Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 14:18, реферат
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие мәні
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін
білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қат
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен
қатар, несие мен қаржы категорияларын
бір санайтындар да аз емес, несие —
бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын,
яғни қаражаттың уақытша берілуін және
уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса,
ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын
бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, суб
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.
Экономикалық
категория ретінде, несие — кәс
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымшақаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несие нысандары, олардың жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексельқолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
VII. Берілу шартына қарай:
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.