- Маусымдық
несие — жабдықтаушының қаржыландыру
уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы
уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы
өндірушілеріне егін салып, одан табыс
алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында
беріледі.
- Лизингтік
несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды
және техниканы жалға алумен байланысты
берілетін несие.
- Сенім несиесі —
банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті
жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін
несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз
беріледі.
- Консорциалдық
несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында
банктердін өзара қосылып беретін несиелері.
Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды
несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен
асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
- Инвестициялық
несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті
қайта құруға және кенейтуге арналған
ұзақ мерзімді несие.
- Инновациялық
несие— банк клиентгерінінөндіріске
озық технологияларды немесе нау-хауды
игеруімен байланысты берілетін ұзақ
мерзімді несие.
- Вексельдік
несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында
берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай
вексельдерді банктер шағарады және олардың
номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың
бағасы жай банктік несиеге қарағанда
біршама арзан.
- Рамбурстық
несие—шикізаттарды ішке алып кіру және
жартылай фабрикат және дайын өнімдерді
сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын
несие.
- Контокорренттік
несие — клиенттің барлық түсімдері мен
төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай
ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің
тұрақты клиенттеріне банктің беретін
несиесі.
- Ломбардтық
несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар
мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды,
бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала
отырып, қысқа мерзімге несие берушінің
қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
- Форфейтингтік
несие—сыртқы сауда операцияларында
қолданылатын коммерциялық вексельді
сатып алу жолымен экспортерлерді немесе
сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі)
несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан
(сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің
(сатып алушының) берген ақшалайміндеттемесін
(векселін) сатып алуы аркылы экспортердің
сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай
төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы)
форфейтордың көрсеткен міндеттемесі
бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді.
Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк
экспортерден пайыз ұстап қалады.
- Факторингтік
несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентініңжабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметгері үшін
төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын)
банкке сатумен байланысты несиелік операция.
- Экспорттық
несие — экспорты колдау құралы ретінде
өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында
сатып алушыға немесе оның банкіне берген
несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер
тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды.
Банктік экспорттық несие банктен шетелдік
сатып алушыларға тікелей беріледі.
- Несиелік
желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі
бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие
беріп отыруға несиелік мекеменің оған
берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
VIII. Несиелеу
объектісіне қарай:
- меншікті
айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық
запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық
қызметке байланысты тауарларды экспорттау
мен импорттауға;
- азаматтардың
жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық,
кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар
және демалыс үйлерінің кірістері мен
шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды
қаржыландыруға;
- тез әтелетін
тиімділігі жоғары шараларға.
Несиенің
қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның
атқаратын қызметтерімен сипатталады.
Жалпы несие экономикалық категория ретінде
төмендегідей қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын
үнемдеу;
- айналыстағы
нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың
шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету.
Несиенің
қайта бөлу қызметі, кез келген елдің
ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс
жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл
қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің
бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің,
қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы
қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе,
ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал
ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің
айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің
іс жүзіне асуы несиенің экономикалық
мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі
ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы
арасындағы уақытша болатын алшақтық
кей жағдайларда қаржылай ресурстарға
деген қажеттілікті туындатады. Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз
алушылардың барлық категориялары өздерінің
меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің
орнын толтыру үшін несиені пайдаланады.
Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз
етіп қана қоймай, айналыс шығындарын
үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі
қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты
ақшалардың орнын уақытша алмастыруы.
Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай
орын алмастыруға толық мүмкіндік бар.
Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек
қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты
ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің
бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер,
вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен
жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі
арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен
қатар, айналыстағы ақша массасына жене
телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың
шоғырлану процесі қызметі экономиканың
тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды
болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын
ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік
береді.
Несиенің
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету
қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың
қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген
ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік
қаржыландыруда отырғандардан басқалары)
жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ
несие өндіріске ғылыми технологияларды
жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет
болып табылады. Себебі, ондай шығындар
бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен,
оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін,
несиелері есебінен қаржыландырылады.