Несиенің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз(%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Работа содержит 1 файл

несиенің мәні.doc

— 200.50 Кб (Скачать)

а) Коммерциялық банктің міндетті түрде өзінің «уставной капиталы» болуы шарт.Бұл қаржыны банк учеридителдері жинайды,шоғырландырады.

б) Коммерциялық банктерге ақша жинаудың екінші, ең негізгі жолы – ол халықтың салымы. Уақытша, артық ақшалары бар немесе келешекте бір күрделі тауар сатып алмақшы болған жеке тұлғалар-бір банкке, белгілі мерзімге ақша салады. Қаржы «тілінде» бұл салымды-бүгінгі таңда «депозит» деп атауда. Яғни, коммерциялық банктер бірнеше шартпен, оңтайлы әдіспен, келісім-шарт бойынша жеке тұлғалардың немесе жекеменшік кәсіп иелерінің ақшасын өз шотына шоғырландырады. Сол ақшаларды айналымға салып, үстеме қаржы табады.

     Екінші  деңгейдегі коммерциялық банктердің ақша шоғырландыру, яғни табыстаудың тағы бір жолы-шетел банктерінен төмен пайыздың «ұзын» несие алып біршама үстеме пайызбен, клиенттерге : «алып сатушыларға», кіші және орта бизнес өкілдер тіпті жағдайы жақсы болса, ірі-ірі өндірістерге несие беріп, артынан берген несиесін еселеп қайтарып алады. Мысалы, жеке тұлғалардан, кіші және орта кәсіпкерлерден немесе шетел банктерінен жұмсақ әдіспен 3-4 пайызға несие алып, несие сұраушыларға 15-30 пайыздық ақша, қаржы береді. Осылай, берген қомақты қарыз ақшаларынан 11-26 пайыздық пайда табады. Міне, бұл екінші деңгейдегі банктердің өз қаржыларын еселеудің тағы бір жолы.

     Коммерциялық  банктер, Ұлттық банкпен, Үкіметпен  келісе отырып, эмитент болып, өз акцияларын шығарып, сақтауға да құқылы.

     Қазақстандағы тұрақты жұмыс істеп жүрген осы 34 коммерциялық банктер, елдегі ең сенімді  қаржы көздері. Бүгінде екінші деңгейдегі банктердің несие қоржыны – 80 млрд. теңге.

     Ерекше  ескерте кететін тағы бір жайт: барлық коммерциялық банктер белгілі  бір мөлшерде, жыл сайын Ұлттық банктегі есеп-шотына ақша аударып, ортақ, қомақты қаржы жинайды. Бұл қаржы  Үкімет шешімімен өте қиын жағдайда, мәселен, бір банк – банкротқа ұшыраған жағдайда, салымшылардың ақшасын қайтаруға пайдаланады. 2006 жылы "Валют-Транзит" банкротқа ұшырағанда, осы жолмен бүкіл салымшылардың депозиттік қаржылары қайтарылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  келгенде, бүгінгі таңда несие алу жөнінде – теріс пікір де, оң пікір де жоқ емес. Елдегі банк жүйесінің жай-күйін күн сайын бақылап отыру әрбір азаматтың міндетіне айналды. Айтарымыз, бүгін бізде қалыптасқан, жұмыс істеп отырған банк жүйеміз - өте тұрақты.

     Бүгін елде «елеңдетіп» отырған бар жағдай – ол 2008 жылдың бюджетінен, екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді қаржыландыруға бөлінбекші болған, Президент айтқан, 4 млрд доллар болса керек. Егер банк системасы өте мықты болса, оларды қаржыландыру үшін, мемлекеттік бюджет 4 млрд долларды неге бөлмекші деген күмән...

     Бұл тұжырымның, бұл шешімнің философиясы  мынадай. Америкада болған тамыздағы ипотека дағдарысы, басқа елдердің банк жүйесіне кері әсерін тигізіп, бұдан былай шетел банктері, біздегі екінші деңгейдегі банктерге, бұрынғыдай «жұмсақ сипатты» және «ұзын» несие бере алмайтын болып қалды. Яғни біздегі коммерциялық банктер – «Халық банк», «Казкоммерцбанк», «Тұран-Әлем банк» кредит, несие беруді тоқтата қойған жоқ. Тек, берген несие ақшаның үстеме пайызын біршама көбейтті, яғни беретін ақша қымбаттады.

     Үкімет 2008 жылдың бюджетіне қарастырған 4 млрд доллар коммерциялық банктерді қаржыландыру үшін емес, бұл ақшаны Үкімет коммерциялық банктерге өндіріс саласына беретін  несиенің көлемін төмендеттпеу үшін беріп отыр.

     Нарық заманында, бәсеке жекеменшік арасында қызады. Ал елдегі жекеменшік өзегі  ол - шағын және орта бизнес. Осы бизнес иелерін бұрыңғыдай қаржыландыру ісін пәрменді ету үшін, мемлекеттік бюджеттен  осы 4 млрд доллар қаржы көзделіп отыр.

     Қазақстан Республикасындағы несиенің дамуындағы негізгі кемшіліктер:

  • Екінші деңгейлік банктердің ұсынып отырған несие пайызының жоғары болуы
  • Несиені алу мүмкіндігінің кең болмауы

     Осы аталған кемшіліктерді шешу үшін менің ұсынысым мынадай:

  • Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлік банктер несие беру пайызын төмендетсе, онда несиеге де сұраныс өсер еді
  • Несиені алу мүмкіндігін кеңейтсе, атап айтсақ түрлі салаларға берсе, онда бұл да тұрғындар арасында несиені алу мүмкіндігі жоғарылайтын еді.

     Қорытындылай  келгенде, елдегі, бүгінгі қалыптасып отырған банк жүйесі  әсіресе, екінші деңгейдегі, коммерциялық банк жүйесі, ең сенімді қаржы көзі болып отыр. Қазақстанның банк системасы жақсы қарқын алуда. Бұны, өзіміздің ішкі және дүниежүзілік банк сараптамашылары да растап отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ГЛОССАРИЙ 

     Ақша-несие  саясаты – бұл айналыстағы  ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы  банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған  шаралар жиынтығы.

     Ақша  – бұл барлық тауарлардың құнын  өлшейтін, жалпыға бірдей балама.

     Бағалы  қағаздар – бұл мүлік құқын  куәландыратын, бекітілген формалары  мен реквизиттері бар құжат.

     Банкаралық  несие – бұл банктердің өзара  уақытша бос ақшаларын бір-біріне несиеге беруі қарызгер банк.

     Банктік несие – ол банкте шоғырылған қаражат  қорынан клиенттерге қайтарым мерзімінен белгілеп, ақшалай түрінде берілетін несие.

     Инфляция  – айналым арналарының артық  ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілген  қызметтердің бағасының өсуі, ақшаның  құнсыздануы.

     Коммерциялық  несие – несиенің бұл нысанында несие беруші шаруашылық жүргізуші субъектілер болады.

     Мемлекеттік несие – бұл мемлекет қатысатын  несиелік қарым-қатынастардың жиынтығы.

     Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару  шартында уақытша пайдалануға берілетін  ссудалық капитал қозғалысы.

     Несие пайызы – несиегер қарызгерден белгілі  бір кезең ішінде ақшалай қаражатты  пайдаланғаны үшін алатын төлемақы.

     Халықаралық несие – бұл мерзімді белгілеу, пайыз төлеу және кері қайтару  келісіммен тауар және валюта ресурстарын  беруге байланысты халықаралық  экономикалық қатынастар саласындағы қарыз капиталының қозғалысы. 
 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08.1995ж.
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы, «Экономика» баспасы 2005 ж.
  3. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы, Қазақ университеті 2005 ж.
  4. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, «Экономика» баспасы 2005 ж.
  5. Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева «Қаржы, ақша айналысы және несие» Алматы, «Экономика» баспасы

            2008 ж.

  1. Баданова Д. «Вопросы качественной оценки кредитного портфеля коммерческих банков» // АльПари, №1, 2007 ж.
  2. Ибрагимова Л. «Экспресс-информация о кредитовании БВУ СМП в июне 2008 года» // Финансы и кредиты, №8, 2008ж.
  3. Ибраева А. «Об обследовании развития кредитного рынка» // Банки Казахстана, №9, 2008 ж.
  4. Кабилтаева А.Б. «Проблемы кредитования реального сектора в казахстанских банках» // Банки Казахстана, №7, 2008 ж.
  5. Ковтун Л.С. «Международный опыт ипотечного кредитования» // Банки Казахстана, №7, 2007 ж.
  6. Конакбаев А.Г. «Кредитная система Республики Казахстан: современное состояние и проблемы развития» // Банки Казахстана, №5, 2007 ж.
  7. Мадиярова А. «Кредит – нужда или надобность» // Банки Казахстана, №5, 2007 ж.
  8. Мүсіров Ғ.М. «Кредит категориясына көзқарастың эволюциясы» // Банки Казахстана, №10, 2005 ж.
  9. Нурмагамбетова А.З. «Методы анализа кредитоспособности заемщика в казахстанской банковской практике» // Қаржы-қаражат, №6, 2007 ж.
  10. Үсенбекова Л. «Несиелер мен депозиттердің шын құнын қалай анықтауға болады» // Егемен Қазақстан, 17.08.2008 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТІРКЕМЕЛЕР

Информация о работе Несиенің мәні