысында бұп сауданың ме ханизмінде де, объектісінде де үлкен озгерістер пайда болды. Биржалық тауар саудасы XVI ғасырда пайда болып, XX ғасырдың екінші жартысында толығымен жойылды. XVI ғасырда пайда болған бағалы кағаздармен биржалықсауда қазіргі бағалы қағаздар нарығының шамамен алғанда тек жартысын қамтыды.

Ғылыми-техникалық революция биржа ісіне де енді. Оның негізі - электронды-есептегіш техника (ЭЕТ) жэне қазіргі бай ланыс құралдарының дамуы. Осыларды пайдалану нәтижесі әлемдегі елдердің биржалық нарығын біртұтас әлемдік биржалық нарыққа ұштастыру мүмкіндігін тудырды жэне оның тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Енді биржалық сауда сатушының биржалық залда көпшіліктің саудаға қатысуымен өтпейді. Сауда биржалық залда емес компьютерлік желі арқылы жүреді. Сатушы офистен шықпай-ақ, немесе өз үйінде отырып-ақ сауданың барысын біліп отырады. Биржа ісін компьюгерлендіру биржалык сауда мен биржадан тыс сауданың, сондай-ақ биржалық сатушы мен кез келген сатуға ұмтылушының арасындағы айырмашылықтарды жоюда.

Осыларға байланысты келешекке  мынадай болжам жасауға болады. Нарықты одан әрі дамыту нәтижесінде XXI ғасырда бағалы қағаздармен сауда тауар саудасы сияқты биржадан тыс саудаға айналады. Ал биржалық сауда фьючерстік шартпен компьютерлік саудаға алмастырылады.

 

 

1.3 Қазақстанда биржалық сауданың пайда болуы

 

 

XX ғасырдың 90-жылдарының басында  Қазақстанда қор биржасының қүрылуы  нарықтық қатынастарды дамытуға  қажетті шарттардың бірі болды.  Нарықтык экономиканы қалыптастьіру  үшін өндіріс аясымен қатар  айналыс аясын да түбегейлі  қайта қүру міндеті түрды. Алайда, шаруашылықты жүргізудің нарықгық  формаларына бірден өтудің мүмкіншілігі  болған жоқ. Сондықтан ТМД елдерінің  барлығындағы сияқты Қазақстанда  да жоспарлы экономикадан нарықтық  экономикаға өтудің жаңа экономикалык  жүйесін қүру қажет болды. Жүмыс  істеп түрған үйымдық қүры- лымдарды  жаңа жағдайға икемдеумен қатар  олардың жаңалары да қүрыла  бастады. 90-жылдары қүрылған тауар  биржасы, Қазақстан қор биржасы  солардың айғағы.

Атап кететін жайт, Қазақстанда  биржалық сауданың теория- лық жэне практикалық негізі болған жоқ. Дегенмен, патшалық Ресейдің биржа ісі бойынша 1917 жылға дейінгі, оған қоса КСРО- ның 20-жылдардағы биржаларының, сондай-ақ биржалардың әлемдік тәжірибесі болған.

1991 жылы Қазақстанда үш, атап  айтканда Алматы, Қостанай жэне  Қазақ кор биржалары құрылды. 1994 жылы желтоксанда Алматы жэне  Қазак кор биржалары бірігіп,  Орталык Азия кор биржасы деп  аталды. Ол 1995 жылдың 19 сәуірінде бірінші  рет сауда ұйымдастырды. 1995 жылдың  орта шенінде Қарағандыда, Ақмолада, Павлодар мен Шымкентте оның  аймақтық бөлімшелері ашылып, жұмыс  істей бастады. Кейіннен оның  филиалдары барлық облыс орталықтарында  ашылды.

Информация о работе Қор биржасының мәні және биржалық сауда