Несиелік портфельді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.

Содержание

Кіріспе 3
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері 3
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы 3
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару. 13
Қорытынды 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

Работа содержит 1 файл

Несиелік портфельді басқару.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

Тағы да бір айта кететін жағдай, республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық- экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың  тапшылығына, осы саладағы мамандардың  білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банктердің үлесі бар компаниялар лизингтік қызметтерді ұсынады. Ал жеткілікті потециалы, күші бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингтік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

Тағы да осыған қоса айта кететіні – бұл лизингтің біздің елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын лизингтік мәмілелерінің келесі формаларын қолдануын ұсыныс ретінде қарастыруға балады:

9. Рамбурстық  несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Нарықтық қатынастарға өту кезінде несиелік қатынастар саласындағы ерекшеліктер мен нарық секторының айырмашылығында банк қызметтерінің бірлесу қажеттілігі пайда болды. Бірлесу мақсаттары ірі жобаларды қаржыландырумен, банк операциялары бойынша тәуекелдерді қысқартумен, бір баніктің күші келмейтін міндеттерді шешумен байланысты.

 

1.2. Банктің несиелік  портфелін басқару.

Несиелік  портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар:

  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету  және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті  жақсарту үшін пайдаланылатын басты  тәсіл. Осы тәсіл негізінде банктер:

  1. Кез келген тәуекел түрлерін шоғырландыру үшін төлем қабілет зиянынан бас тартуды жүзеге асырады.
  2. Тұрақты пайданы қамтамасыз ету және шоғырландыруды қысқарту мақсатымен несиелік портфельді әртараптандыруды жүзеге асырады.

Несиелік портфельді басқару – бұл несиелік портфельдің барлық тәуекелдігін тежеу және баланстау, сонымен қатар тәуекелдерді басқару болып табылады.

Несиелік портфельді қалыптастыру және басқару – банк қызметіндегі негізгі мезет болып  табылады. Оңтайлы және сапалы несиелік портфель банктің өтімділігі мен сенімділігіне әсер етеді. Банктің сенімділігі акционерлер, кәсіпорындар, халық, яғни банктің салымшысы және банк қызметін пайдаланушы үшін өте маңызды болып табылады.

Оңтайлы несиелік портфельді құру үшін банк өзіне маңызды және сәйкес несиелік саясат құру керек, яғни нарықтық сараланымды дұрыс таңдау және қызмет құрылымын анықтау болып табылыды. Сонымен қатар несиелік портфельдің сапасына көңіл аудару керек. Сапасыз несиелік портфель, несиелік саясаттың бұзылуымен берілген несиелер, сенімсіз қарыз алушыларға несие беру банктің тұрақсыз қаржылық себебі болуы мүмкін. Несиелік портфельді басқаруда актив және пассив мерзімін басқару жүйесінің өзгеруі маңызды болып табылыды.

Несиелік портфельді басқарудың ең маңызды элементі –  несиелік саясат болып табылады. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді.

Несиелік саясат –  банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру  негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

       Тар мағынада, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің  несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына  сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті  құжаттар жүйесін жасау шарттарын  білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай  сипатта болуға тиіс:

    • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің  стратегиясын, оның тәуекелді басқару  облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

  • несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
    • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс - әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің  міндеттерін анықтау үшін қажет. Сонымен қатар несиелік саясат банк қызметкерлерінің несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақтарды шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Несиелік саясаттың  маңызды элементі банктегі бақылауды  ұйымдастыру болып табылады (потенциалды  қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау  жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялақ мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операциаларды атқаруына мүмкіндік беретінбанктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік саясат несиелік портфель үшін мынандай көрсеткіштер белгілейді:

1. Банктің қандай ресурс  үлесі несиені беру үшін қолдануы  мүмкіндігін;

2. Несиенің қандай  тұрпаты берілуі мүмкіндігін;

  1. Берілген несие тұрпаты қандай несие портфелінің құрылымын құру мүмкіндігін;
  2. Жеке салалар мен қарыз алушылар бойынша несиені шоғырландыру мүмкіндігін;
  3. Бизнестің негізгі географиялық аймағын анықтау мүмкіндігін;
  4. Несиені алу үшін қажетті лимитті бекіту мүмкіндігін.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін  тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттары көзделген мақсаттарға сай белгілеуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірбиесіндегі  несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметтердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байлансты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелей шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз  алушылардың негізгі қызметіне  байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды  немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен  банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен  нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

  • Несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсіп дамуы қаржы мекемелерінің қызметтерімен тығыз байланысты болып отыр. Өйткені экономикадағы қаржы секторының дамуы негізінен экономиканың өндіріс секторларын ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпкерлер және кәсіпорындар банктің несиесінсіз өз қызметтерін толығымен дұрыс жолға қоя алмайды. Оларда әр уақытта ақша қаражатына деген қажеттілік туып отырады. Ол қажеттілікті банк несиесі арқылы қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Қорыта келе біз банктің несиелік портфелін және оның сапасын бағалауда банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымын, банктің несиелік портфелін басқаруды, банктің несиелік портфелін бағалауды, банктің несиелеу тәртібін, проблемалық несиелермен банктердің жұмысын және несиелік тәуекелдерді басқару әдістерін қарастырдық.

Бітіру жұмысын   зерттей отырып мынадай түйіндерге келдік:

1.Несиелік портфель дегеніміз  – бұл белгілі критерийлер  бойынша жіктелінген және берілген  несиелердің сапасы мен құрылымының  сипаттамасы. 

2.Несиелік портфельді басқару  – бұл банк қабылдауға дайын  болып  отырған тәуекел түрлерінің  барлығын айқындауды және олардың  ең жоғарғы жететін деңгейін  анықтауды талап ететін жоғарғы  жетекшілер қызметі  болып  табылады.

3.Банктің несиелеу тәртібі несиелеу механізмі арқылы  жүзеге   асырылады. Несиелеу механізмі – бұл несиенің берілу мен қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

4.Банктің несиелік портфелін  бағалау банктің несиелік  портфелінің құрылымы, экономика салалары бойынша берілген банк несиесі және мерзімі бойынша  берілген   несиелер негізінде жүзеге асырылады. Жалпы несиелік портфельдің құрылымына байланысты стандартты несиелер көбейді, ал үмітсіз несиелер азайды.

5.Проблемалық несиелер дегеніміз  – бұл кез келген мерзімі  кешіктірілген, банк алдында қарыз  алушының қандай да міндеттемелерін  орындамау факторлары тіркеледі,  банк үшін қарыз туғызатын  несиелер деп. көрсетіледі.

6.Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі әдістері:

-диверсификация;

-лимиттер жүйесі;

-өзін-өзі сақтандыру;

-сақтандыру;

-сапаны басқару.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. “Қаржы лизингі” туралы ҚР  заңы. 05.07.2000жыл

2. Коммерциялық банктер операциялары / С.Б.Мақыш. – Алматы: “ИздатМаркет”, 2004.

3. Ақша айналысы және несие / С.Б.Мақыш. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2000.

Информация о работе Несиелік портфельді басқару