Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 09:52, курсовая работа
Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз(%) төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптастыратын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Егер
шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып
отырған жұмысының нәтижесi үшiн
нақты материалдық
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңына тән Заң – оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.
Несиенiң
қарастырылған заңдары мен
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті – несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстандағы екінші деңгейлік банктердің орналастырылған қаражаттары 2007 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72 % келді. Сондықтан табыс 85 % - ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80 % -ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындарды құрайды.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі
кезде осы уақытқа дейін
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттер мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты.
Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы «сауда» акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгіленген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болады. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.
Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» 30.08.1995ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994 ж. «Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін» сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңде пайдаланатын несиелеу мехенизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезңдерді қамтиды:
I-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез-келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер; мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасының қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
II-кезең.
Қарыз алушының несиелік
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлар әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өнімділігіне ықпал етеді.
III-кезең. Несиелік келісім-шарт жасау.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
ІV-кезең. Несие беру кезеңі.
Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несие
беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот
формаларына байланысты ажыратылады.
Жай ссудалық шот ашылған қарыз
алушы қорларының жинақталуына байланысты
несиеге деген өзінің қажеттілігін
өтінеді. Осы мақсатта ол банкке несиеленетін
тауарлы – материалдық құндылықтардың
төленген нормативтен жоғары қалдығы,
олардың қозғалысы туралы мәліметтер
беріп, банк соның негізінде ссудаға деген
қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы
құжатталады. Арнайы ссудалық шот бойынша
берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды,
себебі, ол шот ашу барысындағы өтініш-міндеттемесі
негізінде жүргізіледі.
2.1. «Банк
Центр Кредит» АҚ-ның даму тарихына жалпы
сипаттама
20 жылдан аса қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан «Банк Центр Кредит» АҚ-ң даму тарихына қысқаша шолу шалсақ, банк 1988 жылы Алматы Орталық кооперативі банкі атауымен Кеңес Одағында төртінші болып тіркелді. 1988 жылдың 19 қыркүйектегі Кеңес Одағының Мемлекеттік банк басқармасының жиынымен банктің жарғысы бекітілді.
Алғашқы банктің жарғылық қоры 50 мың рубль болды және банктік қызметтерді небары үш адам жүзеге асырды. Алғашында жай қарапайым операциялар жүзеге асырылды, яғни банк кез-келген кооперативтер мен мемелекеттік мекемелерді несиелендіруге құқылы болды. 1988 жылдың қазанында банктің өз есеп шотында 100 мыңнан астам рубль, 1990 жылдың 1 қаңтарында банк капиталы 1,7 млн рубльді құрады.1989 жылы кешенді несиелендіру мен кассалық қызмет көрсетуге 299 кооператив, 23 қоғамдық ұйымдар мен 31 мемлекеттік өндірістер кірді.
1991
жылдың тамызында банк шұғыл
түрде қосымша капитал
1991 жылы банк екі негізгі бағытты белгіледі, олар банктік желілерді құру және жарғылық қорды ұлғайту мақсатында акционерлерді жұмылдыру болды. Бұл енгізулер жарғылық қордың 35 млн рубльге жетуіне ықпалын тигізді. Осы бағыттың арқасында 1991 жылдың соңында банк алдыңғы қатарлы қаржы мекемелерінің санына енді.
1992
жылдың 21 сәуірінде банк банктік
операцияларды ұлттық валютада
жүргізу туралы Қазақстан
1993
жылдың қараша айында
1996
жылы екінші деңгейдегі
(HEAD-OFFICE)
Бас офис банктің стратегиясын
және қызметтердің дамуының
(BACK-OFFICE) Бэк-офис жаңа банктік өнімдердің енгізілуімен және олардың сапаларын жақсартумен айналысады.
(FRONT-OFFICE)
Фронт-офис құрылымы банктік
1996 жылдың маусымында банк Орта Азия және Қазақстан аймақтары бойынша «Western Union» ақша аудару жүйесінің жалғыз өкілі болып табылады. 1997 жылдың маусымында банктің басқармасымен 1997-2000 жылдарға стратегиялық даму жоспары өңделді.