Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе
1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
1.3 Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау
3 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 64.79 Кб (Скачать)

 Аталған аккредитив  резервті деп аталады, өйткені  ол көп жағдайда кепілдік секілді  пайдаланылады, яғни егер келісім-шарт  бойынша төлем көрсетілген мерзімде  тараптардың бірімен өтелмесе  күшіне енеді. Екінші тарап  резервтік аккредитив бойынша  төлеу туралы талапты қоя алады.  Осылайша, аккредитивтің бұл түрі  төлемнің қосалқы, «резервтік»  тәсілі ретінде пайдаланылады. 

Револьверлік немесе жаңғыртылатын (Revolving) – белгілі бір мерзімділікпен тең бөліктермен тауарды жөнелтуді  болжайтын ұзақ мерзімді келісім-шарттар  бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін пайдаланылады. Револьверлік аккредитивтің көмегімен аккредитив берген банк аккредитив пайдаланылғаннан немесе тамамдалғаннан кейін бастапқыға дейін қойылған аккредитивтің сомасын қалпына келтіреді. Аккредитивтің осындай түрінде аккредитивті пайдалану саны және оның әрекет ету кезеңі көрсетіледі. Осындай аккредитив кумулятивті (жинақтаушы) болуы мүмкін, яғни қандай да бір сома аккредитивтің келесі мөлшеріне қосылуы немесе кумулятивті емес (жинақтаушы емес) болуы мүмкін, бұл аккредитивтің егер ол дер кезінде пайдаланылмаса, қандай да бір сомаға азаятындығын білдіреді.

Трансферабелдік немесе аударма (Transferable) – сауда делдалына аккредитивтен  қаражаттарды алуға құқығын қандай да бір жеткізушіге беруге рұқсат береді. Аккредитивтің бұл түрі сатушыға аккредитивті, ал кейін ол бойынша алынған ақшалай қаражаттарды екінші бенефициардың, әдетте тауарларды тікелей жеткізушінің атына толық немесе ішінара аударуды жүргізуге рұқсат береді.

"Қызыл ескертпемен" (Red Clause L/C) аккредитив егер келісім-шарттың  талаптары бойынша аккредитивті  формада есеп айырысуды жүргізу  шамаланатын болса, бірақ бұл  жағдайда аванстық төлемді жүзеге  асыру талап етілетін болса пайдаланылады. Аккредитивтердің бұл түрі сатушыға тауар өндірісін қаржыландыру үшін тауарды жібергенге дейін қаражаттарды алу мүмкіндігін береді. Осындай аккредитив ішінара немесе толығымен қаржыландырылуы мүмкін және сатып алушының банкі аванс төлемін жүргізеді. Бұл жағдайда сатып алушы өзіне берілген аванс мөлшеріндегі тәуекелді өзіне алып, сатушыны іс жүзінде қаржыландырады.

Аккредитивті мәміленің  тараптары: Өтініш беруші (Applicant), импорттаушы, сатып алушы– оның тапсырмасы бойынша банк бенефициадың пайдасына аккредитив ашатын тарап; Бенефициар (Beneficiary), экспорттаушы, сатушы– оның пайдасынааккредитив ұсынылатын тарап; Банк-Эмитент (Issuing Bank) - өтініш берушінің тапсырмасы бойынша аккредитив ашатын банк, сатып алушының банкі; Авизолаушы банк (Advising bank) – бенефициарға оның пайдасына ұсынылған аккредитивті«авизолайтын» банк, яғни аккредитивтің түпнұсқалылығын тексереді және оның шарттары туралы бенефициарға, әдетте сатушы банкі хабарлайды; Растаушы банк (Confirming Bank) – аккредитив шарттарын қадағалаумен, банк-эмитенттің міндеттемесіне қосымша бенефициардың пайдасына төлем жүргізу міндеттемесін өзіне алатын банк; Атқарушы банк (Nominated Bank) – аккредитив бойынша бенефициар құжаттар беретін және құжаттарды тексергеннен кейін бенефициардың пайдасына төлем жүргізетін банк. Көпшілік жағдайда растаушы банк сондай-ақ атқарушы болып табылады.

Инкассо – банк арқылы төлеушіден алушыға ақшалай қаражаттарды беру бойынша делдалдық банк операцясы. «Сбербанк» АҚ ЕБ АҚШ долларында және Еурода чектердің барлық түрлерін төлемге қабылдайды, төлем «инкассо» процедурасын өткізгеннен кейін жүзеге асырылады. Клиент өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжатты, СТН алып дүруі қажет. Құжаттық инкассо мақсаты: «Сбербанк» АҚ ЕБ шетелден тауарларды импорттаушы және қызметтер алушы клиенттеріне олардан төлем немесе тратта акцептісін алуға қарсы (шегерілген төлемді жүзеге асыру міндеттемесін сатып алушының қабылдауы), не инкассолық тапсырмада анықталған басқа шарттарда құжаттар беру. Құжаттық инкассо арқылы төлеу кезінде экспорттаушы импорттаушыға тауарлар жөнелтеді, бірақ жөнелту құжаттарын (соның ішінде иелік ету құқығын куәландыратын құжатты) осы құжаттарды сатып алушының банкіне беру үшін өзінің банкіне жібереді. Сатып алушының банкі төлемді жүзеге асырғанға дейін (төлемге қарсы құжаттар, Documents against Payment D/P) немесе төлем белгілі бір мерзім кезеңінде жүргізілетіндігі туралы кепілдік алғанға дейін (Акцептке қарсы құжаттар, Documents against Acceptance D/A) сатып алушыға құжаттарды жібермеу нұсқауын алады. Құжаттарды алғаннан кейін жөнелтілген тауарлар сатып алушының меншігі болады. D/P төлеуге қарсы құжаттары немесе D/А акцептіге қарсы құжаттары екі тараптың да мүдделерін қорғауды қамтамасыз етумен, орнатылған іскерлік өзара қарым-қатынастарда жиі пайдаланылады.

Бұл жағдайда, алайда, сатып  алушы сатушының құжаттары бойынша  төлеуден бас тартуы мүмкіндігімен  байланысты мәмілелерге қатысты  тәуекелді сатушы өзіне алады, өйткені  инкассоны атқару төлеушінің қалауына және мүмкіндіктеріне байланысты, ал сатып алушы толық көлемде  емес жіберілген тауарды немесе сапасы бойынша жарамайтын тауарды алуға  тәуекел етеді. Банктер құжатты  инкассомен анықталған шарттарда сатушыдан  сатып алушыға тауарға меншік құқығының және жөнелту құжаттарының өтуін бақылау үшін пайдаланылады. Құжатты инкассоның көмегімен төлеу  кезінде импорттаушының банкі сатып  алушыдан тауар сатып алушының меншігіне  айналатын құжаттарды беруге айырбас  ретінде төлем алу үшін делдал ретінде әрекет етеді. Артықшылығы бұл төлем процедурасы аккредитивтің көмегімен төлеуге қарағанда жеңілірек және бұл жағдайда банктік алымдар төмен.

2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  қолма-қолсыз есеп айырысудың  құқықтық негіздері

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның есеп айырысу операциялары банк клиентінің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция. Банктің есеп айырысу жөнінде қызметтері жеткізушілермен, мердігерлермен, республикалық және жергілікті органдармен, бюджеттен тыс қорлармен, құрылтайшылармен, еншілес коғамдармен, өзге де дебиторлармен және кредиторлармен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да банктік есеп айырысуға байланысты туындайтын қатынастар «Қазақстан Республикалық  Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңымен (онын 7-бабының 2)-тармақшысымен; 8-бабының  д-1)- тармақшасымен «жеке және заңды  тұлғалардың, оның ішінде корреспондент  банктердің тапсырмаларына орай олардың  банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру », 3)-тармақшасымен, 5)-тармақшасымен; 48-бабымен; 50-бабымен); «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банк кызметі туралы» Қазақстан  Республикасы заңымен (оның 30-бабының)-тармақшасымен, 38-бабымен); «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 7-бабымен; 8-14-баптарымен; 23-бабымен, 29-бабымен); Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 749-бабынын 1-тармағымен, 750-бабының 1-тармағының 2), 3) және 4)-тармақшаларымен, 754-бабынын 1-тармағымен; басқа да заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік  құқықтық актілермен регламенттеледі.

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да банктер арқылы қолма-қол акшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, қолма-қол ақша айналысына байланысты шығындарды қысқартады, банк клиенті заңды тұлғаның банктік операцияларына, оның есеп айырысуға орай, төлемдік және салықтық тәртіпті сақтауына бақылау жасауға септігін тигізеді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Банктік есеп айырысу қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен, Казақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және Қадағалау жөніндегі Агенттігінің банктер тарапынан орындалуы міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен, салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындатуға байланысты Қазақстан Республикасы Салык Кодексінің тиісті баптарымен де реттеледі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу операцияларын  жүргізу кезінде :

1) клиенттің атына түсіп жатқан ақша қаражаттарын оның 
банктік   шотына есептейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

2) клиенттің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын осы шоттан шығарып клиент көрсеткен кредитордың немесе басқа тұлғалардың банктік шотына есептейді;

3) жүргізіліп жатқан есеп айырысу операцияларының заңға 
сәйкестігін бақылайды;

4) клиенттің банктік шотында сақталып жатқан ақша қара- 
жатына банктік шартта белгіленген мөлшерде  процент төлейді;

5) есеп айырысу операциясының барлық қатысушыларын 
олардың арасында жүргізілген есеп айырысулардың мән-жай- 
лары мен нәтижелері, клиенттердің банктік шоттарында қалған қаражат сомасы жөнінде хабардар етеді.

 «Қазақстан Халық Банкі»  АҚ-да есеп айырысу-кассалық бөлімі  уәкілетті органның келісімі  негізінде кұрылған, филиалдық не  өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан  Республикасының аумағында банктік  операциялардың жекелеген түрлерін  орындайтын, занды тұлға болып  табылмайтын, банктің аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Банктің нақтылы банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдері басқа банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банктік шоттарын аша алмайды, дербес және шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды, банктік шоттарын ашпайды және жүргізбейді, сондай-ақ заңды тұлғалардың экспорттык-импорттық операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды.

Банктік есеп айырысуды ұйымдастыру  принциптері:

  • банк клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының 
    тиісті сомасын тек клиенттің өкімі негізінде шығарады;
  • банк клиенттері мен олардың контрагенттері қолма-қол 
    ақшасыз есеп айырысу нысандарын өз еріктерімен таңдай алады;
  • банктік есеп айырысу-төлем жасау мерзімі тиісті шарт- 
    тар мен ресми құжаттарда нақтылы белгіленеді;
  • банктік есеп айырысу-төлемдік операциялары тиісінше 
    келемде клиенттердін банктік шотына түсіп отыратын немесе 
    түскен ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі;
  • барлық заңды түлғалар — ұйымдар мен кәсіпорындар өз 
    ақша қаражаттарын өздерінің ұйымдастыру-құқықтық нысан- 
    дарына қарамастан қалаған банктегі тиісті банктік шоттарда 
    сақтауға міндетті;
  • банктің есеп айырысу (төлемдік) операциялары тек банк 
    клиенті кәсіпорыннан алынған ақшалай есеп айырысу құжат- 
    тарына сәйкес жүзеге асырылады;

 Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының құрылымы субъектілері, объектісі және мәні сияқты үш негізгі элементтен тұрады. Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастарының субъектілеріне қаражаттарды аударушы (төлеуші) және өнімін өткізген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырған алушы; төлеушіге (өз клиентіне) және алушыға қызмет көрсеткен банк; Қазақстан Ұлттык Банкінің есеп айырысу желісі; басқа коммерциялық банктер, клиринг жүргізу орталықтары жатады.

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы банктік есеп айырысу байланысындағы банк клиенті төлеуші (каражаттарды аударушы) мен оның контрагенті қаражаттарды алушы:  

  • есеп айырысу нысанын еркін тандауға;
  • банкпен жасасылатын шартта есеп айырысу нысанын нақтылы бекітуге;
  • банк арқылы өзара талаптарын есепке жатқызуға;
  • банктерге тиісті көлемдегі ақша қаражаттарын аудару 
    жөнінде орындалуы міндетті өкім етуге;

банктің есеп айырысуға байланысты заңнамада немесе 
шартта көзделген тәртіпті бұзғаны үшін оған талап қоюға не 
болмаса сотқа жүгінуге құқылы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу барысында банк клиенті:

  • өзінің ақша қаражатын заңнамада немесе шартта айқын- 
    далған мән-жайлар мен тәртіп негізінде банктегі тиісті банктік 
    шотта сақтауға;
  • есеп айырысуға байланысты өзі мен банктің арасында 
    туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық 
    актілердің талаптарын орындауға;
  • өзі мүдделі есеп айырысу операцияларын жүзеге асырушы банкке сый ақы төлеуге міндетті.

Есеп айырысу операциясын  жүзеге асыру кезінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы:

  • өз клиентіне есеп айырысудың барынша пайдалы нысанын ұсынуға;

заңнамада тікелей көзделген  негіздерге орай шотындағы 
     -    қаражатынын тиісті сомасын шығарып тастауға;

корреспонденттік шоттарды пайдалану арқылы банк аралық есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға  құқылы.

Банктік есеп айырысу кезінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы :

  • клиенттерінің  банктік шоттарын жүргізуге;
  • есеп айырысу қатынастарын регламенттейтін нормативтік 
    құқықтық актілердің талаптарын орындауға;
  • шаруашылық байланысындағы клиенттерінің шарттық 
    сипаттағы қатынастарына араласпауға;
  • есеп айырысуға байланысты банктік операцияларды тек 
    клиентінің өкімі негізінде орындауға;
  • клиентінің ақша қаражатын оның банктік шотында сақтауға;
  • тиісті есеп айырысу операцияларын уақтылы және дұрыс 
    жүргізуге;
  • өз клиентіне ашылған банктік шотқа келіп түсіп жатқан 
    ақша қаражаттарын уақтылы және дұрыс есептеуге міндетті.

Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары