Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.
Кіріспе 3
1.Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері 3
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы 3
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару. 13
Қорытынды 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18
Қазақстандық Ипотекалық
Компаниясының жұмысының
Ипотекалық несиенің негізгі проблемасы болып – ипотекалық несиелендіруге қаражат тартуы табылады. Оның шешілуіне тұрғын үй несиелендіру жүйесінің дамуы байланысты болады.
Осыған байланысты қаражаттарға ішкі нарықтан Қазақстандық Ипотекалық компаниясымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығару арқылы тарту болып табылады. Ал негізгі отандық институционалдық инвесторлары – жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары болып табылады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін, шешілуге қажетті проблемалар:
Бұл проблемалардың жиынтығын шешуі ипотекалық несиелендірудің көлемін өсіруге мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар ипотекалық
несиені сақтандыру жүйесін құру
арқылы да бұл несиені алатын халықтың
санын өсіруге себебін
Ипотекалық несие – бұл массалық өнім емес, ол тек қана орта табыс алатын азаматтарға тиесілі болу қажет.
3.Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Бүгінгі күнге овердрафт – клиенттердің бөлек категориялары үшін несиелендірудің перспективті формасы болып табылады.
Овердрафттың мақсаты – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі кезінде пайда болған төлем қабілетсіздікті жою.
Овердрафт түріндегі несиелік шығындар көлемінің есеп айырысу шотына түскен қаражаттарға қарағанда уақытша жоғарлауы кезінде есеп айырысуларды уақытылы жүргізуге мүмкіндігін береді, сондай-ақ бұл несие клиенттердің ақшалай қаражат түріндегі уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беріледі, оның ішінде айнымалы қаражаттарды толықтыруға (тауарлы-материалды құндылықтарды алу, тауарлар запастарын құру), жалақы төлеуге, бюджетке міндетті төлемдер, басқа да өндірістік шығындарға бағытталады.
Қазіргі кезде овердрафтты тәжірибеде қолданған кезде алдымен заңи проблемаларды реттеу керек. Нәтижесінде коммерциалық банктер бақылау органдарымен келіспеушілікке түспей, сондай-ақ айыппұлдарды төлемей овердрафт несиесін клиенттеріне бере алады.
4.Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. Овернайт несиесінің басты бір ерекшелігі өзінің атына байланысты бір түнге ғана беріледі. Бұл несиенің банктер көбіне аяқ асты қаржылық қиындықта туындай қалған жағдайларда алады.
5.Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Онкольдық несие келесідей жолмен жүзеге асырылады. Банк бағалы қағаздарды немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, қарыз алушыға арнайы ағымдық шот ашады. Қамтамасыз етілген несие шегінде банк кәсіпорынның барлық шоттарын төлейді. Несиенің өтелуі банктің алғашқы талабы бойынша қарыз алушының қаражаты есебінде төленеді. Қарыз алушыны алдын-ала, яғни 2-7 күн ішінде ескерте отырып, онкольдық несие өтеледі. Мерзімді несиеге қарағанда онкольдық несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен. Онкольдық несие қайтару мерзімі және қамтамасыз ету сапасына байланысты банктің актив бабындағы кассадағы қолма-қол ақшадан кейінгі өтімді бап болып табылады.
6.Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Банкаралық несиенің ролі мен орны коммерциялық банктердің тарихи қалыптасқан функцияларымен анықталады:
Жалпы банкаралық несиенің несиелік қатынастар жүйесіндегі орны ерекше, сондай-ақ банктік жүйенің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Кәзіргі банктік жүйеге сәйкес банкаралық несиенің екі деңгейі бар. Біріншісі, Ұлттық Банк пен коммерциялық банктер арасындағы және екіншісі, коммерциялық банктер арасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Сондықтан да банктік жүйенің тұрақты болуының міндетті шарты – банкаралық несиенің бірқалыпты қызмет етуі болып табылады.
Банкаралық несиенің несие мультипликациясының жеделдету ерекшелігі, керісінше, банкаралық ссудалардың берілу мерзімін қысқа және тым қысқа мерзімді етеді, ал бұл өз кезегінде банктік жүйенің банкаралық несиен нарығының тұрақтылығына тәуелділігін күшейтеді.
Қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік ресурстарды қайта бөлу ерекшелігі – банкаралық несие балансталмаған өтімділік тәуекелін төмендету және банк-қарыз алушының төлем қабілеттілігінің жоғарлауы арқылы көрінеді. Сонымен банкаралық несие банктің ағымдағы төлемділік позициясын және өтімділігін бір қалыпты ұстап тұрудағы қаражаттардың жедел қайнар көзі болып табылады.
Егер банк банкаралық несиелер нарығында кредитор ретінде шықса, банк әдеттегідей қарыз алушыға баға береді және несиенің қамтамасыз етілуін қарастырады.
Несиелендіру үш бір-бірімен байланысқан бағыттары бойынша қабылданған шешіммен байланысты болады:
Банк-қарыз алушының бағасы келесі бағалардан құрылады:
Банкаралық несиелендіру негізінен қысқа мерзімді болып келеді, сондай-ақ келісім шартты жасау мерзіміне үлкен талаптарды қояды. Осыған байланысты банкаралық несиелендіру келісім шарты өзара корреспонденттік қатынастары бар банктер арасында жасалады.
7. Ломбардтық несие – екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге ала отырып, Ұлттық банктен берілетін банктік несиенің бір түрі болып табылады.
Ломбардтық несие Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы бірден бір маңызды құралдардың біріне жатады. Ломбардтық несие келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Ломбардтық несиенің валютасына теңге жатады.
Ломбардтық несиелер Ұлттық банктен банктік операцияларды жүргізуге алған рұқсат қағазы бар, активінде мемлекеттің бағалы қағаздары болатын кез келген резидент банктерге беріледі.
Ломбардтық несиеге деген сұраныс Ұлттық банктің бір айлық белгілеген шегі негізінде қанағаттандырылады. Ломбардтық несие екінші деңгейлі банктерге 28 күнге жуық мерзімге ғана беріледі. Ломбардтық несиені өтеу мерзімі мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу мерзімінен 10 күн бұрын болуға тиіс. Сатып алынған ломбардтық несиені банктер өздерінің қалаулары бойынша пайдалана алады.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
“Лизинг ” термині ағылшын “to lease ” сөзінен аударғанда – “жалға беру” дегенді білдіреді. Ал лизингтің жалға беруден, яғни “арендадан” айырмасшылығы:
1)Қатысушы субъектілеріне
Лизинг дегеніміз – лизингтік фирмалармен жүзеге асырылатын машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мермезімге жалға алуды білдіріп, тауарға меншік құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше әдісі болып табылады.
Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылдаған “Қаржылық лизинг туралы” заңға сәйкес жүргізіліп реттеледі.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизинг беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизинг алушы – лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.
Лизинг беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады.Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтағы мағынасын арттырады.
Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық несиеге жақын. Комерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге, қайтадан, лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.
Сонымен, қаржылық лизинг
банктік несиелеудің балама түрі
болып табылатын күрделі
Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады.
1) лизинг көмегімен
кепілге беретін мүлкі жоқ
ұсақ кәсіпорындарды
2) лизинг 100%-ға дейін неселеуді
ұсынады, яғни ірі қаржылық
ресурстары жинақтамай-ақ жаңа
өндірісті ұйымдастыруға
3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан босатылады. Яғни ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім шартында көрсетілгендей сәйкес төлемдерін жүргізеді ;
5) Банк мекемесі лизинг бойынша
көрсеткен қызметі үшін белгіл
бір мөлшерде комессиондық
Ал кемшіліктеріне :
3) лизинг құны несиеге
қарағанда жоғары, бірақта ескірген
құрал-жабдықтан туындайтын
Жалпы лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.
Қазіргі кезде, Қазақстанда лизинг 4 жолмен дамып отыр:
1.Аймақтың көтерме–делдал фирмалар мен Қазақстан келісім–шарт корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын жалға берумен айналысатын кәсіпорындар мен пунктер; (Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік компаниялардың арасында “Лизинг-центр” ЖШС, “Жалын-лизинг” ЖАҚ, “Спутник” ЖШС, “Казтехлизинг”, “Инвестлизинг” ААҚ, “Астана-инвест” ААҚ, “Агро-лизинг” ЖАҚ сияқты компанияларды ерекше айтып кетуге болады. Сонымен қатар, “БТА-лизинг”, “Валют-транзит Банк”, “АТФ банк”, “Тексака банк”, “Лариба банк” банктерінде лизингтік қызметтерді ұсынады.)